51. Роман жанры теориясы. Роман жанры теориясы. Алғашында латын тілінде емес, роман тілінде жазылған шығармалар осылай аталды. Кейіннен ХІІ ғасырда еуропалық әдебиетте жаңа жанр - рыцарлық роман қалыптасты. Роман жанрының бастапқы белғілері антикалық әдебиетте байқалып, Қайта өрлеу дәуірінің соңғы кезеңінде нақты көрінді. Роман әдеби үдерістің дамуында басты орын алады. Әдебиеттанушы ғалымдардың осы жанрды зерттеп- зерделеуге көп көңіл бөлуі де сондықтан болар.
Роман турасында М.Бахтиннен де бұрын ғылыми пікір айтқан А.Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегінде оны «ұлы әңгіме» деп атайды. Роман жанрының теориясы М.Бахтин, В.Кожинов, Г.Поспелов, В.Хализев, Н.Лейдерман, Л.Чернец, Ю.Тынянов еңбектерінде көрініс тапқан. З.Қабдолов, 3.Ахметов, Р.Бердібай, М.Қаратаев, Т.Кәкішев, М.Атымов, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов, Ж.Дәдебаев, 3. Бисенғали, А. Ісімақова, Б.Майтанов, Т.Есембеков, М.Хамзин т.б. еңбектерінде қазақ әдебиетіндегі роман жанры фольклор мен әдебиеттің байланысын айқын аңғартатын көркемдік- эстетикалық құрылым ретінде қарастырылады. Атап айтсақ, М.Қаратаевтың «Эпостан эпопеяға» (1969), Р.Бердібаевтың «Қазак романы» (1975), «Қазақ тарихи романы» (1979), М.Атымовтың «Қазақ романдарының поэтикасы» (1975), Б.Майтановтың «Қазақ романы және психологиялық талдау» (1996), 3.Бисенғалидың «ХХ ғасыр басындағы қазақ романы» (1997), А.Ісімақованың «Казахская проза: поэтика, жанр, стиль(1998) т.б. зерттеулері роман жанрының теориялық кыр-сырын зерттейді.
Зерттеушілер романның даму тарихында оны әр түрлі тұрғыдан: тақырыптық, пішіндік, стильдік, тарихи кезеңдерге қарай және т.б. түрлерге жіктедік. Әлем әдебиетінде романның жанрлық үлгілерінің соншалық мол екендігіне оларды жай санамалап шықсақ та көз жеткіземіз: философиялық, психологиялық, авантюралық, фантастикалық, әскери, публицистикалық, сатиралық, деректі, детективті- қылмыстық, монументалды, тарихи, плуттық, аналитикалық, интеллектуалды, мемуарлық, модернистік; роман-эпопея, роман-миф, роман-эссе, роман-поэма, роман-диалог, роман- монолог, роман-реквием, полифониялық романдар және т.б.
Роман жанрының басты ерекшеліктері мынадай:
Романда негізгі назар жеке адам тағдырына, оның тұлға ретінде қалыптасуы мен өсуіне жинақталып, кейіпкер өмір сүрген қоғам, орта, уақыт ауқымында жан-жақты сомдалады.
жанр романнан бастау қазақ мәдениетіндегі эстетикалық кұбылысқа айналды. Прозалық жанрлық формалар поэзияға қарағанда кешірек қалыптасқандықтан, олар бойына өзіне дейінгі дәуірлердегі баяндау тәсілдерінің мазмұндык жетістіктерін сіңіре білді. Жеке суреткер стилі, я болмаса сол кезеңнің стилі өзіне дейінгі дәстүрдің негізінде жасалады. ХХ ғасырдың басында жазылған прозалық туындылардағы, оның ішінде роман құрылымындағы баяндаудың, қара сөздің өлең өлшемдерімен, поэзия талаптарымен қойындасып келуі айқын көрінеді. Роман жанрының арғы-бергі тарихы мен теориясын мұқият зерттеген Ш. Елеукенов С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы туралы былай дейді: «Біздің алдымыздан мынадай елеулі факт шығады: роман әлі де болса фольклорлық нормалар тартылысын толық жеңе алмаған. Кәдімгі реалды адамдар шектен тыс идеалдандырылады. Типтік мінездердің орнына бойына көптеген жағымды қасиеттер дарытылған (жағымсыз бейнелер болса жағымсыз мінездер) жинақтаулы образдар шығады. Автор ауызша-поэтикалық шығармашылықтың көне штамптарынан («күлгенде көзіңді алып кірсіз тісі») бас тартпайды. Бір сөзбен айтқанда романдық биікті бағындыру оңайға түскен жоқ», деп жазады [10, 110-111]. -- М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі мәдениетінің үлгілерін бойына мол сіңірген көп қырлы, терең мағыналы шығарма. Роман-эпопея - эпостың шыңы, оның негізгі қаһарманы халық, суреткер шындығы халық басынан 1 өткен кезеңдік құбылыстар. Өнер адамының жарық дүниеге келуінен бастап, дүниеден қайтуына дейінгі аралықтағы өмірі халық өмірімен сабақтасып, қазақтың тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне, дүниетанымына байланысты басты сенімдері, дәстүрі, рухы М.Әуезов қаламы арқылы жаңа тынысқа ие болды. Әдебиеттану ғылымында тарихи дәуір шындығын кең суреттеуге арналған шығармалардың тобы тарихи романдар деп аталып, жеке жанрлық түр ретінде бағаланып, олардың өзіндік табиғатына арнайы сипаттама берілген. Қазақ прозасында тарихи романдар ең көп зерттелген және кеңінен тамырын жайған жанрлардың бірі. Қазақ әдебиеттануында тарихи романдар тақырыптық тұрғыдан: тарихи-биографиялық, тарихи-публицистикалық, тарихи- этнографиялық, тарихи-тұрмыстық, роман-эпопея, тарихи- әлеуметтік, тарихи-танымдық, тарихи-философиялық т.б. түрлерге жіктеліп жүр.
Мемуарлық немесе ғұмырнамалық сипаттағы романдардың қазақ прозаның дамуындағы орны да қомақты. Бұл ретте С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу», С.Мұқановтың «Менің мектептерім» атты романдары бұл жанрлық түрдегі алғашқы шығармалар болса, 3.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», М.Мағауиннің «Мен», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», К.Смайыловтың «ХХІ ғасырға сапар» шығармалары - тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің жемісі.
Батыс әдебиетінде тамыры терең фантастика жанрын қазақ прозасында дамытқан А.Машанов, М.Сәрсекеев, А.-Х. Мархабаев, Т.Сұлтанбеков, Ш.Әлімбаев т.б. қаламгерлерді атауға болады. А.-Х.Мархабаев -қазақ фантастика жанрын • тұңғыш зерттеуші ғалым. Ол -«Қазақ фантастикасының қалыптасу жолдары мен тенденциялары», «Қазақ фантас- тикасының поэтикасы» монографияларының авторы.
ХХ ғасырдың аяғында басқа дәуірлермен салыстырғанда жанрлық түрлердің өзгеруі жаңа қарқынмен жүрді. Әдебиеттің даму бағыттары жанрлардың өзгеріске түсуімен де байланысты. Осы орайда қазақ әдебиеттанушыларының назарын қажет ететін аса өзекті мәселенің бірі - жанрлардың табиғатын теориялық тұрғыдан айқындау, роман жанрының трансформациялануы.
Тәуелсіздік тұсында романның жаңа жанрлық түрлері қалыптаса бастады. Жаңа дәуірдің жаңа мазмұн әкелетіні - әдебиеттің бұлжымас заңдылығы болса, көркем әдебиеттің оның табиғатына сәйкес жаңа формада бейнеленуі де заңдылық. Қазақ романы айтар ойының ауқымдылығымен, психологиялық тереңдігімен, көркем образдардың кеңдігімен, сан алуандығымен ерекшеленді. Прозада түрлі модернистік, постмодернистік тенденциялар, алуан әдеби дәстүрлер мен ағымдар табиғи үйлесті. Соңғы жылдары көз жеткізгендей, роман түрлі формаларда жазылып жатыр. Роман жанр үнемі дамып, түлеп отырады.