1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет15/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53
28 Модернизм эстетикасы
Модернизм - (французша modern - жаңа, қазіргі, дәстүрге қарсы) – ХХ ғасырда көркем шығармашылықтың жаңа моделі ретінде көрінді. Модернизм - буржуазиялық әлем дағдарысының және олардың қалыптастырған сана типін белгілеген 20-ғ. әдебиет пен өнердегі философиялық-эстетикалық көзқарас. Модернизмнің философиялық және психологиялық негізіне А.Бергсонның интуитивизмі, Ф.Ницшенің философиясы, З.Фрейдтің психоанализі, К.Т.Юнгтің аналитикалық психологиясы, М.Хайдеггер, Ж.Сартрдың, К.Ясперстың, Н.Бердяевтің экзистенциализм концепциясы енді.
Модернизмде адам - өзі танып білмеген жауыздық күштің құрбаны, ол оның тағдырын қалыптастырады. Модернизмде бірыңғай, бірдей поэтика жоқ, ол алдына ондай мақсат қойған да емес. М.Пруст шығармашылығында («В поисках утраченного времени») «сана ағымы», психологиялық хаттар мен баяндаудың күрделі формалары, Д.Джойста («Улисс») мифологияның ерекше детализациямен байланысы көрінеді. Ф.Кафка прозасында («Процесс», «Замок» новеллалары мен тәмсілдері) модернизм поэтикасы түстер мен абсурд эстетикасы арқылы айқындалады.
Кафканың Прусттан ерекшелігі - стилінің қарапайымдылығы мен нақтылығында. Модернистік әдебиеттің негізі қоғамдағы ықпалды тенденциялар мен тұлғаның рухани тәжірибесінің терең және қарсы тұру мүмкін еместей алшақтағаны деген сенімнен тұрады. Қоғамнан, өмірден, қоршаған ортадан адамның күшпен алшақтануы, әрбір тұлғаның өмір сүруден суынуы. Осы әлемнің абсурдтығын өздерінің танымымен көре білуі т.б. тұрады. Франц Кафка, Джеймс Джойс, Марсель Пруст сынды модернист-жазушылар шығармаларында белгілі жағдайда мистикалық сарын болғанымен, ХХ ғ. буржуазиялық қоғамның даму өзгешеліктерін, ерекшеліктерін ашып берді. Осы әлемнің абсурдтығын өз танымымен көре білді. Модернизм қазақ әдебиетінде қалыптасқан ұғымдағы бағыт дәрежесіне көтеріле алған жоқ. Әлемдік әдебиет тарихында ол ХХ ғасыр басындағы бірқатар бағыттарда, тенденцияларда, әсіресе символизмде (оның ішінде орыс және француз символизмінде), неоромантизмде, импрессионизмде, абстрактиционизм т.б. көрінді. Модернизм белгілері – жазушының барынша ашық және еркін түрде өзін-өзі ашуы, көркем тілді барынша жаңартуға, жаңаша түлетуге ұмтылысы, өзіне жақын нақтылықтан гөрі алыс тұрған универсалды, мәдени-тарихи дүниеге назар аударуы. Осы қасиеттерімен модернизм классикалық реализмнен гөрі романтизмге анағұрлым жақын тұрады. Зерттеушілер романтизм эстетикасынан поэтикалық екіұдайылық пен қосәлемділік идеясын өзіне мұраға алған модернизмде суреткер идеалды әлем мен реалды әлемнің арасындағы қақтығыстың зардабын тартатынын» жазады. Романтизмді реализммен қатар қарастырудан гөрі модернизммен бірлікте қарастырған жөн. Романтизмнің модернистік таныммен кей мәселелерде тамырласып жатқан тұсы бар. Екі бейнелеу тәсілінде де жазушылардың дүниетанымдық аңсарынан кейіпкердің өзін жалғыз сезінуі, пенденің ортамен қарама-қайшылығы, тоқтамас арынды заманның технократиялық болмысынын сескену, рухани ізгіліктердің тапшылығынан зардап шегу сарыны аңғарылады.
Модернизм ХХ ғасыр басында қаламгерлердің әлемдік соғысқа, адамзат дамуындағы дағдарыстарға көзқарасын білдірді. Модернизм жеке тұлғаның санасын рухани ауытқулармен байланыста алып қарады. Модернистер әлемдік деңгейдегі қоғамдық қайшылықтар, санадағы қақтығыстар кезінде адам дүниенің мағынасыз екенін, өзінің фәнидегі жалғыздығын түсінеді деген пікірлерді алға тартты. Жалғыздық қасіреті қоршаған ортаны адамның жатсынуы модернизм өкілдерінің шығармаларында айрықша көрініс тапты. Қоғам мен адам арасындағы қайшылық сарыны тұрғысынан романтизм эстетикасымен ұқсас тұстары болды. Қазақ прозасындағы адам табиғатының трагедиялығы, болмыстың адам тіршілігімен үйлесе бермейтін қайшылығы бейнеленген, адамның панасыздығын, қорғансыздығын меңзейтін шығармаларда романтикалық сипат пен модернистік ұстанымның берік байланысы жатыр. Қазақ әдебиетінде де модернизм ХХ ғасырда орнығып, өз дәуірінің мәдени қажеттіліктерінен туды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет