1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Әдебиет теориясының зерттеу объектісі. Эстетикамен байланысы



бет17/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53
31 Әдебиет теориясының зерттеу объектісі. Эстетикамен байланысы
ЭСТЕТИКА - адамның шындыққа эстетикалық қарым- қатынасының жалпы даму заңдылығын, әсіресе қоғамдық сананың өзгеше түрі ретіндегі өнерді зерттейтін ғылыми пән. Басқа сөзбен айтсақ, эстетика адамның шындыққа жалпы эстетикалық қарым-қатынасын, әсіресе оның жоғарғы түрі болып табылатын өнерді зерттейді. Көркем әдебиеттің эстетикалық байлығы әдеби шығарманың көркемдігі арқылы ғана жасалады. Суреткерлік шеберлік, шеберліктен туатын шедевр (көркемдіктің көкесі) – осының бәрін тек қана осы арадан іздеу керек. Әдебиеттің таным тарапындағы мәні де, тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз өнерінің эстетикалық маңызына яки өнер туындысының көркемдік құнына келіп тіреледі. Суреткер дүниетанымы мен әлеуметтік көзқарасы - эстетиканың ең негізгі мәселелеріні бірі (З.Қ. «Сөз өнері»).
Гегель «Эстетика» трактатында эстетиканың пәні адамның көркемдік саладағы әрекеті, яғни адам қолынан туған өнер, өнердегі әсемдік деп түсіндірді. Өнердің предметі- әдемілік, эстетиканың предметі - ұшы-қиырсыз мол әрі жан тебірентер ғажайып әсемдік әлемі. Жалпы өнер атаулының бәрін Гегель «абсолюттік рухтың» өзіндік дамуындағы, өзін-өзі тануындағы белгілі бір кезең ғана деп түсіндірді.
Эстетиканың негізгі категорияларының бірі әсемдік. Аристотель «Антириторикасында» әділетті нәрсенің бәрі әсем де сұлу болады деп жазған. Немістің өнер тарихын зерттеуші Винкельман әсемдікті «бүтіннің әр түрлі қасиеті» деген сөздің өзін «ақиқат» деген. Орыс эстеті C.П.Швыров XIX ғасырда «әсемдікті, әдемілікті бәріміз ұнатамыз, егер оны бар болмысымызбен жақсы көрмесек әсемдіктен шын ләззат ала алмас едік. Тек махаббатпен ғана сұлулықты сезіне аласыз, тек сұлулықтан ғана өнер туады» деген.
Эстетика әсемдікті зерттейтін ғылым десек, әсемдікті танытатын қоғамдық сананың ерекше саласы - өнер. Ендеше өнер эстетика ғылымының негізгі объектісі. Эстетика өмірдегі әсемдікті де дербес алып зерттейді. Бірақ оны көбіне өнердегі көрінісіне байланысты алады. Бұлай зерттеу жалпы адам санасының дүниетану әркетіне өнер атаулының қосатын өзіндік үлесін көрсетсе, екінші жағынан өмір шындығының өнер шындығына (көркем шындыққа) айналу процесінің диалектикасын көрсетеді. Суреткердің творчествалық актінің диалектикасын ашып, эстетикалық сипатын анықтағанда ғана оның шығармасының көркемдік сапасы дұрыс бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет