44. Орта көлемді эпикалық жанрлар
Орта көлемді эпикалық түрге повесть, поэманы жатқызады. (Орта көлемді эпикалық шығармаларға поэма, повесть, дастан жатады.)
Повесть ғасырлар бойы бірде әңгіме деген ұғым берсе, бірде роман деген ұғым берген. В. Шкловский: «Ежелгі орыс шежіресінде, одан келе «Игорь полкі туралы сөзде» повесть деген атау бар, екеуінде де бұл термин «болған оқиға жайлы әңгіме» деген ұғымда қолданылған, ал ХҮІІІ ғ. елуінші жылдарында Тредиаковский бұл сөзге бұрынғыдан гөрі анығырақ жанрлық сипат беріп, французша «роман» - орысша «повесть» деп түсіндірген». В. Сорокин: «Повесть – үлкен әңгіме немесе кішкене роман».Ф.Головченко:«Пушкиннің «Капитан қызы» повесі Лермонтовтың «Біздің заманымыздың геройы» романын үлкен... Повестің жанрлық ерекшелігі көлемінде емес, мазмұн тереңінде жатыр». Гоголь повестің аса құнды қасиеттерін – мазмұны мөлдір шындықтан туатынын, оқиғасы адам мінезін ашуға ғана қызмет ететінін, идеясы жалаңаш емес, тереңде жататынын, көркемдік дәрежесі биік болатынын саралап айтқан.
Персонаждардың ішкі-сыртқы бітім бейнелері бедерлі, ара қатынастары арналы, әжептәуір өріле, өрістетіле, қалыптасу, даму үстінде көрсетіледі. Повесть мазмұнындағы ең өзекті шындық – бас қаһарманның өмірі. Поэма (грекше poiema- туынды) – орта көлемді эпос түрі, өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттеу. Сюжетті, сюжетсіз поэмалар болады. Поэмаларда жасалатын адам образдары әр алуан: эпикалық, лирикалық, романтикалық, реалистік. Поэма өзінің туу, даму тарихының әр кезеңінде әр сипатта болды.
Көне дүние әдебиетінде
|
классикалық халық эпосы
|
«Иллиада», «Одисея»
|
түрінде туды
|
Ауыз әдебиетінде
|
батырлар жыры
|
«Қобыланды батыр», «Ер
тарғын»
|
лиро-эпос
|
«Қозы Көрпеш – Баян сұлу»,
«Қыз Жібек»
|
тарихи жырлар
|
«Бекет», «Бекболат»
|
түрінде дамыды
|
Жазба әдебиетте
|
романтикалық дастандарға
|
«Медғат-Қасым», «Адасқан өмір»
|
реалистік поэмаларға
|
«Сұлушаш», «Құлагер»
|
ұласты
|
45. Г. Плехановтың әдеби-эстетикалық көзқарастары
Плеханов Г. әдебиет саласында ерекше еңбек етті. Ол А. Пукшкинді орыс халқының ұлы ақыны деп баға берді. Г. Плехановтың орыс әдебиет сынынан қосқан үлесі өте үлкен. Одан өзге әдебиет сыншылары да орыс әдебиетінің дамуына лайықты үлестерін қосқан. Чернышевский Н.Г. Саратовта өмірге келген. Орыс ревалюционері публицист, жазушы, философ, әдебиет шыншысы. Дін қызметкерлерінің отбасында дүниеге келген. Саратов дини семинариясында, Петербург университетінің тарих – филология бөлімінде оқыған. Чернишевскийдің қалыптастыруына орыс қаламгері Пушкин, Лермонтов, Гоголь т.б үлкен ықпал етті. Чернишевский Некрасовпен бірге «Современник» журналында бірге қызмет етеді. 1855ж «Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы» деген тақырыпты диссертация қорғайды. Сол жылы орыс әдебиетінің Гоголдік дәуірінің очерктері деген еңбегін жазады.
Г. Плеханов орыс әдебиетінде өзінің сыншылдық эстетикалық көқарасы мен елеулі орын алады. Ол орыстың айулы сыншылары Добролюбовпен, Чернищевскимен пікірлес болған. Добролюбов.Н.А. Нижний Новгородта туылған. Петербургте дүнеиден өткен. Орыстың ұлы әдеби сыншылы, философ, публицист, дін қызметкерлерінің отбасында дұниеге келген Петербургтегі бас пединститутының тарих филология факультетін бітірген. Әдеби шығарма жазуды 13 жасында бастаған. Орыс әдебиетімен мәдениетінде жарқын із қалдырды. Сол кезде жазған мақалаларында ол әдеби эстетикалық философиялық тарихи, әлеуметтік көз – қарастарын қалыптастырды. Әдеби – сын мақалалардың әдебиеттегі тіптік бейнелеу мен реалистік суреттерді дамытып әділетсіздікті сынады.
Г. Плехановтың әдеби эстетикалық көзқарасы кешегі кеңестік дебиетте мейлінше пайдаланылды. Орыстың айтулы сыншысы В.Белинскидің сыншыл эстетикалық ойларымен қатар ой- толғамдары әдебиетті зерттейуде негізгі бағдар болды. В.Г.Белинский Сеабор қаласында дүниеге келген. Петербургте қайтыс болған Орыстың әдебиет сыншысы, публицист. Москва университетінің тіл — әдебиет факультетінде оқыған.
Пушкиннің «Борис Годуновына» рецензиясы жарияланған. Бұл кез орыс әдебиетінде романтизмнен реализмге бет бұрған кез еді. Белинский Гогольді орыс әдебиетінің көшбасшысы дей келіп, 30- жылдардың романтизмін қатаң сынға алды.
Достарыңызбен бөлісу: |