1. Әдебиеттегі көркем образ және образдылық мәселесі


Поэма. Өзіндік ерекшелігі мен жанрлық түрлері



бет35/53
Дата27.11.2023
өлшемі3,44 Mb.
#129667
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
48. Поэма. Өзіндік ерекшелігі мен жанрлық түрлері
Поэма (грекше pоіета жасаймын, тудырамын) — өмір құбылыстарын кеңінен қамтитын, баяндауға немесе лирикалық сюжетке құрылған, көлемі үлкен, өлеңмен жазылған шығарма. Поэма- қазақ әдебиетінде өркендеген, қалыптасқан, дамыған түр және екі тектің қасиетін жинақтаған лиро-эпикалық, аралас жанр. Фольклордағы эпос үлгілері: батырлық, ғашықтық жырлар, жыр-толғаулар, Абай дәуіріндегі шығыстық сюжеттерге негізделген дастандар - осы жанрға жол салған қайнар-көздер. Ш.Құдайбердиевтің «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», М.Жұмабаевтың «Батыр Баян»,«Оқжетпестің қиясында», І.Жансүгіровтің, С.Сейфуллиннің
поэмалары ұлттық характер қалыптастырып, қазақ әдебиетінің көркемдік қазынасын байытты. Қазіргі қазақ әдебиетінде поэма-диалог (Ж.Әбдіраштың «Келешекпен кездесу», Ж.Нәжімеденовтің «Алдар көсе немесе диалогтар»), публицистикалық поэма (Ж.Әбдіраштың «Дәуір дабылы»), поэма-монолог (Ж.Әбдіраштың «Ертегім менің - ертегім»), М.Шахановтың «Өркениеттің адасуы», «Жазагер жады космоформуласы» роман-поэмалары т.б. осы сияқты жаңа жанрлық түрлері бар.

49. Мысал жанры.
Мысал — шағын көлемді , тәрбиелік, тағлымдық мәні бар шығарма. Көбінесе аң, xайуанаттар,жәндіктер туралы жазылады. Сол арқылы адам бойындағы мін,әлеуметтік ортадағы кемшіліктерді кекесін ретінде жазады.
Мысалдар жай мәтін ғана емес, әңгімелер де емес. Әр мысал бір нәрсе бере алады, бірдеңе үйрете алады, онда белгілі бір шындық, белгілі бір сабақ, біз өмір сүріп жатқан әлемнің кіші немесе үлкен заңы бар. Мысалдар арқылы жұмбақ әлемнің заңдары туралы білім алуға болады.
Сонымен қатар, мысалдарда қол жетімділік жеңілдетілген, өйткені мысалдар — бұл жүрекке тікелей енетін сөздер жиынтығы. Абул Фараж ақыл-ойды сергітетін, қайғы мен қасіретті жүректен шығаратын ертегілерді мысалдар деп атады. «Олар қайғы-қасірет шеккендерге жұбаныш, жүрегі жараланған адамдарға арналған емдік май, тәлімді жақсы көретіндерге нұсқаулық және күлкілерді білетіндер үшін жақсы дос болсын», — деп жазды ол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет