Заттардың уытты әсерлерінің физико-химиялық қасиеттеріне тәуелділігі. Химиялық заттардың әсерлерінің айырмашылығы олардың молекулаларының химиялық құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Заттың құрылысы мен олардың организмге әсері арасындағы байланыс жайындағы өте бай, дәлелді материалдар, заттардың химиялық құрылысына байланысты. Олардың биологиялық әсерінің күші мен сипатын алдын-ала білуге мүмкіндік беретін жалғыз жүйе құруға бірнеше дүркін оқтандырады. Заттың биологиялық әсері оның тек химиялық құрылымына ғана байланысты емес, сонымен қатар, физикохимиялық қасиетіне де байланысты. Заттардың уыттылығының физикалық- химиялық қасиеттерге тәуелділігі заттардың молекулалық құрылысы, олардың әртүрлі химиялық реакцияларға түсу қабілеттілігін анықтаумен қатар, затты физикохимиялық тұрғыдан сипаттайтыны көрсетілген. Биологиялық әсер, аталған затпен организмдегі белгілі бір химиялық субстрат арасында химиялық реакциялармен түсіндірілуі мүмкін. Сонымен қатар, биологиялық белсенділікке заттың физико-химиялық қасиеті тікелей және химиялық белсенділіктің өзгеруі арқылы әсер етуі мүмкін.Заттың құрылысы мен оның әсері арасындағы ең көп зияндылықтар органикалық заттар, әсіресе электролит емес заттар арасында байқалған.
Токсикометрия – яғни, «уыттылық әсерді өлшеу» алғаш рет 1930шы жылдары Н.С.Правдин ұсынды және ол уларға сандық сипаттама береді.
Жаңа өнеркәсіптік заттарға токсикологиялық баға беру және гигиеналық реттеу — ШРЕК-ны бекіту. Қазіргі уақытта жұмыс аймағы ауасындағы 800-ден астам химиялық заттарға ШРЕК бекітілді. Бұл нормалар өнеркәсіптік өндірістерді жобалауда басты дерек болып саналса, өнеркәсіпте санитарлық дәрігер үшін ағымды санитарлық қадағалауда заңды негіз болып есептелінеді. Біздің елімізде гигиеналық реттеу мақсатымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулер принципі бір жүйеге келтірілген, оған сәйкес эксперимент – бұл тек бір ғана заттың әсерін зерттеуге мүмкіндік тудыратын өндірістік жағдайдың үлгісі болып табылады.
Өндірістік жағдайларда организмге бірнеше химиялық және физикалық факторлардың әсер етуі – қосарланып әсер ету орын алады. Осыған байланысты өнеркәсіптік токсикологияның келесі міндеті туындайды ол: өндірістік ортаның бірнеше факторларының сонымен қатар бірнеше уытты заттардың организмге қосар әсерін реттеу.
Удың әсер ету механизмін, интоксикация патогенезін, удың организмге сіңірілуін (түсуін), таралуын, өзгерістерге ұшырауын және организмнен шығарылуын токсикологиялық зерттеу. Бұл мамандарды медициналық тексерулерді дұрыс жүргізіп, интоксикация белгілерін ерте анықтауға, емдеу және профилактикалық шараларды тиімді де сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Өнеркәсіптік заттардың әртүрлі мүшелер мен жүйелерге тигізетін арнайы әсерлерін зерттеу. Мұндай арнайы әсерлерге сенсибилизациялық (Ni,Cr,Be), бластомогендік әсерлер және ұрпақ көбейту қызметіне әсер ету жатады. Соңғысына гонадотропты және мутагенді әсерлер кіреді.
Кешенді әсерлердің теориялық мәселелерін шешіп, тәжірибе жүзінде, адамға тек жұмыста ғана емес, сонымен қатар жұмыстан тыс уақыттарда әсерін тигізетін, қоршаған ортадағы зиянды заттардың шектеулі көлемін гигиеналық реттеуді енгізу.
Өнеркәсіптік токсикологияда әр түрдің уларға сезімталдығы айырмашылықтарына ерекше көңіл бөлінеді, сондықтан, эксперимент жүзінде алынған нәтижелерді адамдарға бейімдеу, яғни экстраполяцияның ғылыми негіздерін әзірлеу аса маңызды мәселе болып табылады.
Адам организмінің әртүрлі химиялық агенттер әсеріне реакциясы, жануарларға жасалған эксперименттерден алынған көрсеткіштерден сапалық, күш жағынан айырмашылықта болуы мүмкін. Заттардың уыттылық көрсеткіштері тек қана удың қасиетіне байланысты емес. Сонымен қатар адамдардың жыныстық ерекшеліктеріне және жеке бас сезімталдығына байланысты. Сонымен қатар уға сезімталдықтың түрлік ерешеліктерінің маңызы өте зор.