3)Еңбек гигиенасының басқа ғылыми пәндермен байланысы Еңбек гигиенасы кәсіптік патологиямен, сондай-ақ теориялық және клиникалық пәндермен (аналитикалық химиямен, физикамен, физиологиямен, неврологиямен, дерматологиямен, оториноларингологиямен және т.б.) тығыз байланысты.
4)Кәсіби зияндар туралы түсінік
Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел.
Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан,шу,діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), алрадиоактивті
препараттарменжұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Мал шарушылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, сарып, туляремия ауруын жұқтырып алуы мүмкін. Кәсіптік зиянды әсерлер тек Кәсіби ауруларды ғана емес, басқа аурулардың да пайда болуына әкеліп соқтырады. Жұмыс түріне қарай жұмыс күні мерзімін қысқарту, жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау (15 – 20 мин), техникалық шараларды іске асыру – Кәсіби аурулардың санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет. Кәсіби ауруларға шалдыққандар әлеум. қамсыздандыру тарапынан жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі. Кәсіби аурулар салдарынан уақытша еңбекке жарамсыз адамдарға берілетін жәрдем олардың үздіксіз еңбек стажына қарамастан табысының 100% мөлшерінде төленеді. Кәсіби аурулардан мүгедек болған адамдарға мүгедектік зейнетақы еңбек стажына байланыссыз белгіленеді.
5)Понятие о професиональной болезни
Профессиональное заболевание – это заболевание, которое вызвано названными в перечне профессиональных заболеваний факторами опасности трудовой среды или характером работы. Важным признаком профессионального заболевания является медленный и постепенно прогрессирующий процесс заболевания с хроническим протеканием. Профессиональное заболевание диагностирует врач по гигиене труда, который устанавливает состояние здоровья работника, а также собирает данные о нынешних и предыдущих условиях труда работника и характере его работы.
Достарыңызбен бөлісу: |