1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Сөз өнерінің орыс әдебиеттануында зерттелу мәселесі



бет54/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65
Байланысты:
ЭКЗАМЕН ӘТ

43.Сөз өнерінің орыс әдебиеттануында зерттелу мәселесі

Қазақ жерінде Россиядан көшіріліп қондырылған кедей шаруалардың саны көбейіп, патшалық әкімшілік талай шұрайлы жерлерді тартып алып, елді ата мекенінен ығыстырды. Патша үкіметінің Қазақстанды отарлау саясатының жемісі, нәтижесі болған осындай ауыртпалықтан, заңсыздықтардан, рухани кіріптарлықтан елді құтқарудың ендігі жаңа жағдайда бірден бір ұтымды жолы – білім-ғылым үйрену еді.

ШоқанУәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев секілді алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері осыны жақсы түсініп, ұлттық ұранға айналдырды. Олар Россиямен қарым-қатынасты күшейте түсудің аса пайдалы жағы орыс мәдениетінің үздік үлгілерін ел ішіне, жұртшылыққа тарату деп санады. Мал бағумен қатар елдің егіншілікке, сауда-саттық секілді кәсіптерге бейімделуі қажет екенін де олар басқалардан бұрын сезді. Бұған дейін қазақ ақын, жыршылары шығыс халықтарының аңыз-ертегілерін, дастандарын қызықтап, ел арасына жыр етіп таратып келсе, енді орыс әдебиетін оқып, үйренуге, орыс ақын, жазушыларының шығармаларын насихаттауға көңіл бөле бастады.

Абай сол замандағы орыстың қоғамдық ойының, әдебиетінің ең құнды жетістіктерін қадағалап, зерлеп білуге көп күш жұмсаған. Тұтастай алып қарағанда, Абайдың орыс әдебиетінен оқығаны, түйгені көп екені анық. Жоғарыда аталған «Русский Вестник» журналымен қатар, 1909 жылғы Абай өлеңдерінің жинағында берілген Кәкітай Ысқақұлының мақаласына қарағанда, ақын Чернышевскийдің «Современник» журналында басылған әдеби шығармаларды оқып отырған. 

 Пушкин мен Лермонтовтың поэзиясын салыстыра келіп, Белинский олардың тарихи тамырын анықтау үшін осы екі ақынның екі дәуірде өмір сүргенін айтқан болатын. Пушкин декабристер қозғалысы бел алған, декабристік идеялар әбден тарап өрістеген дәуірде өмір сүрсе, әдебиет майданына сол кезде шыққан болса, Лермонтовтың әдебиетке келген кезі – онан кейінгі дәуір, декабристердің қозғалысы сәтсіздікке ұшыраған дәуір, жаңа революциялық күштер әлі қалыптасып жетпеген кезең. Сондықтан да Белинский Лермонтовтың жырларынан, әр сөзінен ерекше кұш-жігер, қуатты леп еседі, бірақ оларда Пушкин поэзиясына тән жарқын үміт, сенім жоққа тән деді. Лермонтов поэзиясы, сыншының айтуынша, жанды тітіркендіріп, жүректі мұздататындай сауалға толы. Олай болса, Лермонтов — Пушкиннен кейінгі дәуірдің, енді революцияшыл-демократиялық күштер ояна бастаған дәуірдің, өткеннен ұміт ұзіп, алдан жаңалық іздеген дәуірдің жыршысы, жаршысы.

https://bilimger.kz/53364/





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет