1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет48/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65
38.Реализм әдісі, түрлері.

Реализм[1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.

Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау.

Қазақ әдебиетінде реализм әдісі Абай поэзиясында жоғары сатыға көтерілді. Абайға жалғас қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов т.б. реализм әдісін өркендетіп, дамытты. Ағартушылық реализм, сьшшыл реализм, социалистік реализм қазақ прозасьшың даму кезеңдерін айқындаған әдістер.

Ұлттық әдебиетімізде ағартушылық реализмнің күшеюі дәстүрлі жанрлық канондардың өзгеріске ұшырауына, прозалық жанрлардың өркен жаюына мықты серпін берді. Ағартушылық реализмдегі дидактизм - публицизм - поэтизм бірлігі сақталды.



Сыншыл реализм суреткерлері адам болмысын бейнелеуде оның тек сыртқы тұрпат-белгілері және әрекеттерімен шектеліп қалмай, тұлғаның ішкі дүние иірімдері мен әлеуметтік шарттылығына баса назар аударды.

Ұлттық прозамызда соцреализмнің әдебиеттің халықтығы, партияльшығы, таптығы, тарихи оптимизм, социалистік гуманизм, интернационализм сияқты қағидалары жүзеге асқан әр түрлі деңгейдегі шығармалар дүниеге келді. Адамзат баласының көркемдік дамуындағы ең ірі белестері болған классицизм, ағартушылық, сентиментализм, романтизм, реализм, модернизм, постмодернизм сияқты бағыттар мен ағымдардьщ алмасулары - әдебиеттің сатьшап дамуьшдағы ортақ заңдылықтар көрсеткіші. Әдебиет дамуының сатыларына сәйкес пайда болған бағыттар мен ағымдар көркем ойдың түрлі арнада дамуына, әдебиет функциясьшың күрделенуіне әкелді. Қазақ әдебиеті басқа елдердің мәдениетімен белсенді қарым-қатынасқа түсуі нәтижесінде жаңа стимулдар қалыптастырды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет