Наиболее распространенные группы профессиональных заболеваний: заболевания, связанные с физической перегрузкой
заболевания легких
гипертоническая болезнь, гипертония и ишемическая болезнь
нарушение слуха
профессиональные заболевания кожи
профессиональные заболевания, вызванные химическими факторами опасности трудовой среды.
6.Еңбек гигиенасы, кәсіби гигиена — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Еңбек гигиенасының Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) санитарлық-гигиеналық ф-тінің ашылуымен байланысты (1942). Бұл саладағы жүйелі ғылыми зерттеулер Қазақстан ұА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946). 1950 жылдары а. ш-ндағы Еңбек гигиенасы мәселесімен Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) айналысты. Еңбек гигиенасының негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физика, химия, биология (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т.б.) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-тех. (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т.б.) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т.б. Еңбек гигиенасы физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты. Еңбек гигиенасының тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуын санитарлық-эпидемиология стансалар қадағалап отырады. Сондайақ, санитарлық ережелер, мемлекеттік стандарт (ГОСТ-тар), шектеулі мөлшерде алынған концентрация, т.б. нормативтік құжаттар дайындалады. Қазақстанда Еңбек гигиенасы жөніндегі мәселелермен ҚР Білім және ұылым мин-нің Қарағандыдағы Еңбек физиологиясы және гигиенасы ғыл.-зерт. ин-ты, Батыс Қазақстан (Ақтөбе), Оңтүстік Қазақстан (Шымкент) мемлекеттік медицина академиялары мен Қазақ ұлттық медицина университетінің (Алматы) гигиеналық кафедралары шұғылданады.