1. Әдебиет теориясы ғылымының әдіснамалық қағидалары Әдебиет теориясы


Әдебиеттану ғылымындағы мектептер: Формализм



бет64/65
Дата31.12.2021
өлшемі233,12 Kb.
#23703
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
55.Әдебиеттану ғылымындағы мектептер: Формализм

Формализм мектебі өнердегі басты нәрсе түр деп қарайды. Сондықтан форманы зерттеп бірінші орынға шығады. Формалистердің ден қойған мәселелері: өлең құрылысы, әуезділік заңдары, ұйқас, ырғақ мәселелері, сюжеттің құрамдас бөліктері. Бұл салада Жирмунский, Якобсон, Эйхенбаум, Тынянов, Лотман еңбектері ерекше.

Әдебиеттегі түбірлі проблемаларға – идея, дүниетаным, әлеуметтік, қоғамдық салмақ мәселелерін қарастыруға бұлар салқын қарайды.



56.З.Қабдолов және қазақ әдебиеттану ғылымы

Зейнолла Қабдолов 1927 жылы 12 желтоқсанда қазіргі Атырау облысы Мақат ауданы Доссор мұнай кентінде дүниеге келген. 1945 жылы қазіргі әл- Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, 1950 жылы үздік дипломмен бітірген. Осы білім ордасында елу жылдан астам үздіксіз білім берді және ғылыми жұмыстарын қатар жүргізді. 

Әдебиет сүйер қауымның эстетикалық талғамын тәрбиелеуде З.Қабдоловтың «Сөз өнері» атты зерттеу кітабының атқарған ролі зор [3]. Ұзақ жылдар бойы студенттердің қолынан түспей жүрген кітапта  әдебиеттің теориялық мәселелері қасаң қағида түрінде ұсынылмай, суреткердің шеберлік мәселесімен, әдеби шығармашылық психологиясымен сабақтастықта қарастырылған.  Кітап әдебиеттану ғылымы мен әдебиет теориясының өзекті мәселелерін оқытудың жақсы дәстүрін қалыптастыруға мұрындық болды. Сонымен бірге бұл іргелі еңбек жалпы шығармашылық өнердің қыр-сыры, нәзік иірімдері мен құпия қалтарысы туралы сыр толғайды, теориялық мәселелерді қазақ әдебиетінің мысалдары негізінде терең талдайды. З.Қабдолов «Әдебиет танытқышта» тұңғыш рет әдеби терминдерді қазақша қалыптастырғанын және кітап шыққан кезде бүгінгі көзі тірі академиктердің біразы «Ахаңның еңбегі ескірген, ғылым ХХ ғасырдың соңында кеткен» деп өз еңбектерін алға тартуға тырысқанын да білеміз.

«Әдебиет танытқыштағы» қазақ өлеңінің құрылысы, қазақ әдебиетінің ұзақ тарихының шолуына да З.Қабдолов баға береді: «Бұл бөлімнің ең бір құнды жері – әдебиеттің Аристотель белгілеген негізгі үш тегін яки жанрын (эпос, лирика, драма) грек тілінен түп-түгел қазақ тіліне ауыстырып алады да, әр жанрдың жанрлық түрлерін өзіміздің төл әдебиетімізден іздейді. Мысалы, лириканың алғашқы үлгілерін қазақтың сонау тұрмыс-салт жырларынан іздеп табады. Сонда, ең жеңілі жоқтау – эпитафияға, мақтау – одаға, даттау – сатираға балама болып шыға келеді. Дәл осы ретпен әдебиеттің үшінші тегін Аристотельше «Драма» деп емес, Ахаңша «Айтыс-тартыс» деп алады да, осы жанрдың жанрлық түрлерін, айталық, Трагедияны – Мерт яки әлекті тартыс, Драманы – Сергелдең яки азапты тартыс, Комедияны – Арамтер яки әурешілік деп алады. Сөйтіп, Ахаң әдебиет теориясының негіздерін қазақтар ортасына осылай әкеліп орнықтырып, әдебиет теориясына айрықша ұлттық сипат дарытудың жолын, әдісі мен амалын, міне, осылай іздеді»12.

Әдебиеттану ғылымының үш саласын (әдебиет тарихы, әдебиеттің теориясы, әдебиеттің сыны) айта келе З.Қабдолов осылардың басында тұрған алғаш еңбектерді енді ғана атауға мүмкін екенін айтады: «Десек те, әдебиеттанудың осы үш тарауының да басында тұратын, бастапқы желісі болып тартылатын, алғашқы адымдары ретінде белгілі бір композициялық тұтастыққа келтірілген, бас-аяғы бүтін еңбектер болады. Қазақ топырағында сондай еңбектер – Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышы» (1926), Мұхтар Әуезовтің «Әдебиет тарихы» (1927) және Тұрсынбек Кәкішевтің «Сын сапары» (1971). Соңында бұл үш сала әдебиетіміздің тарихы, теориясы, сыны қандай сатыдан-сатыға шыға дамыса да, өсіп-өркендесе де бәрібір анау үш кітапқа соқпай өтпейді. Өйткені ол үш кітап – мынау үш саланың тұңғыш рет тұтаса жүйеленген бастауы мен қайнары, төлбасы» . 1970 жылы Зейнолла Қабдоловтың «Әдебиет теориясының негіздері» атты іргелі зерттеуі жарық көрді. Бүгінгі күнге дейін «Сөз өнері» деген атпен бірнеше рет (1973, 1976, 1982, 1992, 2002, 2007) өңделіп, толықтырылып қайта жарияланды. «Сөз өнері» кітабы мынадай тарауларды қамтиды: «Сөзбен сомдалған тұлға», «Сөзбен шыңдалған шындық», «Сөз өнері жайлы ғылым», «Сөз сарасы», «Сөз өнеріндегі тек пен түр», «Сөз өнеріндегі бет пен бағыт», «Сөз соңы».

Ғалым «Сөзбен сомдалған тұлға» тарауында «…әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі – образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс таратып түсіну үшін, әуелі, әдебиеттің объектісі – өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеруіміз керек. Әдебиеттің объектісі предмет арқылы яки сөз өнеріндегі өмір шындығы тек адам арқылы, адам образы арқылы ғана көркем жинақтау дәрежесіне» көтеріле алатынын сөз қылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет