ДӘРІСТЕР
2016-2017 оқу жылы
Оқытушы: Лиясова Айгуль Амангельдиевна
№1 дәріс
Психология ғылымының жалпы мәселері. Психология пәні және оның әдістері, негізгі салалары, даму тарихы.
Жоспар
1. Психология ғылым ретінде дамуы
2. Адам және адамзат туралы ғылым
3. Психологиялық зерттеулердің негізгі әдістері
4. Психологияның даму тарихы
Психология герк сөзінен аударғанда "жан туалы ғылым", ал "психолдогия" термині қолданысқа алғаш рет XVIғ енеді. Алғашқыда ол ерекше ғылым ретінде "жанды" немесе психикалық болмысты әрбір адам өзін бақылау нәтижесінде анықтап отыруға қолданса, кейінен XVII-XIXғғ. Психология - бұл психика және психикалық құбылыстар туралы ғылым болды.
Психикалық құбылыстар үшке бөлінді:
1.Психикалық процестер.
2.Психикалық ерекшеліктер.
3.Психикалық күй.
Сонымен жалпы психология – психика дамуының жалпы заңдылықтарын, зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми негіздерінің қалыптасу жүйесін зерттейді. Психика жоғары дәрежеде ұйымдасқан материяның нақты формасының қызметін, әрекет тәсілін бейнелейді, адам психологисын жаңғырту арқылы пайда болады.
Сонымен қатар қазіргі заман ғылымында адам және адамзат туралы ғылымдар дамуына тоқталар болсақ.
Олар:
1-ші. Биологиялық түрдің өкілі ретінде.
2-ші. Қоғам мүшесі ретінде.
3-ші. Адамның пәндік қызметті зерттеледі.
4-ші. Нақты адамның даму заңдылықтары зерттеледі.
- Адамды биологиялық түр ретінде бағытты түр ретінде зерттеу Карл Линнейдің еңбектерінен басталады, ол адамды приматтар отрядындағы Homo sapiens жеке түрі ретінде бөліп көрсетеді. Осылайша, алғашқы рет адамны тірі табиғаттағы орны анықталады. Бірақ бұл адамға деген қызығушылық бұған дейін болмады деген сөз емес. Адамды ғылыми тұрғыдан тану натурофилософиядан, тіршіліктанудан және медицинадан бастау алады. Ерекше биологиялық түр ретінде адам туралы арнайы ғылым – антропология деп аталады. Антропологияның құрлымы үш негізгі бөлімнен тұрады: адам морфологиясы (физикалық типтің жеке өзгергіштігін, жас ерекшелігін – бала кезден кәрілікке дейін, жыныстық диморфизімді қоса, өмір мен қызметтің өзгеруіне қарай адамның физикалық дамуының өзгеруін зерттейді), антропогенез жайлы зерттеуден ( ширек езеңде адамның жақын аталары мен адам табиғатының өзгеруі), ол приматтарды тану, адамның эволюциялық анотомиясы және палеоантропология ( адамның қалдық түрлерін зерттейді) және нәсіл танудан тұрады.
- Ананевтің пікірінше, адамзат (адамзат қоғамы) жайлы ғылым жүйесіне қоғамның өндірістік күші жайлы, адамзаттың қоныстануы мен құрамы жайлы, өндірістік қоғамдық қатынастар жайлы мәдениет, өнер жайлы ғылымдар және ғылымның өзін танымдық жүйе ретінде қоғамның әр түрлі даму кезеңдеріндегі формалары жайлы ғылымдар енеді.
- Зерттеу пәні нақты адам болатын ғылымдарда бар. Бұған жеке организімнің даму процесі онтогенез жайлы ғылымды жатқызуға болады. Осы бағытта адамның жас, жыныстық, конститцуциионалдық және нейродинамикалық ерекшеліктері зерттеледі. Бұдан бөлек тұлға және оның өмірі жайлы психология ғылымы да бар, олардың аясында адам іс-әрекетінің мотиві, дүниеге көзқарас және құндылық бағдары, қоршаған ортамен байланысты зерттеледі.
- Адамды зерттейтін ғылымдар немсе ғылыми бағыттар бір-бірімен тығыз байланысты, олар біріге отырып, адам және адамзат қоғамы жайлы бүтіндей көрініс береді. Алайда қай бағытты алып қарасақ та, оларда психологияның әр түрлі тараулары келтірілген. Бұл кездейсоқ емес, өйткені психологияның зерттейтін құбылыстары биоәлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның іс-әрекетін анықтайды.
Осылайша, адам – көпқырлы құбылыс. Оны зерттеу бүтіндей жүйелі әдіснамалық сипатқа ие болуы керек. Сондықтан да адамды зерттеудегі ең негізгі әдіснамалық тұжырым – жүйелі көзқарас тұжырымы.
Психологияның басқа ғылымдар сияқты өз әдістері бар. Ғылыми зерттеулердің әдістері – практикалық ұсыныстарды шығару және ғылыми теория құру үшін керекті мәліметтер алынатын тәсілдер мен құралдар. Әрбір ғылымның дамуы, көбнесе пайдаланатын әдістердің жетілгендігіне және олардың қаншалықты сенімді екендігіне байланысты. Мұның барлығы психологияға да қатысты.
Психология зерттейтін құбылыстардың күрделілігі мен көптүрлілігі ғылыми танымға соншалықты, психология ғылымының жетістіктері тек осы әдістерге байланысты болған. Психология жеке ғылым ретінде тек XIX ғ, ортасында бөлінеді, сондықтан ол философия математика, физика, физиология, медицина, биология және тарих сияқты «ескі» ғылымдардың әдістеріне сүйенеді. Сонымен қатар психология және кибернетика секілді жас ғылымдардың әдістерін пайдаланады.
Кез келген дербес ғылымның өзіне тән әдістері бар екенін атау керек. Ондай әдістер психология да бар. Олардың барлығы екі негізгі топқа бөлінеді: субъективті және объективті.
Субъективті: Бақылау - Өзінің бақылау, сыртқы, еркін, стандартты қосылған. Сауал – Ауызша, жазбаша, еркін стандартты. Тест - Сауалнама – тет, тапсырма – тест.
Объективті: Тесттер – Объективті, жобалы. Эксперимент - табиғи, зертханалық. Модельдеу: Техникалық, математикалық, кибернетикалық, логикалық.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында атақты психолог Г.Эббингауз психология тарихына қысқаша және нақты анықтама берген. Ол психология ғылымының зерттеу пәні бойынша психикалық құбылыстардың тарихи даму процестерін қарастырды. Осы көзқарас бойынша психология тарихын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |