1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары Жауабы


М.Х.Дулатидың еңбегіндегі сопылық ілімнің рухани-дүниетанымдық маңызы



бет31/67
Дата15.02.2023
өлшемі325,34 Kb.
#68026
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67
Байланысты:
1. Åæåëã³ ñàòàðäû äíèåòàíûìäû ñòàíûìäàðû ìåí ðóõàíè íäûëû

36. М.Х.Дулатидың еңбегіндегі сопылық ілімнің рухани-дүниетанымдық маңызы.
М.Х.Дулатидің философиялық көзқарастарының қалыптасуына орта ғасырдағы көшпелі түркілердің дүниетанымы және ислам діні мен сопылық бағдардың әсері зор болды. Ұлы кемеңгер адамзатқа тән барлық ізгі қасиеттер мен қоғамның әлеуметтік-саяси, идеялық-мәдени құрылымдарын қалыптастыруда ислам дінін басты қозғаушы күш ретінде жеткізеді. Түрік халықтарының арасында ислам дінінің таралуына ықпал еткен Тоғлық Темір ханның өмірге келген сәтінен бастап баяндап, терең адамгершілік қасиеттерін ерекше жырлайды. Еңбегінде баяндалған әрбір оқиғаны ойшыл пайғамбар хадистерімен түйіндеп, адамгершілік, достық, махаббат сияқты аса қадірлі ұғымдарды жан-жақты түсіндіруге қадамдар жасайды.
М.Х.Дулати философиясының аса маңызды тірегі – әділеттілік. Өзінің еңбегінде әділеттілікті билікпен байланыстырып, басшылардың әділ болуын талап етуді өзінің философиялық қағидаларының біріне айналдырады. Басшылардың әділдігін Жаратушының разылығымен байланыстыруы ислам дүниетанымының ықпалын айқын көрсетеді. Еңбегінде әрқашан «билік – Құдайдан» деген идеяны насихаттап, әділ билеушілерді үлгі тұтады.
Мұхаммед Хайдар Дулати - мұсылман дінін берік ұстанып, философия іліміне терең ой-тұжырымдарын қалдырған данышпан ғалым. М.Х.Дулатидің шығармаларынан заман өзгерсе де, адамгершілік, ар, ұят, мейірімділік, шынайылық және жан тазалығы сияқты ізгі қасиеттердің өзгермейтіндігін көреміз. М.Дулатидің шығармашылық мұрасы - қазақ халқының өз шаңырағын құрып жатқан уақыттағы тарихи оқиғаларды баяндап қана қоймай, ата-бабамыздың өмір тіршілігі, болмысы мен танымы туралы сыр шертетін аса қымбат рухани құндылық.
37. М.Х.Дулати шығармашылығындағы мемлекет басқарудың ережелері мен әдістері.
Мұхаммед Хайдар Дулати енді құрыла бастаған қазақ хандығының күш-қуатын ерен тұлғалардың, аса қабілетті басшылардың қадір-қасиеттеріне қарай таразылайды. Ол елбасында жүрген атақты адамдарды сипаттауға ерекше көғіл аударады. Оның ойынша білікті елбасшы мемлекет күштілігінің тұтқасы. Автор осындай ерен тұлғаның біріне Қасым ханды жатқызады. Қазақта «Қасым салған қасқа жол» деген ұлағатты сөз бар. Хайдар Дулати осы өздің мін маңынасын түсіндіреді. Қасым хан билік құрған кезіндегі қазақ хандығы өзінің саяси әлеіметтңк қуаты мен бүкіл Еуропа жұртына алғаш мәлім болды. Хандықтың территориясы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауына басталып, оңтүстік батысы Түркістанға дейін жетіп, оңтүстік-шығыста Жетісудың солтүстік бөлігіндегі таулы алқаптарды қамтыды. Хандық халқының саы бір миллионнан асты, орыс кнәзі Василий III бірінші болып қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Қазақтар дербес этнос ретінде Батыс Еуропаға мәлім болды. Бұл жөнінде Австриялық Зерберт Гербертштейннің «Мәскеу істері жайындағы жазбалар» атты еңбегінде қызықты деректер келтіріледі.
Қасым хандығы кезінде ел басқару ісінде қолданылатын әдет-ғұрып заңдарының ережелері жасалады. Бұл заңда көтерілген ережелер:
1. мүлік заңы (жер, мал-мүлікті иемдену мәселесі)
2. қылмыс заңы (ұрлық, кісі өлтіру, талау, шабу, ойран салған кісілерді жазалау тәртібі)
3. әскери заң (қосын жасау, аламандық міндет, ер азамат пен тұлпардың құны жайлы)
4. емшілік мәселе (халықаралық қатынастағы әдептілік, сыпайылық, шешендік өнер)
5. жұртшылық заңы (түлен тарті, ас, той, мереке үстінде қолданысқа түсетін ережелер жасауыл, береуіл, тұтқауылдардың міндеті)
«Қасым хан салған қасқа жолдың» заңдары ешбір өзгеріссіз XVII ғасырға жетіп, Есім ханның (1595-1693ж) ол кезінде «Есім салған ескі жол» - дан жалғасын тапқан.
Сонау ережелер жоқ ерте заманда Шығыс Аристотелі атанған Әбу Насыр Әл-Фараби елбасшының бойында 18 қасиет болуы керек деген еді. Осы іспеттес тұжырымға бұдан Vғ кейін Мұхаммед Хайдар Дулатида келген сияқты. Оның пікірінше ел басқары қыры мен сыры мол – ерекше өнер. Бұл адамда киелі екі қасиеттің болуын қажет етеді. Біріншісі: қайтпас қажырлық, алыстан орғытатын салиқалы зерде, терең ақыл – парасат. Екіншісі: төзімділік пен батылдылықты шыңдайтын қайтпас қажыр-қайрат. Мқхаммед Хайдар Дулати мұндай қасиеті бар пенденің іс-әрекеті қылыш пен садақтың күшінен анағұрлым артық деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет