1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Батырлар жырындағы әсірелеудің түрлері



бет53/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

89. Батырлар жырындағы әсірелеудің түрлері
Мысалға Қобыланды батыр жырындағы қоштасуды алсақ болады:
«Қобланды батыр» жырындағы бір-бірімен тығыз байланысты «айрылыу», «қоштасу», «қоштасу өлеңі» ұғымдарына талдаулар жасай келгенде, алдыңғы екеуі жөнінде осы айтылғандармен тоқталуға болады, ал көркем әдебиеттің негізгі нысаны болып табылатын «қоштасу өлеңінің» сипатын анық көрсететін мысалдар мынандай болып келеді. Соның бірі әрі негізгісі батырдың ел-жұрты, туыстарымен қоштасуы.
Елімен қоштасуы: «Үйдің сырты жиылған Ағайын-жұрты есіткен. Жиылып жұрты жылады, Жіберуге қимайды Қобландыдай баланы. Киініп үйден шыққасын, Халқы ортаға алады. Жиылған жұртпен қоштасып, Қобландыдай батырың»бұл орайда жалпы көпшіліктің қоштасуы суреттелсе, келесі сәтте туыстарының жеке-жеке қоштасуы беріледі. Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі.


90. М.Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» әңгімесіндегі монолог
Мағжан Жұмабаев өзінің жазушылық, суреткерлік шеберлігін осы бір әңгімесінен-ақ айқын көрсете білді. Әйел тағдыры - қазақ әдебиетіндегі ең бір тамырлы, бұрыннан мол жырланып келе жатқан тақырып. Ескі ауылдың моральдік-әлеуметтік бейнесін, салт-сана ерекшелігін айқындаушы күрделі құбылыстың бәрі де осы әйелге көзқарас, әйел тағдыры арқылы өрбиді. М.Жұмабаев әйел басындағы қым-қуыт тіршілік құбылыстарын жүрегімен сезініп, түйсінеді. Әңгімені дамытушы - сезім күші мен ой ағымы. "Шолпанның күнәсі" әңгімесіне өзінше нәр, сыр бере түсуі ақын сезімінің, түсінігінің тереңдігінен. Шолпан образын ерекше бір сарын, тебіреніспен әкеліп енгізудің өзі жаңалық. Автор «Шолпанның күнәсі» әңгімесінде шығармашылық еркіндікке жекеленген әйел образы арқылы, оның мінез-құлқын, табиғатын зерттеу, танып-білу арқылы әйелдің адами-пенделік сезім арпалыстарын кеңінен қамти жазу арқылы барды. Әңгімеде бір Шолпанның болмыс-бітімін ашу арқылы жалпы әйел затының жан сезіміне терең шолу бар, сонымен бірге адамның тіршілік иесі ретіндегі жан сырын аршып, сол арқылы барша әйелдің басында кездесетін мінезді, табиғатты зерттеуге ұмтылу бар».
«Шолпанның күнәсі» әңгімесі жанры жағынан бұл – психологиялық әңгіме. Жан әлемінің құпия сырларын саралайды. Әңгіменің бас кейіпкері Шолпан – әр түрлі сыртқы жағдайлардың және ішкі толқыныстардың нәтижесінде үнемі өзгеріп, үрдіс дамып отыратын характер. Жазушы сол өзгерістерді жан диалектикасын жіті қадағалау жолымен көрсетеді. Осының арқасында бала көру сияқты қарапайым тақырып биік адамгершілік өреге көтеріліп, адамның құлықтылығы, бас бостандығы проблемаларына ойысады».
Сонымен қатар психологизм көркем шығарманың ұлылығын таныту үшін маңызды қызмет атқарады. Бұл жайлы зерттеуші Б. Майтанов: «Психологизмнің негізгі қызметі – өмірлік шындық пен көркемдік шындықтың жанды тамырластығын сақтау. Бұл ретте осы құбылыстың ішкі салалары есебінде даралау мен жинақтау, ұлттық, жалпыхалықтық, дерек пен қиялдап қосу, автор бейнесі, шығарманың заттық құрылымы іспетті түрлі мәселелердің өзара ықпал, әсері мен табиғи синтезін атау керек.
«Автор ішкі монолог арқылы Шолпанның жан дүниесін шебер бейнелейді. «Балалы болсам, әдемі өмірім бұзылады-ау», деп ойлайтын еді Шолпан…Бала туса күйеуімен екеуінің ортасында бір тікенек өсетіндей болушы еді…Қиюласып қосылған екі жанның арасына жат бір үшінші жан түскен соң, екеуінің де жалынды, екпінді махаббаты бүлінер, бәсеңдер, суынар деп қорқушы еді Шолпан.
Ішкі монолог кейіпкер жан дүниесінде әбден толысқан ойды бейнелейді. Шынында да, бұл – ішкі ой. Сыртқа ол танығысыз өзгеріп шығады. Өзіндей жас келіншектермен аулақта кеңескенде: «Баласыз өмірдің қызығы жоқ қой», — деп аузымен ғана айтады. Аузы айтқанды қолы істемейді. Істеткізбейтіні іші. Ішінен құдайға «Бала бере көрме!» деп жалбарынады.
«…Болашақ балаға ата болуға лайық кім бар?… Әзімбай… Әзімбай …Әзімбай қалай болар? Текті атаның баласы, өзі жас, дені сау, сымбатты жігіт».
Қорыта келгенде, «Шолпанның күнәсі» әңгімесінде ұлттық психологизмді пайдалана отырып, М. Жұмабайұлы Шолпанның бейнесі арқылы дәстүрлі қазақ отбасындағы үлгілі әйелдің үздік бейнесін көрсетті . Оны оқырманға анық сездіру үшін автор Шолпанды сан қырлы қасиеттермен мүсіндеген. Дәлірек айтсақ, отбасы бірлігін сақтаған, құдай қосқан қосағының бақытын ойлаған, ұрпақ жалғастыру қамына терең мән берген қазақи болмысты әйелдің бейнесін толық сипаттай білген.
61. М.Жұмабаевтың «Тұранның бір бауында» өлеңіндегі табиғатты суреттеу тәсілі
Ай туды, күңгірт кеш еді, алтын табақ,
Ару ғой Ай дегенің алтын қабақ.
Жүзінен сол сұлудың нұр төгілді,
Жапырақ – суда ойнаған алтын шапақ.
Жапырақ сәуле сүйіп дірілдеген,
Жел шіркін жаны күйіп күбірлеген.
Жерде су сылдыр қағып сүйінгендей,
Кей кезде күйік кернеп күрілдеген.
Ай қалқыды, сәуле аспаннан сорғалады,
Ағаштар ерке арудай ырғалады,
Арудың аққу мойны бұрылғанда,
Жұлдыздай жарқ-жұрқ етіп сырғалары.
Бөрік киген бұйра сеңсең қара ағашы,
Алқызыл алқа киер алма ағашы.
Бөленген сары алтынға тапал інжу,
Басына ақық сепкен тағалшасы.
Шиесі мөлтілдеген маржан екен,
Маржаны жерде жатар арзан екен.
Жамбыдай жақұты көп анар байғұс,
Тырбиып неліктен ол азған екен!?
Тізілген түйме меруерт тұтқа таптап,
Жандардай жарқыраған тәп-тәтті тап.
Жас өрік ай нұрында ақ алтындай,
Жас үзім – зүбәржаттан тізген шашақ.
Көк сұлтан, қызыл сұлтан – сұлтан егіз,
Бірі көк, бірі қызыл тәжі – жеміс.
Жан-жағың жемісті ағаш, аяқ астың
Жайнаған феруза гүл ұшан-теңіз.
Сыр сөйлеп сол гүлдерге сылдыр қағып,
Жатқаны тарам-тарам сулар ағып.
Тереңдік – мінсіз кезу, өн бойына
Қойған ба біреу әдей күміс жағып?
Сәуле ырғып талдың сұлу саласынан,
Неге ұзақ бұйра бұлттың арасынан
Алтын Ай – ерке сұлу шықпай қалды,
Арылмай жүрек анық жарасынан?
Бір жым-жырт басты неге баудың ішін?
Құлпырып, неге өзгертті гүлдер түсін?
Мынау жыр – шер жыры емес, хор жыры ғой!
Жыр қайдан? Өңім бе бұл? Әлде түсім?
Бұл – бұлбұл! Бұлбұл екен сиқыр көмей,
Не дейін, сонша сұлу, сиқыр демей!
Басында балбыратты, елжіретті
Біраздан жанымды ол алай-түлей!
Ертеден сені іздеген мен едім ғой,
Тұранға бір сені іздеп кеп едім ғой!..
Ширази, шеих Саади, Хайямдардың
Өртеген өзектерін сен едің ғой!..
Жүректе, мені де өрте, бір күл қалсын,
Жүректе, жоқ, күл емес, мың гүл қалсын…
Сайрарға өмір бойы судай сұлу,
Жанымда сиқыр жырлы бұлбұл қалсын…
Бебеу қағып, басты бұлбұл тербеткендей,
Тербетіп ырыс, аспанға өрлеткендей.
Ессіз боп бұлбұл құстың сиқырымен,
Кетті алып асау жүрек ырыққа көнбей.
Бергенде көтеріле от боп жанып,
Қиялдың толқындары алды қағып.
Толқыннан улы балды жұта бердім,
Кетпес-ау, мен татпасам, толқын танып.
Жұтсам да, жүзе бердім, сусын қанбай,
Қысылды кейде жаным шошынғандай.
Арылып бар күнәдан асау жаным,
Тәңірінің даргаһына бас ұрғандай.
Жүрек те арылғандай жарасынан…
Сонда Ай да бұйра бұлттың арасынан
Жарқырап шыға келіп, ақ жүзінен
Төкті нұр талдың сұлу саласынан.
Жан-жақта көлеңкелер көлеңдеді,
Көзіме әлденелер елеңдеді.
Жүрегім дүрс-дүрс соғып, айта бердім,
Айтқаным: «Аят бер»-ді, өлең бер»-ді…
Білмеймін, көктен кәусар нұр құйылды,
Неге екен, көзіме ыстық жас жиылды.
Жоқ, әлі улы балға қанбадым ғой,
Бұлбұлым, әнің неге тез тыйылды?
Дариға, аяқталмай, үзілді жыр,
Сұм жүрек жалын болып қалды ғой құр.
Бұлбұлдың әнін үзген не болды екен?
Мынау не: көлдің беті жыбыр-жыбыр?
Көл беті жыбыр-жыбыр, бақа: «Бақ-бақ».
Сайрасын енді қалай бұлбұл бейбақ?
Өмірдің өзгермейтін құрсын заңы –
Бір жақтан бұлбұл шықса, бақа шықпақ.
Жыршы құс бақырайған бақа көрсе,
Бақылдап тырбық бақа әнін бөлсе,
Ойласаң ,таң қаларлық дәнеңе жоқ,
Құсадан ақын бұлбұл үнсіз өлсе…
Түн өтті. Бозарғандай шығыс жағы,
Бақаның бітпек пе бір «бақ-бақ-бағы?»
Бұлбұлға сыйға тартқан сол сәулесін
Арсыз Ай бақаға да төкті тағы..
62. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романын көркемдік тұрғыда талдау
Романнның бас кейіпкері Ақбілек тұлғасын сомдаудағы жазушы шеберлігі, ондағы портреттік бейнелеудің ұлттық табиғи нақыштар, әйел образын жасаудағы дәстүрлі қалып пен жаңашыл ізденістер ғылыми тұрғыдан тұжырымдала­ ды. «Ақбілек» романындағы әдеби­көркемдік жетістіктер шығармадағы әйелдер бейнесінің бай га­ лареясы арқылы айқындалып, олардың әрқайсысының өзіндік болмыс ерекшеліктерінен көріс та­ батындығы жете зерделенеді. Сонымен бірге Ақбілек бейнесі қазақ әдебиетіндегі әйелдер образын сомдаудағы жаңа бағыт екендігі ғылыми талдау негізінде нақты дәлелденеді. Мақалада романда қазақ қызына тән ұлтттық тәлім­тәрбиеден қалыптасқан мінез­құлық ерекшеліктері суреткер ше­ берлігі арқылы типтік бейне жасаудың алғы шарты ретінде көрініс табатындығы жан­жақты ай­ қындалған. Әйел сұлулығын суреттеудегі көркемдік белгілер ұлттық бояу­нақыштан тамыр тартып жатқандығы ұлттық прозаның өзіндік ерекшелігі екендігі зерделенген. Романдағы Ақбілектен бас­ қа да әйел бейнелерінің жасалуы, олардың бір­біріне ұқсамас өзіндік ерекшеліктері шығарманың тақырыптық болмысын байыта түсетіндігі ғылыми тұжырымдалған.

ХХ ғасырдың басындағы алғашқы қазақ романдарында əйел бейнесі алғы қатарға шыққаны белгілі. Бұл жанрындағы қазақ əйелінің бейнесін сомдауға əдебиетімізде тұңғыш түрен салған Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», оған ілесе шыққан Спандияр Көбеевтің «Қалың малы», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы» əйел теңдігі арқылы жеке бас бостандығы тақырыбын көтерді. Сол алғашқылардың бірі болған Жүсіпбек Аймауытов қазақ классикалық романының төлбасына саналатын «Ақбілек» романында адам тағдырын ел тағдырымен бірлікте алып, қоғамдық ортаның саяси-əлеуметтік ахуалымен тығыз байланыста суреттейді Егер аңдап қарар болсақ, олардың қай-қайсыннан да тəуелсіздік идеясының көрінісін тану қиын емес. Өткені олардағы оқиға өрбуінің тынысы адам еркіндігінің болмысымен тығыз байланысты болып келеді.


Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы қазақ прозасын үлкен бір белеске көтерген күрделі шығарма. Автор қазақ қызы киліккен қасіретті көрсету арқылы аласапыран тұстың озбырлық бейнесін ашады. Оны сол нəубеттен, тағдыр талқысынан құтқарған жаңа өмір салтымен бірге кейіпкер бойына жинақталған ерік-жігер құдіреті екендігі романда айрықша ақындалған. Ұланғайыр уақыт пен жалпақ кеңістікте тағдырдың тар қапасына қамалған Ақбілек қасіретін оның өзін қоршаған ортаның қыспағына іштей қарсылығы мен адами күресін автор психологиялық талдау арқылы кейпкер жан дүниесіне бойлай отырып ашады.
Осынау қос ғасыр тоғысындағы қазақ қоғамы болмысын қазақ қызының қиын да қорлықты өмір сəті арқылы танытуға бағытталған романның арпалыс пен күрестен тұрар өмір күйінің тиегін ағытуы қалай десеңізші!!!
«Ақбілек» романынан ілкі көзге шалынатын Жүсіпбек Аймауытов қаламына тəн бір бел гі – ақынжандылықпен кұбылта жазар қалам жүйріктігі. Бұл стиль оның кейінгі жазушылық шеберлігінің айқындауышына айналды десекте болады. Қаламгер ырғақты ұйқас үлгісімен төгіліп түскен жолдар арқылы оқырманды ə, дегенде-ақ, өзіне еріксіз баурай жөнеледі. Қаламы жүйрік жампозды өзіне сөз берелік: «Өскеменнің аржағында, Бұқтырманың оң жағында əлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар.
Алтай, Күршім не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күні жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы марқакөлі, Марқакөлді алқалаған – ақ ауылды Алтай елі».
Иə, шығарма төгіліп түскен шұрайлы тіл өрнектеген Алтай табиғатының таңғажайып сұлу суретіне оқырманды осылайша тамсантады. Сөйтіп жазушы тебірене жазған сұлу Алтай, сол Алтайды мекен қылған сұлу арулар тағдыры кімді болса да қызықтырып, шытырманды оқиғалар иіріміне, тылсым сырлы сезімдер тереңіне тарта жөнеледі.
Романның құрылымдық жүйесі Ж. Аймауытов шеберлігінің бір ерекшелігі ретінде танылады. Автор бірде баяндай отырып кейіпкерін сөйлетіп, шешуі қиын жұмбақтың сырын тарқатса, енді бірде тыңнан қосылған жаңа сарынды сюжет дамуының жаңа бір белесіне айналдырып жібереді. Оның бəрі бас кейіпкер Ақбілектің тартысты тағдырының үш кезеңімен жымдасып кеткен бүтіндік табады. Сондықтан шығарманың жалпы даму желісінде бірде-бір оқшау оқиға, қисынын таппай тұрған тосын сюжеттер жоқ. Жалпы Ж. Аймауытовтың «Абілек» романында кер заманның ең бір құбылмалы тұсында сынға түскен қазақ қызының жігер-қайраты мен ақыл-парасаты арқасында өз ортасынан озып шығып, биік қоғамдық сатыға көтерілуі көркем бейнеленген. Романның бас кейіпкері Ақбілек – əке-шешесінің көзінің ағы мен қарасындай ерке өскен, ажарына ақылы сай елге сыйлы ару. Жазушының Ақбілек портретін сомдауы да сонша сырлы: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп...». Ал енді жазушы кейіпкер портретін шығарманың өн бойындағы салмақсапасына, оқиғалар желісін дамытуға орай түрлендіріп отырады.
Орыс ортасынан оралғаннан кейінгі Ақбілектің мінезделуін жазушы Бекболаттың көзқарасы арқылы танытады: «... алғаш барып көргендегі оның түрі қандай еді! Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып, сүйріктей еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді! Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түре келгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жүріп, жеңгесімен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап, тəп-тəтті күлгені; əнтек жылмиып келіп, шай жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш саусағының ұшымен шын-аяқ əпергені, салалы қою кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны;... «Қош болыңыз» дегенде, көзін жалт еткізіп, басын əнтек изеп, артынан қарап қалғаны, – бəрі-бəрі сондағыдай сайрап көз алдыңа келеді».

Міне бұл бір кездегі бақыттың бесігінде тербелген Ақбілектің сүйген жігіт көзімен бедерленген сұлу суреті. Автор бұдан кейінгі оқиғалар дамуында Ақбілектің портретіне біртіндеп жаңа қажетті сипаттарды қосып отырады. Сол арқылы біз Ақбілектің мінездеме суреттерімен толығырақ таныса түсеміз. Сондықтан да біз Ақбілекті қашан да болса, қандай бір жағдайда болмасын соншалықты бір жылықпен қабылдаймыз. Ол романдағы қат-қабат оқиғалар тұсында əр кезде-ақ сезіліп тұрады.


Кейіпкердің жан-дүниесі өз басынан өткерген қиындығы мен қияметі жетерлік оқиғалар үстінде ашылады. Ақбілек қасіреті жалғыз оның ғана емес, зобалаңды заманда бастарына қара бұлт үйірілген, тағдыр талқысына түскен қазақ қыз-келіншектерінің ортақ қасіреті болатын.
Уақыт куəгері Жүсіпбектің жүрегіне ақ əскерінің осындай айуандық қылықтары жазылмас жара салған-ды. Уақыт өте келе, көрген мен түйгеннің пісіп-жетілген көркемдік болмысы суреткер қолына қалам алдырды.
Бұл шығарма – жазушы көкірегінде ұзақ піскен, қайнауы əбден қаныққан ізденістің жемісі. Автор Ақбілек қасіреті арқылы зұлмат жылдар халық басына төндірген қасіретті ашуға ұмтылады. Ары тапталған ардақтаған ару тағдыры – құлдықтың құрдымына бет алған ұлт тағдырының символы іспетті.
Ұлтымыздың тəрбиелік, салт-дəстүрлік ұғым-танымы тұрғысынан алғанда, Ақбілек тап болған жайт – адам төзгісіз қасірет!..
Бірақ айуан мінездес қаракүштің дүлей соққысына қарсы тəні таза, жаны пəк, ары аппақ сүттей нəзік қыз қалай күреспек, не айла етпек?!.. Жазушы қолға түскеннен соңғы есін жиған тұста Ақбілек алдына осындай сұрақ тартады. Суреткер сол сəттегі Ақбілек жан-дүниесіндегі қиналысты, жүйкеге ауыр салмақ артқан күйзелісті кейіпкердің ішкі əлемінің астарын аша отырып бейнелі жеткізеді: «Өңі-түсі екенін біле алмай, көзі алас ұрып, қостың ішін сипай сүзіп шықты да, түндегі оқиға есіне түскенде, қайнап шыққан бұлақтың көзіндей, жасы мөлтілдеп, жылап ағып қоя берді. Саңғал киізден сығалап, аңғал шуақ Ақбілектің бетіне түсіп, жайраңдаса да, телегей аққан жасын құрғатуға септігі болған жоқ; жанын жанышқан қараңғылық жарық дүниені аңсатты, əйтседе жарық сəуледен көзін біржола жұмбады, құтылмасына көзі жеткен соң, тым болмаса мына саусылдаған сары қолдың ішінен бір сытылып, даланы бір көргісі келді.
... Төрт құбыладан бірдей үстіне төніп тұрған ақар-шақар тауларға да, тауға біткен үйірімүйірім сабалақ жүнді орманға да, тау басында қалықтап жүрген бүркітке де, тауға тырмыса жайылып жатқан құмырысқадай жылқыға да, қостан аулағырақ өзен құлай шыққан шоқ-шоқ бұтаға да Ақбілектің көзі тоқтап тұра алмай, сырғанап келіп, жерошақ басындағы қазақтың қара құманына, қара астауға, шырық шөмішіне тоқтады. Орыстың қолына түскен əлдекімнің шөміші екен? Сорлы шөміш! Мен де сенің сыңарың ғой дегендей, мұңдасқандай, көзіне тағы жас алды».
Жазушы адам жан дүниесінің қыр-сырына қалай бойлайды десеңізші! Кеше ғана «Мамырбайдың Ақбілегі» атанып «ақ көйлегін көлеңдетіп» жүрген күндер де, көз жанарын ұрлайтын көріністер де енді оған жат, сұрықсыз, керісінше, жайда көңіл тоқтамайтын қарапайым ғана заттар қандай ыстық көрінеді Ақбілекке! Өйткені жансыз болса да олар – туған жұрттың көзіндей жəдігерлер. Ақбілекпен олардың тағдыры бір іспетті. Олардың өзіндей һарамның қолжаулығына айналған мұңдастардай көзіне оттай басылуының сыры осында. Жазушы осыны қалт жібермей, тасқа басқан маржандай мөлдіретіп жеткізеді.
Ақтардың қолына түсіп, орыс əскерлерінің қорлығына ұшырап, ауылына оралу – күнəсіз де пəк қыз үшін өте ауыр масқара іс. Міне, осы сəттегі Ақбілектің іштен тынуын, өзімен-өзі арпалысуын, шешімге келуін автор психологиялық талдау арқылы танытады. «Ақбілек əкесінің оңашада бір ауыз тіл қатпағанына қапа болды. Ол түгілі əкесі Ақбілектен оңаша қалудан қашатын тəрізді. Әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткелдің түскенін Ақбілектің жүрегі сезеді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?.. деп сарылып, сарғайып күтеді; əкесінің көзі түсер ме екен деп, жансыз аңдып та отырады. Бір қараса қайғысы жеңілдейтіндей, бақытты болатындай көреді. Сонда да əкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен мынау қатты батты».
Жазушы əке мен бала арасындағы қатынас арқылы Ақбілек тағдырының қиынды қырларының сан салалы қыртыстарын ашады. Жаны нəзік, болмысы берік қыз бен ойы бұзық жұрттың арасындағы ой алшақтықтың адам аспас асуының биігі осылай алынады.
Ақбілек қарапайым қазақ қызы болғанымен, оның ең басты ерекше қасиеті – сезімталдығы. Оны көп қиындықтан құтқарған да осы сезімталдық. Ол ең алдымен, Қарамұрт офицермен қарым-қатынасы кезінде анық сезіледі. Алғаш көргеннен – қоштасқанға дейінгі аралықтағы ісəрекет, ішкі құбылыстан біз осы қасиетті анық танимыз.
Жазушы жаны жаралы, көңілі қаралы қыздың өмір мен өлім күресі сəтінде ішкі түйсікті арпалысын терең тебіреніспен жеткізеді. «Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз... Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ тұрсын, атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса үмітсіз сайтан. Өз еркімен келіп отырған жоқ, қара күшке тағдырға не шара? Жамандығынан мұндай болған жоқ... Ақбілекті кім жазғыра алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар? Азар болса, жазықсыз құрбан болып жатқан көп қорғансыздың, көп сорлының бірі шығар.
Ойдан ой қуып, басы даң боп, шапанының етігіндегі май тамғанға қарап отырғанында, тым-тырыс күте қалған қарамұрттың ыстық қолы қолына келіп тиді. Ақбілек қабағын ауыр бір қағып, «менде не ерік бар?..» дегендей, терең қасіретпен оның бетіне қарады. Қара мұрт тілмəшіне иек қағып шығарып жіберді де, Ақбілектің қолын өзіне тартып, ерніне апарды. Ақбілек қасарысқан жоқ».
Жауыздық пен қатігездік шегіне жетіп тұрған ортаға түскен «тағы» қыздың тағдырына арашашы болған қарамұрт қан жылаған жүректің түнегін түрген сезімнің ақ сəуле шуағы еді. Ол тағдыр тəлкегіне ұшыраған кыздың соңғы үміті, жантүршігерлік ортадағы қорқыныш пен үрейді сезімге жеңдірген тірегі де.
Екіншіден, барша қиындыққа төзе білген Ақбілек – батыл да шешімшіл қыз. Оны атып кетуге бекінген Қарамұрттың оғынан құтқарған да осы батылдық. «Алтыатарын алып, Ақбілекке кезене бергенде, Ақбілек шаңқ етіп, безілдеп кезеулі мылтыққа қарсы жүгірді. Қарамұрттың кезенген қолы сылқ етті. Алты атары жерге түсіп кетті».
Қорлық атты қаратүнектің құрсауынан ерікті билеген ерке сезім құтқарған қыздың ажалға қарсы шабуы, осынау шын махаббаттың құдіретіне сенгендік еді. Жүрегінде қатігездіктен қуат алған қанішерлік пен пəк сезімнің тылсым күші қатар арбасқан қату қабақ, қанды қол орыс офицері қыз жанарынан осыны ұқты, ұқты да аз уақыт болса да алданышына ғана емес, шынайы махаббатына айналған аруды өлімге қия алмады.
Ақбілек табиғатындағы бұл қасиеттің психологиялық дəлелін жазушы оның қараңғы түндегі қамаған қасқырмен арпалысынан да аңғартады. Кейіпкердің қорқынышын ақылға жеңдірген де осы батылдық болатын. Өмір мен өлім арпалысқан осы бір сəтте жазушы кейіпкер психологиясына терең бойлап, ол тұрғыдағы оқырман танымын бекіте түседі.
Мұндағы автор қолданған əдістің бірі, шығармашылығының ерекшелігін айқындайтын көрсеткіш көзі – монологтар. Ж. Аймауытұлы өз ойын кейіпкер сырымен астастыруда осы бір əдістің небір түрін шебер қолданады. Ж. Аймауытұлы монологтары ойлау, армандау, еске түсіру, диалог іспетті құбылып келе береді. Олар көбіне кейіпкердің ішкі əлемін, мінез құлық сипатын терең ашуға қызмет етеді.
Ақбілек тағдырының тауқыметі мұнымен бітпейді. Оны алда ет-жақындарының, тілі бір тілдесінің, діні бір діндестерінің қорлығы күтіп тұр еді. Төсек жаңғыртқан əкесі Мамырбайдың қатал мінезі, өгей шеше Өріктің өсек-аяңы, айттырған жігіті Бекболаттың суынуы – Ақбілек алдынан тосқан «тағдыр сыйы», өмір сыны. Ақбілек жүрегіне қосымша жүк артқан сол күндердің қасірет күйін жазушы кейіпкер ойы арқылы былай береді: «Бір қайғының үстіне бір қайғы жамылып, Ақбілек ең соңғы алданышынан айырылғандай, ойын қара тұман басты. Кешегі «өлгенім жақсы еді», деген ой тағы келді. Өзін бұл дүниеге керексіз, артық адамдай, жұртта қалған бұралқы, жұрым күшіктей көріп, табан тірерлік, сүйенерлік, аяқ астында алақандай жер қалмаған адамша жаны түршігіп, жүрегі ауызына тығылып, көзінің жасы көл болып аға берді, аға берді...».
Осынау қорлық пен мазаққа Ақбілекті шыдатқан қандай күш?! Ол – Ақбілек бойындағы үшінші қасиет – төзімділік. Жаны нəзік қыз болғанымен, Ақбілек керемет қайсар. Бұл оның өзі сезінбегенмен, туа біткен табиғатында бар қасиет. Автор Ақбілек бойындағы мұндай ерекше қасиетті əрбір қажетті сəтінде, керек кезінде ашып отырады. Мəселен Орынбордағы оқу кезіндегі қиындықтарды жеңе білу де оның осы төзімділігінің арқасы. «Бес жүзге тарта бала бар. Үй тар. Отын кем. Жұмасына бір жаға ма, жақпай ма. Үйдің іші былғаныш, сасық. Көп бала сасытпай тұра ма? Тесікті ашсаң, азынап суық кіреді – ауырып қаласың. Ашпасаң тұншығып кете жаздайсың. Оның үстіне тамақ та жайсыз. Ашаршылық жылы ғой. Таласып тармасып, күніне жарты қадақ нан, бұлдыры жоқ картоп салған сорпа ішесің. Кешке бір қайнаған су. Оқу оқып жетілгеннен бұрын, аштан өле жаздадық. Талай бала ауырып шығып кетті. Өлгендері де болды. Қыстың аяғына жете алмай, мен де жүдеу басқа айналдым».
Жазушы кейіпкерін жиі сын тезіне салып, сын сағатындағы мінез-құлық иірімдерін, ішкі жан дүниесін тап басып танытады.
Ақбілектің оқу іздеп шығуы да дəлелді. Ақтар арасында болғанда Ақбілектің тəніне ғана емес, жанына да өзгеріс енген еді. Өзі түсінбегенмен, оның жанына өзге бір əлем, өзге бір қарым-қатынас дəнін еккен Қарамұрт болатын. Ол ауылдан бекер кеткен жоқ, санасына жарық түсірген болымсыз сəуленің шырағын іздеп кеткен-ді.
Арада бес жыл өткеннен кейінгі Ақбілек – енді мүлде бөлек жан! Көкірек көзі ашылып, санасы жетілген, білікті де білімді адамды көреміз. Балташтай өзіне тең серігін тапқан Ақбілек – тағдырмен күрестің жеңісін көріп, жемісін татқан бақытты əйел. Оның жан жарасын жазған көзі ашық, көңілі ояу, қадірін білер Балташты кездестіруі немесе ұлы Ескендірмен табысуы ғана емес, сонымен қатар санасына нұр шашқан оқу-білім қуаты.
Жүсіпбек кейіпкерлері туралы аймауытовтанушы ғалым Р. Тұрысбек: «Романда жекеленген бейнелердің монологтары, өмірдегі мұраты мен міндеттері айқын бейленген» [1, 61], — деген түйін жасайды
Жүсіпбектің кейпкер жан-дүниесін ашудағы шеберлігіне: «Жазушының палитрасы өте бай. Бірде автор атынан төгілте əңгімелесе, бірде кейіпкерлердің өзіне сөз беріп (офицер, Бекболат, Мұқаш) олардың өздерін сөйлетеді. Енді бірде автор кейіпкерлердің жан дүниесіне еніп, солардың не сезініп, не қойғанын, не ойлағанын солар болып баяндайды. Кейіпкерлерінің жан дүниесі, психологиялық құбылыстары, қуаныштары, күйзелістері, мақсаттары мен армандары жазушы назарынан бір сəт қапас кетпейді. Мейлінше көркем, мейлінше айқын сөйлемдер əндетіп терме-жыр айтып отырғандай əсер береді. Қазақ ауыз əдебиетінің ең озық, Шығыс пен Батыс əдебиетінің көркем қара сөз жəне дастандық үлгілерінің бір-бірінен қабысқан, ұштасқан жерін Ақбілектен көрдім дер едім» [2] – деп кезінде жазушы Сайын Мұратбеков орынды бағасын берген-ді.
Ақбілектің жаңа өмірі басталған сəттен бастап, оған өздерінің сезімін ашқан Балташ пен Ақбала жаңа заманның адамдары ретінде көрінеді. Жаңа өмірдің салтына қадам басқан Ақбілек өмір белесіне қол ұстасып, қатар қадам басар серік іздеген сəтте өмір-тағдыр қос таңдауды алға тосады. Ақбілек тағдырдың талқысына түскен өмір атты қиын да қызықты құбылыстың қилы қиындықтарынан өткен жан ретінде, адалдық пен адамдыққа бас ұрады. Сөйтіп, көрсеқызар Ақбаладан гөрі, азаматтығы адамдығымен астасқан Балташты таңдайды.
«Ақбілек» романы – қазақ халқының ұлы өзгерістер тұсындағы қасірет-тауқыметін, жаңа өмірге бет бұрысын қарапайым қазақ қызының тағдыр-талайы, талғам-танымы арқылы кең көлемде көрсеткен толымды туынды» [3, 176].
Бұл шығарма туралы академик С. Қирабаев мынадай тұжырым жасағанды: «Қазақ романының алғашқы үлгілерінің бірі бола тұрса да, Жүсіпбектің бұл жанрдағы ізденісінде «Ақбілек» көрнекті орын алады. ...ол бұл шығармасында адам характерін тереңірек ашуға, кейіпкердің психологиялық жайларын толықтыруға көбірек көңіл бөлді. Жазушы суреткерлігі де артып, оның авторлық позициясы айқындала түсті. Сондықтан «Ақбілек» қазақ романының туу тарихында да, жазушы шығармашылығында да алғашқы кесек үлгі болып саналады» [3, 376].
Біздің бұған қосарымыз, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» атты классикалық шығармасы қазақ əдебиетіндегі əйел бейнесін кең түрде жан-жақты ашып, айшықты сомдаған тұңғыш көлемді көркем туынды. Оған талас болмаса керек-ті. Жүсіпбек Аймауытов шығармашылық шеберлігінің мың сан шындығының бір сыры осында жатыр.
63. «Мезгіл әуендері» шығармасындағы пейзаж (О.Бөкей)
Кейбір зерттеушілер Оралхан Бөкей-дің шығармашылық өсу жолында «роман-тизмнен реализмге қарай бет бұру» байқалады дейді. Бірақ осыған қарап жазушының шығармашылық өсу жолында романтизмнен реализмге қарай толық көшу деп түсінбеу керек. О. Бөкейдің даусыз реализмін мойындай отырып, біраз зерттеушілер оның алғашқы шығарма-ларындағы романтикалық сарын кейіннен реалистік прозаға ұласты деп пайымдап жүр [3; 80]. Жазушының алғашқы шығармаларында романтикалық сипаттың басым болғаны дау тудырмайды. Бірақ нағыз реалистік шығармалар деп бағаланған, 1984 жылы жарық көрген «Біздің жақта қыс ұзақ» жинағына енген повестестерінен-ақ романтикалық сипат анық байқалады.

Оралхан Бөкей адам мен табиғаттың терең байланысын, бұзылмас бірлігін пантеистік сенім дәрежесіне дейін көтерген адам болмысының мәңгілік мәселелерін романтикалық, философиялық тұрғыдан бейнелей білген. Жазушы шығармаларында кейіпкердің жан күйзелісі, сезімі табиғат құбылыстарымен егіз бейнеленіп, адам мен табиғат арасы ажырамас бірлікте болады. Табиғат – жазушы үшін рухани тазарудың, рухани жаңарудың түрі, тазалық таразысы. Ол табиғат пен шығарма кейіпкерінің тіршілігін байланыстыра суреттейді, себебі табиғатты тереңнен сезінбесең нағыз жазушы бола аласың ба? Оралхан Бөкейдің романтикалық пейзаждарындағы табиғат адамға тән сезімдер мен мінезге ие болады. Жазушы табиғатқа адам іс-әрекетін береді, сондықтан да табиғат суреті антро-поморфозды қасиетімен ерекшелінеді. Мұндай тәсіл – романтизмге тән белгі-лердің бірі болып саналады. Жазушының «Мезгіл әуендері» (1973), «Табиғат-Өмір-Адам» (1974) атты шығармаларында табиғат бейнесін романтикалық тәсілмен бейнелеп жазған. Бұл туындыларда автор мен лирикалық кейіпкер бірігіп кеткен және бірегей образға айналып кеткен.


Жазушының дүниетанымының басқа жазушылардың дүниетанымынан бір ерекшелігі, адам мен табиғат бір тұтас бірлікте болатынын да. Жазушы үшін табиғат – идеал. Табиғат – сұлулықтың, тазалықтың, мәңгілік үйлесімнің мекені деп бейнелейді. Адам табиғатқа тәуелді дейді, ал табиғат керісінше адамға тәуелді емес деп философиялық тұрғыдан пайым-дайды. Адам мен табиғаттың терең байла-нысын, бұзылмас бірлігін жазушы пантеистік сенім дәрежесіне дейін көтерген. Жазушы шығармаларында кейіпкердің жан күйзелісі, дүниетанымы, сезімі табиғат құбылыстарымен ажырамас бірлікте болады.
64. М.Мақатаевтың «Санаулы күн» өлеңіндегі қайталаудың түрі
Санаулы күн
Санаулы ай
Санаулы жыл
Санай жүріп самайлар ағарды кіл
Уақыттан не пайда санағаннан
Алатұғын өмірде бағаңді біл
Қанша күнің санап көр текке кетті
Қанша жанды санап көр өкпелеттің
Адамдықтан адасып қанашама рет
Қанашама рет ауытқып,шетке кеттің
Қанша жүрек түбінен орын тептің
Қанша адамның жүзіне шуақ септің
Қаншама рет қуанып бардыңдағы
Қанша адамның алдынан жылап кеттің
Ал,қанеки,
Санап көр сағынышым
Сарқылмастан тұрғанда сана күшің
Не жақсылық көрсетті адам саған
Не жақсылық жасадың адам үшін
65. І.Жансүгіров өлеңіндегі дала бейнесіне талдау

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет