1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы



бет60/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
50.Классицизм ағымы

Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – 17 – 19 ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі Классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге құрылуы шарт).

Классицизм ХУІІ ғасырда Италия әдебиетінде туып, француз әдебиетінде кең қанат жайған ағым. Классицизм - өнердегі қатаң бағыт, оны тек мәнді, мәңгілік, типтік, кездейсоқ белгілері қызықтырды немесе классицизмнің көріністері қызық болмады.


Осы тұрғыдан алғанда классицизм өнердің тәрбиелік қызметін атқарды.

Классицизм теориясының негізінде мәңгілік туралы ілім, әдемілік идеалының кемелдігі туралы түсінік жатыр. ХІХ ғасырда Стендаль «Расин және Шекспир» атты памфлетінде классицизмнің принциптерін терістей отырып, осы ілімді керіге шығарады. Ол әдемілік ұғымының қатыстылығын, өзгермелілігін, тарихилығын дәлелдейді Әдеби жанрлардың да қатаң деңгейленуі (эпопея, трагедия, комедия және т.б.) осы ілімнен туындады. Әрбір жанрдың нақты шекаралары, оның ерекшеліктері көрсетіліп, әрбір жанрға тиесілі тілі мен кейіпкерлері бекітілді (трагедия үшін – биік патетикалық тіл, асқақ сезімдер, батыр тұлғалар; комедия үшін – төмендетілген тірліктегі персонаждар, ауызекі сөйлеу тілі т.б.), себебі классицистердің пікірінше, әрбір жанрдың үлгілі шығармалары әу-баста дүниеге келіп қойған, ал жаңа кезеңдердің еншісі тек (біржола) табылған кемел идеалдардың ізімен жүру.



Классицизмнің ең үлкен теоретигі Николя Бойло болып саналады, бірақ негізін қалаушы француз тілі мен өлеңін реформалаған және поэтикалық канондарды дамытқан Франсуа Малерба. Н.Бойло «Поэтикалық өнер» поэтикалық трактатында классицизм теориясына өз көзқарасын білдірді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет