1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Әдебиеттанудың негізгі және жанама салалары



бет3/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
ЭКЗАМЕН ӘТ

3.Әдебиеттанудың негізгі және жанама салалары

Әдебиеттану – сөз өнерін зерттейтін ғылым. Әдебиеттану туралы ғылым, негізінен, үш ғылыми салаға бөлінеді: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны.Әдебиет теориясы көркем әдебиеттің болмысы мен бітімін, әдеби шығарманың сыры мен сипатын, әдеби дамудың мағынасы мен мәнін байыптайды. Әдебиеттің өзіне тән ерекшелігіноның қоғамдық қызметін, көркем шығарманы талдаудың принциптері мен әдістемесін, әдеби жанрлар мен оның түрлерін, өлең жүйелерін, тіл мен стиль, әдеби ағым мен көркемдік әдіс мәселелерін зерттейді.
Әдебиет тарихы жеке алғанда, бір елде, жалпы алғанда, бүкіл адам баласының тарихында көркем әдебиеттің қалай пайда болғанын, қалай қалыптасқанын, қандай жолдармен дамығанын зерттейді., түсінуде әдебиет тарихының атқарар қызметі зор. Әдебиет сыны өз тұсындағы әдебиеттің тірі процесіне араласып, әдеби туындыны жан-жақты талдайды, оның идеялық-көркемдік құнын белгілейді, өз кезінің эстетикасы үшін мәні мен маңызын анықтайды.
Сыншы – қалың оқырманның өскелең талабы мен талғамының жаршысы, әдеби құбылысты жалпы мемлекеттік мүдде тұрғысынан пайымдайтын қоғамдық ой-пікірдің озғын өкілі. Әдебиет туралы ғылымның негізгі салаларынан басқа жанама тараулары да бар. Олар – текстология, историография және библиография. Бұл тараулар ғылыми мақсат үшін керек.
Текстология – әдеби туындылардың мәтінің зерттеп, танудың принциптері мен әдістемесін жинақтайтын арнаулы ғылыми пән.
Историография әдебиет теориясының, тарихының, сынының ғасырлар бойғы тарихи дамуы туралы дәйектемелер мен деректер, мәліметтер мен материалдар жинағы. Библиография – көркем әдебиеттің өзіне және әдебиет туралы ғылымға байланысты көрсеткіштер мен анықтамалар, шолулар мен сілтемелер жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет