1 Еңбек гигиенасының әні,мазмұны мен міндеттері


- ОРГАНИЗМДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ӨЗГЕРУІ



бет7/20
Дата21.02.2023
өлшемі55,06 Kb.
#69709
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
санитария 1-34асс

12- ОРГАНИЗМДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ӨЗГЕРУІ


Улы әсер ететін заттардың, ағзада айналымда болуы, басқа түрге айналуы және ағзадан бөлініп шығуы улардың ағзада өтетін құбылыстарының жиынтығын көрсетеді және улануды жою үрдісінің токсикокинетикасын, яғни заттардың ағза арқылы өту кинетикасын (динамикасын) анықтайды.Химиялық заттардың улылық дәрежесі оның маңызды сипаттамасы болып табылады. Улылық дәрежесі (токсичность) – заттың өмір сүрумен үйлесімсіздігінің өлшемі, орташа өлімге келтіретін дозаның (LD50) немесе концентрацияның (LD50) мәніне кері шама. Удың орташа өлімге келтіретін дозасы (немесе концентрациясы) –әсер еткеннен кейін белгілі бір мерзім ішінде бақылауда болғанда, тәжірибе жүргізілген жануарлардың стандартты тобының 50%-ын өлімге әкелетін удың мөлшері. Улылық дәрежесінің эффектісі, ағза түрінің биологиялық ерекшеліктеріне, жынысына, жасына және жеке сезімталдығына; удың құрылымына және физикохимиялық қасиеттеріне; ағзаға түскен заттың мөлшеріне; сыртқы ортаның факторларына (температура, атмосфералық қысым және басқалары) байланысты.

13- ӨНДІРІСТІК УЛАРДЫҢ ӘРЕКЕТІНІҢ СИПАТЫ


Өнеркәсіптерде қолданылатын химиялық заттардың басым бөлігі организмге зиянды әсерлерін тигізеді. Жұмыс кезінде ауаға бөліну арқылы немесе жұмыс сәтінде тікелей жанасудың барысында бұл заттар адам денсаулығына, өміріне белгілі бір қауіптер туғызады. Химиялық заттардың организмге тигізетін бұл жағымсыз әсерлері уытты қасиеттер деп аталып, ал осындай қасиеттері бар өнеркәсіптерде қолданылатын немесе өндірілетін заттар өнеркәсіптік улар деген атқа ие болады.Зиянды заттардың бөліну көздері мен себептері. Зиянды заттар өнеркәсіптерде пайдаланатын шикізат материалдары, алынатын өнімі, қосымша немесе аралық өнімдері болып табылады. Олар 3 түрлі күйде болады: қатты, сұйық және газ тәріздес. Сондықтан бұл заттардан шаң, бу, газ күйіндегі түзілістері қоршаған ортаны, беткейлерді, ал тікелей жанасқанда жұмысшылардың терілерін ластауы мүмкін.
Уытты шаңдардың түзілу себептері қарапайым шаңдардың түзілуімен бірдей. Олар уату, жағу, булану сәттерінде түзіліп, жұмыс орнының ауасына әртүрлі тесіктер, шаңдататын қондырғылардың саңлаулары арқылы немесе шаңды заттарды ашық түрде тиеу, тасымалдау, түсірунәтижесінде бөлінеді. Өнеркәсіптік заттарды олардың қасиеті мен биологиялық әсері бойынша жіктеудің олардың организмге әсер ету механизімін түсіну жағынан да және олар тудыратын зақымдарға қолданылатын профилактикалық емдеу принциптерін әзірлеу жағынан да маңызы зор. Осы тұрғыдан, емдеуші дәрігер үшін өнеркәсіптік уларды организмге тигізетін әсерінің сипаты бойынша жіктеуді пайдалану өте тиімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет