1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет16/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

29 Мифологиялық мектеп
Көркемөнердегі мәңгілік тақырыптардың көрінісін романтизм дәуіріндегі философтар, мифологиялық және неомифологиялық мектептердің өкілдері, З.Фрейд пен К.Юнгтың еңбектеріне сүйенген психоаналитикалық өнертану жіті зерттеді. Мифологиялық бастауларға, сарындарға, мифологиялық образдарға, аңыз-әңгімелерге ден қойған әдеби шығармаларда мәңгілік тақырыптар айқын көрінеді. Соңғы жылдары әдеби шығармашылықтағы мифологиялық дәстүрді зерттеген Г.Д.Гачев, В.Н.Топоров, Е.М.Мелетинский, В.И.Тюпа, Д.Е.Максимов1 сынды ғалымдардың іргелі ғылыми еңбектері жариялануда.
Салыстырмалы әдісті қолдана отырып, мифологиялық мектеп өкілдері (Ағайынды Гриммдер «Неміс мифологиясы» еңбегі, Ф.И.Буслаев) әртүрлі халықтардың фольклорындағы ұқсас құбылыстарды олардағы көне мифологияның ұқсастығымен түсіндірді. Бұл мектеп ХІХ ғасырда романтизм дәуірінде пайда болды. Еуропада романтизм үстемдігі тұсында мифтік шығармашылықты молынан пайдалану басым болды. Шеллинг пен ағайынды Шлегельдердің мифологиялық идеяларына сүйенген неміс романтиктері фольклористика мен әдебиеттанудағы алғашқы терең, ғылыми бағытты - мифологиялық мектепті қалыптастырды. Мифологиялық мектепке кез келген өнердің бастауы ретінде мифті алып, әдеби шығарманың негізінде миф жатады деп түсінді. Дегенмен бұлар фольклор мен салыстырмалы фольклористиканы дамытты.
30 Лирикалық жанрлар ерекшелігі. Сонет
Лирика (грекше lyra - музыкалық аспап, оның сүйемелдеуімен әндер, өлеңдер орындалған) - өмір шындығын адамның психологиялықахуалына, ішкі жан дүниесіне сәйкес, қас-қағым сәттегі көңіл-күйімен, сезімімен сабақтастыра байнелейді. Лирика - драма мен эпос сынды әдебиеттің негізгі бір тегі, бірақ онда суреттелген нысан емес, тұлғаның және оған деген автордың жеке қарым-қатынасы маңызды. Әдебиеттің бұл тегіне көбінесе өлеңмен жазылған шығармалар енгендіктен, олар шығын көлемді, ырғақты, әуезді, фабуласыз болып келеді, лирикалық кейіпкердің ішкі сезім толғаныстарының бейнеленуі мен субъективтілік тән. «Әдебиеттің ең субъективті тегі, - дейді лирика туралы Л.Я.Гинзбург, - жалпылыққа ұмтылады, жан әлемін жалпыға тән бейнелейді. Түптеп келғенде, лирика - маңызды, асқақ, сұлу дүние туралы әңгіме (кейде оның қайшнылықты, ирониялық астары болуы мүмкін), өз кезегінде ол - идеалдар мен өмірлік құндылықтардың бастауы» [1, 7]. Лирика, қай заманда да адам көңіл-күйінің алуан сәттерін адамзаттық құндылықтармен астастыра бейнелейді.
Қазақ әдебиетіндегі лирика жанрының көркемдік ізденістерін М.Базарбаев (Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» (1973), «Қазақ поэзиясы: көркемдік ізденістер» (1995), Б.Кәрібаеваның «Қара өлең және лирика» (2001), Қ.Мәшһүр Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль және бейнелілік» (1999), (Көркем сөздің құдіреті», т.б. еңбектерде кеңінен сөз болады. Лирикада сирек жағдайда оқиға орын алса да, маңызды кызмет атқармайды. М.Атымов сюжеттің эпикалық, драмалық,лиро-эпикалық жанрдағы оқиғалы шығармаларға тән екенін, лирикалық жанрдағы шығармалар поэтикасында басты қызметті «сюжет емес, ой ғана» атқаратынына назар аударады. О.И.Федотовтың пайымдауынша, «толық мағынасында эпос пен драма ғана сюжетті; оқиғалық желісі әлсіз немесе тіпті жоқ лирикалық шығармаларда сюжет болмауы да мүмкін. «Нүктелік» сюжет ұғымы да бұл жағдайда нәтижесіз» - дейді. Мысалы, сөзіміз дәлелді болу үшін М.Жұмабаевтың «Жаралы жан» өлеңін алайық:
Соқпа сорлы жүрегім,
Шірі енді, ақ білегім!
Мынау қара құзғынның
Бердің-ау тәңірім, тілегін!
Сауықшыл есіл елім-ау,
Сарыарқа сайран жерім-ау!
Күмістей таза суы бар,
Айдын шалқар көлім-ай.
Сол жерде ойнап жүре алмай,
сауық-сайран құра алмай,
қарғаға құзғын жем болып,
қалғаным ба, бір Алла-ай?!
Бұл өлеңде оқиғалық желі мүлдем жоқ.
Лирикалық кейіпкер. Лирикалық туындылардағы сыршыл сезім иесі лирикалық кейіпкер деп аталады. Әдебиеттану мен сында қалыптасқан бұл терминді (онымен мағыналас «лирикалық мен», «лирикалық субъект», ақын
образы тіркестері бар) алғаш рет Ю.Н.Тынянов ХХ ғ. 20-шы жылдары А.Блоктың лирикалық туындыларын талдау барысында енгізді. Лирикада алдыңғы қатарға жеке тұлғаның ішкі әлемі, ой-толғанысы, сезім иірімдері шығады. Басты нысан - сезім әсері, көңіл-күй әуені. Сондықтан лирикалық шығармаларда ақынның өз бейнесі де жоталанады. Лирикалық кейіпкер - ақынның барлық туындыларын қамтитын шартты әдебиеттану ұғымы. Соның негізінде кейде жалпы ақын шығармашылығы туралы біртұтас түсінік қалыптасады. Лирикалық кейіпкер автормен, оның дүниеге көзқарасымен, рухани тәжірибесіммен, ішкі жан дүниесімен тығыз байланысты. Алайда авторды эпикалық шығарманың баяндаушы тұлғасымен немесе лирикадағы лирикалық кейіпкермен шатастырып, оларды теңестіріп, бір деп қарауға да болмайды. Лирикалық кейіпкердің барлық сезім күйлерін тек ақынның өз ойы, өз сезімі деп те қабылдай алмаймыз.
Сонет (итал. sonetto - шағын ән) - әр түрлі тақырыпты арқау еткен, арнайы өлшемді, сезімге, сырға құрылған лирикалық өлең. Сонеттің қадағаланатын қатаң формасы бар: онда он төрт жол болады, олар екі катренге (төрт жолдан - сегіз жол) және екі терцетке (үш жолдан - алты жол) бөлінеді.
Сонет мазмұнының дамуы философиялық триада ұстанымы «тезис-антитезис-синтез» бойынша құрылады. Бірінші катренде тақырып беріледі (бастапқы тезис),екінші катренде сол ойға қарсы немесе оны толықтыратын ой («антитезис») айтылады, соңғы екі терцетте сонет тақырыбының қорытындысы («синтез») жасалады. Сонеттің бұлай дамуы таңдалған кез келген тақырыпты философиялық жинақтаудың жоғары деңгейіне көтеріп, жеке түрде тұтас әлемнің көркемдік бейнесін берді. Зерттеушілер сонеттің әуездік мазмұнының дамуы жағынан фуга жанрына ұқсастығын анықтады.
Сонет жанр ретінде XIII ғасырда Италияда туды. Одан кейінгі ғасырлардың поэзиясында (тіпті біздің заманымызға дейін) орасан зор маңызы болды. Данте Алигьери, Петрарка сонеттері Еуропаға аса танымал болды. Шекспир осы жанрдың классикалық үлгілерін жасады. Қазақ әдебиетінде сонет аса кең тарамаған, ХX ғасырдыңекінші жартысында поэзияда бұл жанрды дамытуға E.Әукебаев, Қ.Шаңғытбаев, Х.Ерғалиев (Шекспир сонеттерін қазақ тіліне шебер аударды) көп еңбек етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет