22. Көркем бейненің жасалу жолдары
Көркем бейне – әдебиетте, өнерде (сурет, музыка, театр, кино, т.б.) өмір құбылыстарын жинақтап, типтендіріп, бейнелі көрініс түрінде суреттеу үлгісі. Әдебиетте адамның Көркем бейнесін суреттегенде жазушы оның кескін-тұлғасын, іс-әрекетін, мінезін, сол ортаның, дәуірдің өзгешеліктерін танытатын типтік сипаттармен сомдап, сонымен қатар, кейіпкердің жеке басына тән тұлғалық ерекшеліктерін де даралап көрсетеді. Көркем бейненің типтік сипаты қоғамдық өмірдің ішкі сырын, мәнін ашып беру үшін қандай қажет болса, оның даралығы мен өзіне тән ерекшеліктерін айшықтау адам тұлғасын, іс-әрекетін, мінез-құлқын көзге айқын елестету үшін, нақтылы қалпында көріп-білу үшін де сондай қажет. Адамның типтік бейнесін, типтік характерін суреттеу қоғамдық өмірдің қыр-сырын жан-жақты, терең аша білгенде ғана ұтымды болады. Көркем әдебиетте берік орын алған Көркем бейнелер көп. Мысалы: Абай, Дәркембай, Құнанбай (“Абай”), Ботагөз, Асқар (“Ботагөз”),Ұлпан (“Ұлпан”), т.б. Көркем бейне өмір шындығына, халықтың адамгершілік эстет. мұраттарына сәйкес келгенде ғана өнер туындысына айналады.
Образдардың жасалу жолдары әр алуан: портрет, мінездеу, адамның күініш-сүйініштері суреттеу, қатысушылардың сөздері және жанама мінездеу. Бұлар бір-бірімен нық байланысты. Шығармалардың құрылысында бірі ол жерде, бірі бұл жерде, келсе де, жиынтығында кейіпкерлердің Бейнесін айқындап, олармен ерекше көзге түсерлік образ – тип – дерлік дәрежеге жеткізу жұмыстарын атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |