1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Абайдың қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалықтары



бет16/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65
17. Абайдың қазақ өлең құрылысына енгізген жаңалықтары

Абай қазақ поэзиясының өлең жүйесін өркендетіп дамытуға орасан зор үлес қосты. Абайдың бұл саладағы еңбегі, өнегесі сөз болғанда көбіне-көп ақынның жаңадан, тыңнан кіргізген дентинніңшумақ, өлшем үлгілері сөз болады. Абайдың жаңашылдығы көзге ұрып, ап-айқын көрініп тұратындықтан оған көбірек назар аударылады, мұның жөні де бар. Дей тұрғанмен Абайдың өлең жүйесін жетілдіру, шыңдауға, өркендетуге жұмсаған еңбегі жекелеген өлшем, өрнектермен шектелмейді. Бұрыннан белгілі 7-7 буынды жыр мен шумақты өлең түрлерін, 11 буынды өлең өлшемін поэзиялық шығармаларында асқан шеберлікпен қолданып, оларды жазбаша поэзияда орнықтыруы да - Абайдың қазақ өлең жүйесін өркендетуге қосқан үлесі. Жыр өлшемін Абай жазба поэзияда, айталық лирикадақаншалықты шебер қолданғанын «Жаз»,«Жаздыкүн шілде болғанда...», «Келдік талай жерге енді...» сияқты өлеңдерінен анық байқаймыз. Ал «Татьяна сөзі» («Тәңрі қосқан жар едің сен...»)секілді өлеңдерінде қолданылатын 7-8 буынды өлшемнің 8 буынды тармағы 4 буынды бунақтардан құралатын нұсқасын немесе «Көзімнің қарасы...» секілді өлеңдегі 6 буынды өлшемді алсақ, бұлардан Абайдың қазақ поэзиясында бұрыннан бар үлгіні өзінше ширатып, көп шумақты лирикалық өлеңде қолдана білгенін айқын көре аламыз. Осы өлшем- өрнектердің қайсысын тілге тиек етсек те, ақынның қазақ өлеңінің ырғақтық байлығын шумақ, тармақ, бунақтық жүйесін жақсы меңгергені, өлеңнің әсем әуезділігін, дыбыстық гармониясын жарасымды келістіретін үлкен талғампаздығы, көркемдік шеберлігі ешбір талас тудырмайды. Абай поэзиясындағы өлең өлшемдері, шумақ өрнектері, ұйқас түрлері жайлы сөз қозғағанда алдымен ескеретін жай - Ұлы ақын бұрыннан белгілі, түрлендіріп, мейлінше мол пайдалану жағынан да осы зор өнегелі іс атқарды. Ал Абайдың қазақ поэзиясына тыңнан қосқан өлшемдерін, шумақ өрнектерін айтсақ, олар жаңашылдық сипаты, қазақ өлең қүрылысын жетілдіру, өрістетудегі мән-мағынасы жағынан айрықша құнды. Абай тыңнан кіргізген өлшемдердің айрықша бір өзгешелігі - көлемі әр түрлі тармақтардың шебер қиюласып келетіндігі. Ал бұл қазақ поэзиясындағы өлең жүйесіне мүлде жаңа және өте маңызды сипат әкеліп қосты, өлең өлшемдерінің түзілу тәсілін толықтырып, байыта түсті. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет