1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі



бет32/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53
Байланысты:
Жанузакова жауап (2) (копия)

45. Классицизм.
Көркем мәдениеттің, әдебиеттің даму тарихында көптеген әдеби бағыттар болды. Классицизм (лат. үлгілі) -Еуропа әдебиеті мен өнерінде ХҮІ-ХҮІІ ғасырлар белесінде дамыған көркемдік стиль мен эстетикалық бағыт. Классицистер антика өнерінің озық үлгілерін, қайта өрлеу эстетикасын, антика теоретиктері (ең алдымен Аристотель мен Гораций) белгілеген нормаларды бағдар тұтты. Классицизмнің тууы Еуропада абсолюттік монархияның дәуірлеуімен тығыз байланысты болды. Қоғамдағы осы хал әдебиетке де әсер етті. Классицизм Францияда қарқынды дамыды. Жан Расин, Мольер, Пьер Корнель т.б. француз драматургтері әдеби шығармаларын көне классиктердің, антика әдебиетінің нормаларына сүйене жазды. Н.Буало «Поэтикалық өнер» трактатында классицизмнің теориялық негіздемесін, эстетикасын жасап, бейнелеу принциптерін айқындады. Бұл еңбек осы бағыттың әдеби манифесі, бағдарламасы ретінде танылды.
Классицизм эстетикасы өнерде жанрлар иерархиясын орнатты. Олар жанрлар теориясына көп көңіл бөлді. Жанр- ларды «жоғарғы» (трагедия, эпопея, ода) және «төменгі» (комедия, сатира, мысал) деп жіктеді. «Жоғарғы» жанрлар жалпы мемлекеттік проблематиканы қамтыды, кейіпкерлері де ақсүйектер, патшалар болды, ал «төменгі» жанрлар жеке мәселелер мен адам табиғатының (қоғамның төменгі тап өкілдері) абстрактылы кемшіліктерін (сараңдық, екіжүзділік, атаққұмарлық) арқау етті. Классицистер көркем шығармаға тұрақты шарттар ұсынды. Классицизм өнерінде негізгі назар жекеге, кездейсоқтыққа, жалқыға емес жалпылыққа, жинақтауға ауды. Негізгі қаһарманы - қолбасылар, патшалар, корольдер. Сондықтан әдебиеттегі кейіпкер характерінде жеке тұлғалық ерекшеліктер жоқ. Ол - тұтастай адамдар типінің жинақтық бейнесі. Кейіпкерлері не мінсіз жақсылар, не - іске алғысыз жамандар. Шығармалардың тақырыбы да қоғамдағы елеулі, ірі тарихи оқиғалар. Тілі - көне антика үлгілерінде сияқты көтеріңкі, пафосты және шешендік, көсем сөздер молынан. -
Ақыл категориясы классицизм ашқан көркемдік конфликттің жаңа түрін қалыптастыруда елеулі роль атқарды. Тартыс ақыл, мемлекет алдындағы парыз, қогамдық мүдде мен сезім, жеке мүдде арасында өтті. Қақтығыс қалай шешілсе де, мемлекет алдындағы парызын жеке өмірінен жоғары қоятын азамат тұлғасы классицистердің эстетикалық идеалына айналды.
Классицизм жазушылары трагедияға көп көңіл бөлді.
Ода жанры классицизм дәуірінде (17-18 ғғ.) поэзияда қарқын алып, жаңа биіктен көрінді. «Жоғары жанрлар» қатарына кірген ода канондық тақырыптарға арналып, жоғарғы стильдің жетекші жанрына айналды. Ода жанрын дамытушы классик ақындар қатарында Ж.Б.Руссо, Ф.Малерб, Э.Лебренді атаймыз. Ресейде XVIII ғасырда Ломоносов, Державиннің одалары туып, кейіннен осы жанр рухына А.Пушкиннің «Чаадаевқа» өлеңі, Ю.Лермонтов, Рылеев олендері сай келді. Классицизм дәуірінде трагедия да, комедия да жақсы дамыды. Мольердің «Тартюф», «Сараң» комедияларында драматургия жаңа көркемдік биікке көтерілді. Ресейде А.С.Грибоедовтың «Ақылдан қайғы» әлеуметтік-сатиралық комедиясында орыс қоғамындагы надандық, қараңғылық, жағымсыз өмір құбылыстары сыналады. Осы ретте Салтыков- Щедрин, А.П.Чехов комедияларын да атауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет