1 Еңбек гигиенасының әні,мазмұны мен міндеттері


)Химиялық заттардың әсерін болдырмаудың медициналық және кәсіби шаралары



бет15/20
Дата21.02.2023
өлшемі55,06 Kb.
#69709
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
санитария 1-34асс

26)Химиялық заттардың әсерін болдырмаудың медициналық және кәсіби шаралары


Химиялық заттарды жоғары Т көмегімен тазартқыш заттармен және дезинфекциямен ауыстыруға болады, олардың тиімділігі бірдей және арзанырақ. 2. Қорғаныс киімдері терінің улы заттармен байланысын азайтады. Маскалар мен респираторлар улы шаң мен аэрозольден белгілі бір қорғаныс деңгейін қамтамасыз етеді. 3. Дезинфекциялық ерітінділерді дайындау арнайы үй-жайларда жүзеге асырылуы тиіс. 4. Әдістемелік ұсыныстарды зерделеу. 5. Қол терісіне мұқият күтім жасау керек.

27)Өндірістік химикаттардың параметрлерін гигиеналық нормалау Сани нормалартарлық


Гигиеналық зерттеулер жүргізу процесінде технологиялық процесс және қолданылатын жабдық егжей-тегжейлі зерделенеді, жұмысшылардың зиянды заттармен жанасу ұзақтығын және жеке қорғаныс құралдарын пайдалануды ескере отырып, жұмыс аймағының ауасының жай-күйі мен ілеспе өндірістік факторлар талданады; қызметкерлер кәсіптерінің физиологиялық-гигиеналық сипаттамасы (жұмыс күнінің хронометражы, еңбек ауырлығы мен қауырттылығының дәрежесі және т.б.) келтіріледі.

28)Өндірістік улар туралы жалпы сипаттама


Өндірістік у — белгілі бір жағдайларда (мысалы жұмыс аумағы ауасы үшін шекті-рауалы концентрациясынан асып кеткен жағдайда), кәсіпорын қызметкерлерінің улануын туындатуы мүмкін,өндірістің бастапқы аралық, жанамалы немесе соңғы өнімі болып саналатын у. Химиялық заттардың жұмысшыларға әсері түрлі кәсіптік салада жұмыс жасау кезінде табиғи шикізатты өңдеу және алу, өндірістік өнімдерді дайындау мен тасымалдауда, транспортта жұмыс жасау барысында, ауылшаруашылығында және басқа да еңбек ету аясында байқалады. Әсіресе түрлі қоспалармен жұмыс жасау химиялық өндірісте байқалады,шикізат өнімдері,аралық қосылыстар жүмысшылардың денсаулығына зиянды әсерін тигізбей қоймайды. Бірақ өндірістің кейбір салаларында,тау-кен,машина жасау,мұнай,жеңіл өнеркәсіпте т.б өндірістік алқаптарда да жұмыс жасау барысында,белгілі бір химиялық өңдеуден химиялық заттар бөлінеді.Олар адам ағзасына енуімен бірге тері қабатын зақымдап, кәсіптік улану туғызуы мүмкін. Қазірде 7 млн.астам химиялық заттан түрі мәлім. Оның 600 мыңдайы ғана кең көлемде қолданыста. Халықаралық нарықта жыл сайын 500-ден 1000-ға дейін жаңа химиялық қоспалар мен қосылыстардың түрлері шығарылуда.Еңбек ету барысында адам ағзасына әсер етіп,оның жұмыс жасау қабілетін төмендететін немесе денсаулығына нұқсан келтіретінхимиялық заттардың қатарына өндірістік немесе кәсіптік улану жатады. Олар өндірістік улану немесе токсиндік заттар,яғни,токсиканттар деп аталады. «Өндірістік улану» ұғымына да кең мағынада жұмсалатын термин «зиянды зат» ұғымы. Зиянды заттар құрамында улар да, фиброгенді негіздегі аэрозолдар да кездеседі.
Өндірістік улар қатарына көп жағдайда,шикізаттық,аралық және өндірістің қалдық өнімдері жатады, сондай-ақ қоспалар, қосалқы заттар да өндірістік улар қатарына жатқызылады. Мысалы, химиялық зауыттарда шикізат ретінде бензол, күкірт көміртегі, анилин, хлор және басқа да улы заттарды қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет