1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Қазақ поэзиясындағы ұйқас түрлері



бет2/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
ЭКЗАМЕН ӘТ

2.Қазақ поэзиясындағы ұйқас түрлері

Қазақ әдебиеттану ғылымында ұйқас мәселесі А. Байтұрсыновтан 


бастап  бүгінгі  күнге  дейін  қарастырылып  келеді.  Әсіресе,  зерттеушілер 
Қ. Жұмалиев,  З. Ахметов,  З. Қабдолов  т.б.  еңбектерін  басшылыққа 
алып келеміз. Ғалымдардың келелі ойлары, саралы пікірлері ғылымдағы 
маңыздылығымен құнды.  Зерттеуші,  әдебиет  теоретигі  Қ. Жұмалиев  «сөз  аяқтарының  бірдей  не  бірдейге  жақын  естілушілігін  өлең  ұйқасы  

(рифма)  деп  атайды»  деп  көрсетіп,  толымды  және  толымсыз  

ұйқастарға  мысал  келтіріп,  ұйқастың  негізгі  және  көп  қолданылатындары қара  өлең  ұйқасы,  шұбыртпалы  ұйқас,  ерікті  ұйқас,  кезекті  ұйқас,  шалыс  ұйқас,  егіз  ұйқас,  аралас  ұйқас  деп  ажыратады.  Сондай-ақ, 
аудармаға т.б. байланысты тілімізге өзге ұйқастардың да енуі мүмкін 
дей келе, мысал үшін қаусырмалы ұйқасты (абба) келтіреді. 
Қазақ  әдебиетіндегі  өлең  сөздің  теориясын  арнайы  зерттеген 
ғалым З. Ахметов қазақ өлеңдерін талдай келе, әр ұйқас түріне мысал 
келтіреді.  Жалпы әдебиетте, мектеп оқулықтарында, көбіне 
ұйқастың  сегіз  түрін  атайды.  З. Қабдоловтың  «Сөз  өнері» 
монографиясында да жоғарыда аталған ұйқас түрлері көрсетіледі.  Қазақ  поэзиясындағы  негізгі  ұйқастардың  бірі -егіз  ұйқас.  Аты  айтып  тұрғандай 

 екі  тармақтан  жұптаса  ұйқасады.  Мұндай  ұйқасу  қатар тұрып та, кейде 

ой аяқталмай алшақ тұрып жалғасу арқылы да  жүзеге  асырылады.  

Қазіргі  поэзияда  ерікті  ұйқастарға  көптеп  мысал  келтіруге  болады. 


Аралас ұйқас-жоғарыдағы  аталған  ұйқастардың  бір  шумақ 
бойында  араласып  келуінен  жасалады.  Мәселен,  төрт  тармағы  қара 
өлең  ұйқасы  да,  келесі  екі  не  төрт  тармағы  егіз  ұйқас,  болмаса,  төрт 
тармағы шалыс ұйқас та келесі тармақтары шұбыртпалы болып келуі 
мүмкін. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет