1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Әдеби бағыт және ағым. Қазақ поэзиясындағы әдеби бағыттар мен ағымдар



бет40/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

55. Әдеби бағыт және ағым. Қазақ поэзиясындағы әдеби бағыттар мен ағымдар
Әдеби бағыт, ағым, мектептердің қалыптасып, дамуы әдеби-тарихи үдерістің нақты кезеңдерінің көрінісіне қатысты, сондықтан оларды зерттеу нақты тарихи және әлеуметтік-генетикалық тұрғыдан талдауды қажет етеді.
Бертін келе әрбірінің тақырып аясы нақтыланып әдеби бағыттардың көркем өнер мен ғылымдағы орны белгілене бастады. Өнерді танудың дәстүрлі тәсілдері мен жаңаша эксперименттік тәсілдердің арасындағы өзара бәсекелестіктер орын алды.
Әдебиеттануда бір жазушының шығармаларын салыстыра тексеруге де болады, бір кезеңнің, болмаса бір әдеби ағымның мүшелерінің шығармашылығын, әр ұлттың сөз өнерінің өкілдерінің туындыларын да салыстыра талдау үлгілері бар. Қазақ әдебиетіндегі әдеби бағыттарды қарап отырсақ, оларды әрі бағыт деп те, әрі ағым деп те санауға болады. Оларды саяси, идеологиялық, дүниетанымдық тұрғысынан ағым деп санасақ, көркемдік, эстетикалық тұғырнамасы, бағдарламасы тұрғысынан бағыт деп қараған жөн. Әдеби бағыт – бұл жазушылардың шығармашылығының көркемдік мазмұнның жалпы типі тұрғысындағы ортақ сипатын айтады. Бұл жерде суреткерлердің адам өмірінің негізгі, биік мәнін өмірдің қай тұрғысынан көруіне немесе керісінше адамның бақытсыздығы мен азабының себеп-салдарының тамырын қай тұстан іздеуіне байланысты болып келеді.
Дәстүрлі халықаралық әдеби қауымдастық ретінде танылған барокко, классицизм т.б. бірде әдеби ағым, бірде әдеби бағыт, бірде көркемдік жүйе ретінде қарастырылады. Бұл ретте «әдеби ағым», «әдеби бағыт» терминдері ең тар, нақты мәнге ие болады. Г.Н.Поспеловтың зерттеулерінде әдеби ағым – жазушылар мен ақындардың нақты қоғамдық көзқарастарын (дүниетаным, идеология) білдірсе, ал бағыт – эстетикалық көзқарастар бірлігінің негізінде және белгілі бір көркемдік қызметтің бағдарламасы аясында (трактат, манифест, ұран арқылы білдірілген) пайда болған жазушылар топтарын білдіреді. Ағым мен бағыт халықаралық қоғамдастықтың емес жекелеген ұлттық әдебиеттің құбылысы болып табылады.
56. Архитектоника

Архитектоника - грекше archіtekton - оның мағынасын зерттеу әдебиеттерде былай түсіндіреді: «Архитектоника әдеби шығарманың біртұтастығы, бүтіндігі, басты құрамдары мен жеке бөліктерінің сәйкестігі, үйлесімділігі» [1,50]. Бұл ұғым алдымен сәулет өнеріне байланысты қалыптасқан, ғимарат, құрылыстың сәнділігі жеке бөлшектерін бір-бірімен үйлестіріп, қиюластыру шеберлігіне саяды. Академик З.Ахметовтің архитектоникаға берген анықтамасы былай: «Әдебиетте композиция деген ұғыммен архитектоника қатар қолданылады. Композиция шығарманың құрылымы, жеке бөлшектерінің өзара түзілісін түгел қамтиды десек, архитектоника шығарманың құрылыс бітімінің негізінен тұтастығы, бүтіндігі, құрамды бөліктерінің жарасым, үйлесім табуы» [2,36]. Очеркте автордың өзі алдыға шығып факт, сан, құжаттар жинай отырып, публицистикалық элементтермен қоса көркемдік құралдарды да өзі таңдайды. Көркем прозада очерк-мақала, очерк-әңгіме, очерк-повесть және роман түрінде де кездеседі.


М.Әуезовтің «Сөз алған - тау сағыз бен көк сағыз»[3,18-21] атты очерк-мақаласында тау сағыз бен көк сағызды өсірудің қиыншылығы, каучук алудың технологиясын кеңінен әңгімелейді. Оқырман очеркті оқу барсында каучукты алу, өндіру туралы мазмұнды хабар алады. Бұл очерк-мақалада тек осындай танымдық материалдармен ғана шектелмеген, сол сағыз түрлерін өсірудің қыр-сырын меңгерген кейіпкерлер Сариев пен Бабасов әрекет үстінде көрінеді және промхоз күшімен саяси және мәдени жұмыстар да жүргізіліп жатқандығы әңгіме болады. Бұл мақала-очеркті көркем очерктер қатарына жатқыза алмаймыз. Себебі, көркемдік қасиеттерден гөрі бұл шығармада публицистикалық сарын басымдау. Олай дейтініміз - тау сағыз бен көк сағызды өсіру, өндіру туралы кеңінен әңгіме болғанымен, адам жаны, психологиясы жоқ десе де болғандай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет