Қазақ әдебиеттануы — өз арнасы, ұлттық бастаулары бар ғылым саласы. Оның туу, жетілу, қалыптасу кезеңдері арнайы зерттеуді қажет етеді. Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Қирабаев, З.Қабдолов, Т.Кәкішев, З.Ахметов қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірін Қазан төңкерісінен кейін бастауды ұсынған екен.
5.Сөз өнерінің грек-рим әдебиетінде зерттелуі
Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан бес-алты ғасыр бұрын шағып қалаптасқан. Шешендік өнерді ғылыми тілде риторика дейді.Риторика ғылымының негізін салушы грек. Софист Протогор деп есептелінеді. Риторика – сендіре білу, яғни тыңдаушының сана-сезіміне барынша әсер ету, она еркін билеп алу, ақпал ету, иландыру. Шешендік өнер негізінде ақыл-ойға еркіндік кең жерде, халықтық-демократиялық қоғамдарда өсіп, өрендеген. Ежелгі Греция мемлекеті мен Рим республикасында шешендіктің қалаптасып халықтық дәстүрге айналуына, сондай халықтық-демократиялық дәстүрлер себеп болған. Шешендік өнер ежелгі дәуірден белгілі пән. Сөз өнері ескі Грек, Рим мемлекеттерінде пайда болған. Дүние жүзіне әйгілі осы өнердің негізін қалаған Демосфен, Цицерон сияқты әрі саяси қайраткер, әрі әйгілі шешен адамдардың есімімен тығыз байланысты. Көне Грек, Рим шешендік өнері сол тұстың өзінде-ақ ғылым ретінде танылып, теория мен тәжірибеден өтіп шыңдалап келген.
6. Әдебиеттанудағы эпикалық тек және оның түрлері
Әдебиеттің тектері – эпос, лирика, драма;
: көлемді эпикалық шығармада өмір шындығы нақты көркем тұлғаларға жинақталып, олардың өзара қарым-қатынастарынан туған қат-қабат оқиғалар арқылы ашылады
лирикада адамның жеке басына тән көңіл-күйі, нәзік және терең психологиялық тебіреністері суреттеледі;
драмалық шығарма көбіне адамдардың қимыл- әрекетіне, қақтығыстарына, тағдырлар тартысына құрылады.
Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: шағын, орта және кең көлемді.
Достарыңызбен бөлісу: |