1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет4/53
Дата26.07.2023
өлшемі317,81 Kb.
#104830
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет те

Шағын көлемді эпикалық түрге жататын әдеби туындыларда, негізінен, өмір шындығы бір немесе бірер ықшам эпизод мөлшерінде, адам тағдыры бір немесе бірер жинақы оқиға көлемінде ғана көрсетіледі. Оқиғаға қатысатын қаһармандар санаулы, шығарманың көлемі шағын, ықшам. . Мысалы – ежелгі көне дүниеде – миф, одан кейінгі әр тұста – аңыз, е Орта көлемді эпикалық түрге повесть, поэманы жатқызады ртегі, мысал, новелла, әңгіме және т.б. Повесть мазмұнындағы ең өзекті шындық – бас қаһарманның өмірі. Поэма (грекше poiema- туынды) – орта көлемді эпос түрі, өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу.

Кең көлемді эпикалық түрде жазылған шығармаларда адам мен қоғам тіршілігі мейлінше кең қамтылып, алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйеленіп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жан-жақты жинақталады. Роман– композициялық құрылымы күрделі, уақыт жағынан тұтас бір кезеңді қамтитын, қоғам, адам өмірін жан-жақты, қырынан, терең қамтып, саралайтын ең үлкен эпостық жанр.

7.Лирикалық тек, түрлері
Лирика (грекше lyra – ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) – әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бері, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі.
Лирикалық шығарма көлемі жағынан эпосқа қарағанда әлдеқайда ықшам. Сюжетке де көп бара бермейді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, барлық сюжет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лириканың бас қаһарманы – ақынның өзі. Лириканы жалпы поэзияның басқа түрлерінен ажыратып алып, жеке-дара қарау жемісті бола бермейді. Өйткені эпостық шығармаларда лирикалық нәзік сезімдер, көтеріңкі пафос, сондай-ақ лирикалық шығармаларда эпостың элементтері кездесе береді. Сондықтан, лириканы жалаң тексеріп, түр- түрге болудің өзі – шартты нәрсе.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет