1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет38/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

52. Натурализм

Қазіргі уақытта қазақ әдебиеттану ғылымы әдебиеттегі әдіс, бағыт, ағым мәселелеріне жаңаша көзқараспен қарауда. Қазақ әдебиетіндегі көркемдік-идеялық бағыттарды әлемдік әдебиеттің шеңберінде қарастырып жүрміз. Солардың ішінде әлем әдебиетінде ғана емес өзіміздің ұлт әдебиетімізде де өзіндік із қалдырған «натурализм» деп айтар едік.

Қазақ әдебиетіндегі натурализм – әлі толық зерттеле қоймаған құбылыс. Бұл ағым жөнінде осы кезге дейін жазылған еңбектер аз. Тек сыншы ғалымдардың монографиялары, еңбектерінде шолу түрінде берілген. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы «натурализмның» зерттелу тарихына көз жіберсек, оларда белгілі бір жүйелілік жоқ. Бірде ағым, бірде бағыт болып қолданылады. Зерттеуші З.Қабдолов натурализмде бағыттық белгілерден гөрі ағымдық ерекшеліктердің басым екенін айтады [2,343]. Натурализм қазақ әдебиетіне қанатын жайып, тамыр тастаған құбылыс емес. Бұның себебі қазақ халқы жалаң табиғаттан гөрі әдемілік, арман-қиялға көп берілгендігінен болар. Романтизм халықтың арман-мақсатын, тілек-ниетін білдіріп аңыздар, қиял-ғажайып ертегілер бойынан көрініс берсе, натурализм адам өмірінің жалаң физиологиялық жақтарын көрсетуге талпынып, қазақ әдебиетіне «өзгешелеу» ағым ретінде ене бастады. Тамырын тереңге жая алмағанымен қазақ әдебиетінде натурализм жоқ деуге болмайды. Қазақ баласы тумасынан романтик болғандықтан, романтизм құбылысы ұлттық әдебиетімізге сіңіп, етене жақын болып кетті. Қазақ әдебиетіндегі натурализм туралы елеулі пікір айтқан ғалымдарымыздың қатарына Е.Ысмайлов, М.Қаратаев, Т.Кәкішев, Р.Нұрғалиды, тәуелсіздік кезеңіндегі зерттеуші ғалым С.Жұмағұлов, Ж.Жарылғаповты т.б. жатқызамыз. Академик М.Қаратаевтың мына ой-толғамынан көреміз: «Сәтсіздіктердің үлкен себебінің бірі- адам образын түюдегі жалаңдық, біржақтылық. Мұның арғы атасы натурализм – схема, штамп. Бұл тек сол кезеңнің ғана емес, соңғы онжылдықтың да әдеби даму процесінің дамуына, әдебиет саласының көтерілуіне кедергі жасап келе жатқан шырмау, шикілік» [3, 27] десе, қазақ әдебиеттану ғылымы мен сынының қалыптасуына үлкен үлес қосқан сыншы-ғалым Е.С.Ысмайылов «Әдебиеттегі формализм мен натурализмге қарсы» мақаласында натурализм элементтерін мысалға келтіре отырып, кемшіліктерді батыл сынға алады. Сыншы көркем әдебиеттің дамуына кері әсерін тигізетін бұндай кемшіліктермен, сәтсіздіктермен бітімсіз күресу керек деп өз ойын білдіреді [4,113]. Ж.Смағұлов «Ұлттық әдебиеттану әлемі» монографиясында Кеңестік әдебиеттану ғылымында сөз болған натурализм, формализм туралы айтысқа қазақ әдебиетші-сыншы ғалымдарымыздың да үн қосқанын айтты. «Қазақ әдебиетіндегі натурализм, формализм туралы Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастырған пікірталас 1936 жылдың 2 көкегінде басталып үш күнге созылды. Әдеби айтыс дәрежесінде өткен бұл пікірталастағы негізгі ойлар баспасөз бетінде жарық көрді». Алайда, бұл пікірталаста сөйлеген сөздер мен жазылған мақалаларда айтылар ойдың бағыты орыс әдебиетінің ғылымында жасалған тұжырымның төңірегінде өрбіді.

Натурализмге байланысты қазақ әдебиетінде де көптеген мақалалар жазылды[5, 208-209]. Е.Ысмайылов «Сын және шығарма» еңбегінде бірталай ақын-жазушы шығармаларына тоқталған. Олар; А.Тоқмағанбетовтың «Берлин көшесінде», Сталиндік маршрут», «Уборщица» сынды поэмаларын талдай отырып «Асқар поэмаларының кемшіліктері қайсы?» деген сауалға өзінше жауап берді. «Асқар поэмаларында нақты сюжет, заңды шебер композиция болмайды, оның шығармалары көбіне схемалы, қисынсыз оқиғалардың, хроникалардың негізінде жазылады. Асқар поэмаларында адам образдары жасалмайды, адамның мінезі, жан сезімі дегенді бермейді, берсе де үстірт көрсетеді. Нақты дараланған адам образдары көрінбейді, тек адам өміріне байланысты сыртқы әрекет суреттері ғана берілген» - деп өз қорытындысын жасайды [4,255]. Келесі «Ақын және ревролюция» монографиясында сыншы С.Сейфуллин шығармашылығына көрнекті орын берді. Сондай-ақ «І.Жансүгіров «Заводта», «Алтын қазан», «Қуат», Сәбит «Балқаш», «Көмір коммунизмі», Тайыр «Мотор жыры», «Бес жылдықтың балғасы», Әбділда «Олқылық», Өтебай «Қара алтын» т.б. шығармаларын Е.Ысмайылов аталғандардың көбі өндірістік машинаның сырт көрінісін ғана болмаса, адам образын, жұмысшының еңбек сезімдерін поэзия тілімен ашып бере алмаған шығарма деп бағалады [6, 201]. Ал бүгінгі тұстағы ұлттық әдебиетімізде ғалымдардың натурализм туралы жаңа зерттеулері жарық көруде. Бұл еңбектерден натурализм кеңестік дәуірде біржақты зерттелгенін байқаймыз. Мысалы әдебиетші ғалым Ж.Ж.Жарылғапов «Қазақ прозасы: ағымдар мен әдістер» монографиясында натурализмді ағым ретінде мойындайтын уақыттың жеткендігі туралы айтады. «Әдебиеттануымызда әлі дұрыс бағасын ала алмай жүрген, көбінесе көркемсіздік пен талғамсыздық ұғымдарымен қатар пайдаланылып келген натурализм тенденциялары, адам образын натуралистік бейнелеу құралдары арқылы жасау ұлттық прозамызға жат болған жоқ. Адам тұлғасына биологиялық тұрғыдан үңілу, тұрмыстық детальдарға аса үлкен мән беру, ол детальдардың аллегориялық астарын пайдалану, тілдің түсініктілігімен шынайылығын қатаң қадағалау, сол арқылы шығарманың публицистикалық мазмұнын арттыру, әсіресе, Б.Майлиннің бірқатар әңгімелерінде, С.Ерубаевтің, Ж.Аймауытовтың образ сомдау тәсілдерінде ұтымды пайдаланылғанын аңғаруға болады. Демек, қазақ прозасындағы реализмнің жетілу жолында натурализмнің орнын мүлде жоққа шығаруға болмайды, қайта реалистік прозаға барар жолдағы сан қилы ізденістердің бірі деп таныған абзал. Натурализм прозамыздағы очерк жанрының пайда болуына ықпал жасады. Бұл сол шақтағы қазақ қаламгерлерінің публицистік қызметімен де тікелей байланысты. Қара сөз өнерімізде сәл кейін туған документалды және өндірістік романдардың пайда болуының негізінде де натуралистік бейнелеу ұстанымдары жатыр. Сондықтан натурализмді тек регрестік сипаттағы құбылыс деп қарауды шектейтін уақыт жеткен сыңайлы» - дейді Ж.Жарылғапов [7, 311-312 б].


Натурализмді өткен ғасырда көркем шығарманың нәрін кетіретін, әдебиеттің көркемдігін жоятын бағыт, ұлттық прозамызға жат деп келген болсақ, бүгінгі таңда жаңаша көзқараспен қарауымыз қажет. Натурализм – қатаң бұрмаланып көрсетілетін шындық деп ойлаймыз. Ж.Жарылғапов натурализмнің идеялық-көркемдік қырларының бірнеше элементтерін ашып көрсете отырып, ХХ ғасырдың басында натурализмның қазақ прозасына белгілі бір дәрежеде әсері болғанын, оны белгілі қаламгерлер Ж.Аймауытов, С.Ерубаев, Б.Майлиннің шығармаларын ғылыми тұрғыдан талдап, дәлелдеп берді. Ойымызды түйіндей келе, осы шағын мақаламызда ХХ ғасырдың басында натурализм тек әлем әдебиетіне ғана әсер етпегенін. Сонымен бірге жаңа қалыптаса бастаған қазақ прозасына да белгілі бір дәрежеде ықпал еткенін байқаймыз. Натурализмның терең қырларын зерттеушілік тұрғысынан қарастыру мен ұлттық әдебиетіміздегі көрінісін анықтауда тың ой-пікірлер мен ғылыми тұжырымдар жасау әлі де болса қажет. Мақаламызда Кеңестік идеологияда, тоталитарлық жүйе кезеңінде өмір сүрген ғалымдарымыз бен қазіргі әдебиеттанушы ғалымдардың натурализм туралы ой-пікірлеріне қысқаша шолу тұрғысынан келдік.
Натурализм бағытында жазылған шығармалар қазіргі батыс әдебиетінде, елімізде жарық көретін қазақ, орыс тілді баспасөз, газет-журнал беттерінде молынан кездеседі. Сондықтан да натурализм түп-түбірімен өткен ғасыр әдебиетінде қалып қойды деген пікірмен келісуге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет