1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Қазақ әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі



бет14/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

27 Қазақ әдебиет теориясының қалыптасу кезеңі
Ұлттық эстетиканың ерте кезеңі халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан.Халқымыздың әсемдікпен сұлулық аясындағы ойлары ұлттық көркемөнерде, фольклорда: тұрмыс-салт жырларында, аңыздармен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған.Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тыныс-тіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік тән. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы ерте дәуірлердегі қазақ даласындағы Андрон, Беғазы-Дәндібай көне мәдениеттерінде жатыр. Беғазы-Дәндібай мәдениетін жасаушы тайпалар да андрондықтар сияқты негізінен табиғат күштеріне табынған, күнделікті тұрмыс-тіршілікпен байланысты жануарлармен жыртқыш аңдарды құрметтеп, оларға табыну ғұрыптары пайда болған. Олардың тастан қашалған бейнесін зират, қоныс маңына тұрғызып қойған. Сақ-скиф мәдениетінің таңғажайып өнер туындыларында халықтың әсем ойы, биік сезімі көрініс тапқан. Сақ-скиф өнері қазіргі замандағы мүсіндеу, бейнелеу өнерінің кез келгенімен тайталаса алады, тіпті ықшамдап жасалу шеберлігімен, ойлылығымен, әсемдігімен олардан оқшау, алда тұра алады. Ерекше, қайталанбас сақ-скиф өнері тек алтыннан ғана жасалынған жоқ, сонымен қатар қола құйма онерінің тамаша мектептерін қалыптастырды. Сақ заманында адамдардың мифологиялық танымымен, діни сенімдерімен тығыз байланысты «аң стилі» деп аталатын кескіндеу өнері кең тарады, сондықтан қару-жарақтарда, күнделікті тұрмыстық және табыну заттарында зооморфтық аң бейнесі көрініс тапты. Қола, темір, алтыннан ойып, құйып сақтар жасаған аң, жануарлардың шынайы, қияли образын түрлі көріністерде бейнелеу сақтардан бастау алды. Адамдардың табиғатпен туыстығын, олардың эмоциялық әсері мен ішкі рухани әлемін бейнелеген бұл жәдігерлердің эстетикалық, көркемдік деңгейі аса жоғары.
YI-IX ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары саналатын «Күлтегін», «Тоныкок» ескерткіштері ежелгі дәуір әдебиетіне жатады. Орхон ескерткіштерінде халықтық жыр дәстүрінің негізі қаланды. Білге Қаған, Күлтегін батыр,Тоныкөк жырау сияқты кейіпкерлердің ерлік істері образдық дәрежеде суреттелді. Түркі әдеби-эстетикалық ойының ұзақ тарихына қатысты жәдігерлер, түркі ру-тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштері (VII ғ.), «Қорқыт» (VIII ғ.) және «Оғыз-нама» (IX ғ.). әдеби мұралары ежелгі дәуірдегі әдебиетті қамтыды. Оны Мұхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл-Фараби, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сүлеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырады (Х-ХII ғғ.) Аталған ғұламалар түркі әлеміне ғана емес, дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосты. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (XIII-XVI ғғ.) «Кодекс куманикус», «Махаббатнама», «Жүсіп-Зылиха», «Гулстан».
Түркі әлеміндегі әдебиет туралы пайымдаулар орта ғасырлардан басталады. Осы ретте ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы - Отырарда дүниеге келген ұлы ойшыл, гуманист әл-Фарабидің әлемдік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқ етіп, Аристотельден кейін екінші ұстаз атануы - ғажайып құбылыс. Әл-Фарабидің жүзден аса трактаттары бар екенін ғалымдар мойындап отыр. Оның ішінде «Музыканың үлкен кітабы», «Ақылдың міні туралы трактат», «Ғылымды жіктеу және анықтау туралы кітап», «Аристотель еңбектеріне түсіндірме», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Ырғақтарды топ-топқа бөлу», «Логика», «Өлең өнері туралы» т.б. еңбектері – дүниежүзілік эстетикаға қосылған үлкен үлес. Бірқатар дүниелері әдебиеттін теориялық мәселелерін қамтиды. Әл-Фараби «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактатында» өнердің тарихшысы ретінде Аристотельдің «Поэтикасын» түсіндіруді мақсат еткенімен, эстетика категорияларын өзінше саралайды. Аристотель жасаған логикалық категорияларды арабтардың поэзия өнеріне қолдануға болатынын жазады, себебі поэзия өнеріне, оның ойынша, өзгеше поэтикалық толғамдар тән. Поэзияны жанрлық түрлерге: трагедия, дифирамба, комедия, драма,эпос, риторика, сатира, поэма және т.б. деп жіктейді де, оның әрқайсысына теориялық сипаттама береді. Әрине, бұл жіктеу қазіргі жанрлар теориясына сай келмегенімен, өз дәуірі үшін өзекті сипатта. Сонымен бірге поэзия канондары мен оның барлық бейнелеу тәсілдерін қолдана білу кабілетін жинақтаған өнерді терең білумен, меңгерумен байланысты поэтикалық шеберлік мәселесін айқындауда Әл-Фарабидің философиялық-эстетикалық көзқарастарын байқаймыз.«Өлең өнері туралы» трактатында әл-Фараби араб поэзиясының ерекшелігіне, әсіресе бәйітке тән шарттарға, ақындар негізге алуға тиісті ережелерге тоқталады. Мұнда қиялдың, ойдан шығарудың сипаты мен мағынасын аша отырып, риторика мен поэзия табиғатының арасындағы айырмашылықты көрсетеді. Философ қиялды поэзияның еншісінде деп біледі де: «Қиялдаудың, ойдан шығарудың поэзияда маңызы аса зор, мысалы, білімнің – дәлелдеудегі,сендірудің - риторикадағы маңызы сияқты» - деп жазады.Әл-Фараби өзінің поэзия туралы пайымдауларында араб поэзиясының сыр-сипатына, көркемдік шарттарына, өлеңге қатысты теориялық мәселелерге тоқталады. Өнерді санадан тыс объективті түрде дүниеде әр құбылыстың адамның ақыл-ойындағы елесі деп қарады. Көне дәуір ойшылдары Сократ, Платон, Ксенофөнт, Аристотельден ауызданған әл-Фарабидің ойлары өзінен кейінгі данышпандардың еңбектерінде жалғасын тапты. X-XII ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұнның «Құтты білік», А.Яссауидің «Диуани хикметінде» жалпыадамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері ұшырасады. М.Қашқаридің (XI ғ) «Диуани лұғат ат-түрік» атты түрікше-арабша түсіндірме сөздігі -түркі халықтарына ортақ әдеби мұра. Ол сөздік қана емес,сонымен бірге орта ғасырдағы түркілердің қоғамдық, рухани,ғылыми, мәдени, әдеби, саяси өміріне, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне, т.б. қатысты бағалы деректері бар мол жинақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет