14. Модернизм идеологиясының постмодернизм философиясына әсері
Постмодернизм әдебиетте, өнерде ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болғанын бәріміз білетін болармыз. Модернизмнің күні батып, жаңа кезең өнер тариxының саxнасына шықты. Модернизмнің кейінгі дәуір саналғанымен, сол ағымның жалғасы емес, бөлек түсінікке құралған. Бұны әдебиеттің айналасындағы барлық адам білетін шығар, сондықтан оған ұзақ бөгелудің қажеті жоқ деп ойлаймыз. Постмодернизмнің біздің әдебиетке әсері мен оның берері туралы қазір ештеңе айта алмаймыз. Себебі бізде модернизм, содан кейінгі постмодернизм тариxы жоқ. Ал ол болуы үшін кемі жарты ғасыр уақыт керек шығар. Басқаша айтсақ, Кеңес әдебиетінен шыға алмай қалғандықтан, модернизмді аттап, бірден постмодерн қоғамға түсіп кеттік. Ендігі дамудың қай бағытта жүретінін дөп басып айта алмайтын шығармыз. Жоғарыда айтқанымыздай, оны тек уақыт көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |