1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары Жауабы


Шалкиіз жыраудың толғауларындағы ел-жұрттың бірлігі, адамның өмірі мен тағдыры, ерлік, адамгершілік мәселелері



бет34/67
Дата15.02.2023
өлшемі325,34 Kb.
#68026
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67
Байланысты:
1. Åæåëã³ ñàòàðäû äíèåòàíûìäû ñòàíûìäàðû ìåí ðóõàíè íäûëû

42. Шалкиіз жыраудың толғауларындағы ел-жұрттың бірлігі, адамның өмірі мен тағдыры, ерлік, адамгершілік мәселелері.
ШАЛКИІЗ ЖЫРАУ ТОЛҒАУЛАРЫНДАҒЫ ЕЛДІК МҰРАТТЫҢ БЕЙНЕЛЕНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мақалада Шалкиіз жырау толғауларындағы реалистік, философиялық, дидактикалық көзқарастардың тоғыса көрінуі кеңінен қарастырылады. Осы орайда жыраудың дәуір бейнесін сипаттаған шығармаларына нақты талдаулар жасала отырып, тұжырымдар жасалады.
Кілт сөздер: лирикалық проза, психологиялық талдау, психологизм, тарихи тұлға, лиризм, композициялық құрылым, көркемдік тәсіл, автор мен кейіпкер.

Қазақтың төл әдебиетінің бастапқы дәуірінде өмір сүріп, жыраулар поэзиясының мазмұндық жағынан тереңдей өрістеуіне, дүние сырына дендей үңілу тұрғысынан кемелдене түсуіне зор ықпал еткен жырау – Шалкиіз Тіленшіұлы. Жыраудың өмір жолын зерделеген белгілі әдебиеттанушы М.Мағауин оны 1465 жылдар шамасында Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келіп, 1560 жылдар мұғдарында дүниеден озуы ықтималдығын айтады [1, 48]. Өзге әдебиет зерттеушілері де осы пікірден бұра тартпайды. Ал жыраудың өз туындыларына үңілсек, оның өз дәуірінде қазақ пен ноғайлы жұрттарын жайлаған елмен етене араласқаны, екі елдің де билік басындағы хандары мен билерін, батыр-бағландарын жақсы білгені, ел тағдыры сынға түскен сәттерде ақылы мен айбарын алға сала, ой-пікірін олардың қай-қайсына да еркін айта білгені аңдалады. Сондай- ақ, жыраудың жыр-толғауларында мұсылманшылық қағидаларын қажетті тұстарда ой жеткізуге ұтымды пайдаланылуы, сонымен бірге көшпелі елдің жөн-жоралғысына, дәстүр- салтына қатысты көріністердің де орайымен алға тартылып отыруы Шалкиіз жыраудың мұсылманшылық жолын да, халықтың өмір салтын да жетік білгенін көрсетеді. Шалкиіз жырау өз заманындағы қазақ пен ноғайлы хандарының бәрімен дерлік таныстықта болғанымен, солардың ішінде ноғайлы билеушісі Би Темірмен етене жақын араласқаны, оған ой-пікірін еркін айта алатын ақылман кеңесшіге айналғаны, жорық- жортуылдарда үзеңгілес серігі болғаны анық. Жырау толғауларының бірінде өмірінің бұл кезеңі: «…Менім ием би Темірдің әрі өзім


Жау көрген күн жүрегінің басы едім [2, 45],
Көз үстінде қасы едім!..» – деп суреттелуінің сыры сондықтан болса керек. Үзінді мазмұнына қарасақ, толғау айтылған тұста жыраудың Би Темірмен арасы алшақтағаны байқалады. Ал осы мазмұнды жеткізу тәсіліне зер салсақ, жыраудың ойды бейнелі жеткізуге шеберлігі танылады. Өзінің Би Темір алдында абырой-беделінің қаншалықты жоғары болғанын біле тұра, жырау онымен арасы алшақтап, қарым- қатынастарына салқындық енген кездің өзінде кешегі билеушісінің, пікірлесінің қадір- қасиетін төмендетуді жөн көрмейді, қайта, оның әрекеттерін асқақтата суреттейді: «Бұз үстіне от жаққан, Бұзмай бұлан пісірген,
Мен иемдің бөрлі ала тасы едім…» [2, 45] – деп өзін кішірейте көрсетеді. Бұл жәйттің өзі Шалкиіздің ішкі мәдениеті жоғары жырау болғанын айғақтайды. Би Темірді «мұз үстіне от жаққан, бұлан етін бұзбай пісірген» айбарлы да, қайратты билік иесі ретінде даңқын асыра бейнелей келіп, өзін: «Мен иемнің мөрлі ала тасы едім…» – деп көрсетуі Шалкиіз жыраудың астарлы бейне жасауға шеберлігін аңғартады. Осы жолдардағы «мөрлі ала тас» тіркесінің мәніне зер салсақ, жыраудың Би Темір жанында көп қосшының бірі емес, түйінді уәж иесі болғанын көреміз. Яғни, Би Темір шешімінің қай-қайсы да Шалкиіз тарапынан қолдау тапқан жағдайда ғана «мөрмен бекітілген жарлықтай» маңыз иеленген. Бұл тұста жырау қолданысындағы «мөрлі ала тас» – сөз ыңғайында айтылып қалған әшекейлі тіркес емес, жыраудың ел билеушілері арасында еншілеген орнын меңзей танытатын мағыналы ұғым. Ал ноғайлы әміршісін ауызына қарату үшін сөз зерлеген ділмар болумен қатар, ой тереңіне бойлаған парасат иесі, сондай-ақ, елдің көксейтіні мен ханның көздегенін қапысыз танитын сұңғыла саясаткер болу қажеттігін ескерсек, Шалкиіз жыраудың осы талаптар үдесінен табылған тұлға болғанын пайымдаймыз. Қараға да, ханға да уәлі сөз айта білген Шалкиіз жырлары тарих қойнауында қалып қоймай, ұрпақтан ұрпаққа ұласып, біздің дәуірге дейін жетуінің өзі оның жыр- толғауларының қазақ тағдырымен, елдің арман-мұраттарымен етене ұштасып жатқандығын айғақтайды. Бірнеше ғасырлар аралығында ел жадында жатталып, ел ауызында сақталып келген оның жыр-толғауларына ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап орыс ориенталистері де назар аудара бастады. Өйткені Шалкиіз жырларында қазақ өлеңінің көркемдік сипаттарымен бірге қазақтың халықтық болмысына тән ерекше қасиеттері де айшықтала көрінетін. Орыс ғалымдарының жырау жырларына зер салып, баспа бетінде жариялауға ұмтыла бастауының бір сыры осы жәйтке байланысты болуы да ықтимал. Қалай болғанда да, Шалкиіз туындылары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан беріде хатқа түсе бастады. Шалкиіз шығармашылығының басты сипаттарының бірі – жыраудың өмірлік жәйттерді жинақтай суреттеп, философиялық ой түйіндерін ұсынуға да, нақты құбылысты яки қаһарманды даралай бейнелеп, оның өзіндік қасиеттерін айқындай көрсетуге де аса шеберлігі. Сондай-ақ, ол қажетті тұстарда аталған тәсілдерді бірімен бірін ұштастыра, бірінен бірін өрістете қолдануға да қабілетті.Жыраудың нақты бейнелер жасалған жыр-толғауларына зерделей зер салсақ, оның өзі тірлік кешіп, қалың оқиғаларының белортасында жүрген тарихи кезеңнің, сонымен бірге оның өзі етене араласқан тарихи тұлғалардың шынайы бейнелерін танимыз. Бұл жағдай қазақ халқының жеке ел болып, тарих сахнасына шыққан алғашқы кезеңіндегі өмір салтын, халықтың арман-мұратын, қастерлісі мен қасиеттісін, мадақтағаны мен мансұқтағанын жете танып-білуге мүмкіндік береді. Шалкиіз жыраудың мұндай туындыларының легін Орманбет биге, Ер Шобанға, Би Темірге қатысты жыр-толғаулары түзеді. Бұл қатардағы шығармалардан сол дәуірдің бейнесі көрінеді. Аталған жыр-толғауларды осы ретпеньқарастыруды көздегенде біз оқиғалардың болуы ықтимал уақытын ретімен келтіруді ойладық. Шалкиіз туындыларында нақтылай көрсетілетін оқиғалардың бірі – Орманбет бидің дүниеден озуы. Бізге дейін сақталып, жеткен жырдың үзіндісіне қарасақ, бұл жырда суреттелген жағдайлардың екі кезеңге бөліне бейнеленгенін байқаймыз. Оның біріншісі – Орманбет бидің билік еткен тұсы, екіншісі – ол көз жұмғаннан кейінгі жылдар. Жыр құрылымының осылай түзілгенін:
Балпаң, балпаң басқан күн, Бай ұлынан асқан күн,
……………………………………….
……………………………………….
Орманбет би өлген күн,
Он сан ноғай бүлген күн [2, 47], – деп келетін бөліктен-ақ аңдаймыз.
Осы орайда «Жырда көрініс тапқан нақты жылдар қай уақыттар аралығын қамтиды?» деген сұраққа жауап іздер болсақ, бірден айту абзал, бұл жылдарды нақты көрсетуде бірізділік жоқ. Әртүрлі болжамдар айтылады. Осы мәселеге арнайы назар аударған әдебиет зерттеуші Әуелбек Қоңыратбаевтың: «1380 жылы Берке тұсында Алтын Орда құлап, қазақ пен ноғай бөлінеді. Сары ноғайлар Қазан, Қырым, Қасымов хандықтарын, Сібірдегі қара ноғайлар Орманбет хандығын жасайды. Маңғыстау жеріндегі Едігеден тарайтын маңғыттар «Ноғай ордасы» деген бірлестік құрады. Олар Алтын Орда билігі бізде қалды деп, өзбек, қазақ тайпаларын өздеріне қаратуды ойлайды», – деп жаза келіп, ой бағытын: «…Бізде ноғайлының бүлінуін қай кезеңге жібереміз деген мәселе анық емес. Алтын Орданың құлау кезеңінде (1380) болған ба, әлде Тоқтамыс пен Едіге тұсында (1406-1419) болған ба? Болмаса, Әбілқайыр кезінде ме, әлде өзбек, қазақ тайпалары Еділді тастап, Сыр бойына көшкен жылдары (1496) болды ма?» – деген мәселеге бұрады да, ой қорытындысында: «…Орманбет ханның өлтірілген кезі десек, онда ХVІ ғасырдың аяғы болып шығады. Асылы, ноғайлы ұлысының бүлінуі 1500 жылдан бұрын басталса керек» [3, 54], – деп түйіндейді. Белгілі әдебиет тарихшысының осы пікірінің өзі аталмыш кезеңге қатысты нақтылықтың кемшіндігін танытады. Ал, бұл мәселеге Шалкиіз шығармасы арқылы қарасақ, басы ашық жәйт – ел тірлігіне алаң жыраудың осы оқиғаға байланысты көзқарасының айқындығы. Өкініштісі, біздің ұрпаққа дейін сақталып жеткен үзіндіде Орманбет билеген жылдардағы ел өмірін бейнелейтін екі тармақ қана сақталған. Сол тармақтар мазмұнына сүйенсек, Шалкиіз бағалауында, Орманбет би кезеңі – қалың жұрттың қамсыз өмір сүрген уақыты, идеал кезең. Жыраудың өз сөзімен айтқанда: «Балпаң, балпаң басқан күн, Бай ұлынан асқан күн…». Демек, жырау түсінігіндегі идеал өмір ешкімге бас иместен, өз жеріңде еркін тірлік кешу болса, идеал билеуші – елдің бейбіт тірлігін қамтамасыз ете алған адам. Ал, жырау бағалауынша, мұндай өмір де, мұндай билеуші де Орманбет би ел тізгінін ұстаған тұста болған. Сондықтанда Шалкиіз ел өмірінің берекесі кете бастауын идеал билеуші – Орманбеттің дүниеден озуымен тікелей байланысты таниды. Сондықтанда жырау Орманбеттен кейінгі кезең көрінісін: «…Жез қарғылы құба арлан Жетіп, түлкі ала алмай, Жалған аңын ала алмай, Қорашыл төбет болған күн. Оң қанатын теріс соғып,
Лашын құс қу ала алмай қалған күн. Ораздының он ұлы
Ойын салып жүргенде, Жиырлының жалғызы
Атқан оғын таба алмай,
Жер сабалап қалған күн!» [2, 45] – деп бейнелейді. Суреттен көрініп тұрғандай, күні кеше мерейі тасып, айбыны асып, «балпаң-балпаң басқан» елдің тірлігінен береке қашқан. Күні кеше қуғанын құтқармайтын құба арлан қорашыл төбетке айналған, шүйліккенін ілетін лашын құс қанат қағудан жаңылған. Ал соңғы бес жолдың мағынасы елдің ынтымағы іріп, бірліктен береке қашқанын аңғартады. Шалкиіз жыр-толғауларында елдің бүтіндігі, елді игілікке бастар билік, елге қорған батырлық тақырыптарының басты мән иеленуінің бір себебі де осы тұстан келіп шығады. Ортақ мұратқа ұйысқан елдің берекелі өмірін де, ұйытқысынан айырылған елдің қалай «бүлгенін» де бастан өткерген жырау шығармашылығында жоғарыда аталған мәселелердің аса маңызды болуы – заңды құбылыс. Осыдан кейінгі жылдарда Шалкиіздің ноғайлы елінің билеушісі Би Темір маңынан табылуы да қара бастың қамын күйттеген күйкі тірліктен туған амал емес, оны ел тұтастығын сақтауға қайрат қылар тұлға ретінде бағалап, үміт артқандықтан туындаған әрекет. Жырау:
«…Алп, алп басқан, алп басқан Арабы торым өзіңсің, Жазылы, алтын, қол кескен
Алдаспаным өзіңсің!» – деп, Би Темірдің дәрібін асыра мадақтаса да, яки:
«…Еділден аққан сызашық
Біз көргенде тебінгіге жетер-жетпес су еді – Телегейдей сайқалтып,
Жарқыраған беренді
Теңіз етсе, тәңірі етті!…
…Тебінгінің астынан Ала балта суырысып, Тепсінісіп келгенде, Тең атаның ұлы едің –
Дәрежеңді артық етсе, тәңірі етті» [2, 38] – деп, қадала шүйлігіп тіл қатса да, түпкі көздегені – билік иесіне жағыну, яки ақкөз тентектік таныту емес, билеушіні елге қызмет қылуға бағыттау. Осыдан кейінгі тармақтарда жыраудың осы мақсаты бейнелене көрінеді. Шалкиіздің: «…Тобылғының берегі Иіл болып, беріш бітсе, Айбар болар терегі.
Атаның ұлы жақсыға Малыңды бер де, басың қос, Бір күні болар керегі…
…Жауға кисең, берен ки,
Егеулеген болат өте алмас;
Есендікте малыңды бер де, батыр жи, Басыңа қыстау іс түссе, Дұспанның қолы жете алмас!» [2, 38] – деп жырлаған кезде діттегені – жалғыз Би Темірдің қамы емес, Би Темір билігіндегі елдің қамы. Жақсы мен жаманның парқына әбден қанық жырау ел бүтіндігін сақтау үшін ел билеушісінің іс-әрекетінің қандай болмағы абзал боларын аңғартады. Бұл тұста да Шалкиіздің жадағай ақыл, жалаң сөзді қызықтап кетпей, әр сөзіне салмақ арта, астарлай ұсынатын парасатқа бейім шеберлігі айқын танылады. Мәселен, жыраудың:
«…Жоғары қарап оқ атпа, Жуық түсер қасыңа;
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа, Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа. Жақсы да келер бұ көпке, Жаман да келер бұ көпке, Түгел іс қойып болмас бір кепке…» [2, 39] – деген жолдарындағы ой мазмұнын бірнеше қырынан тануға болары анық. Алғашқы қос тармақта жырау философша толғаса, одан соңғы үш жолда көпті көрген көнекөзше ақыл қосады, ал соңғы үш тармақ түйіні философиялық ойға да, сол ойдан өріс алатын қарекетке де жетелейді. Жыраудың меңзеп тұрғаны – «Ел билігіне жақсы да келер, жаман да келер; Солардың қай-қайсы да ел тірлігіндегі түйткілдің бәрін шешіп тастамас; бірақ, қалай болғанда да, ел игілігіне қайрат жұмсау – парыз» деген ой. Қара бастың қамынан қалың елдің амандығын артық санаған Шалкиіз жыраудың: «Адам баласы үшін елге қызмет қылудан артық бақыт та, дәреже де жоқ», – деген ойды өмірлік мұратқа айналдырғаны оның қажылық сапарына жиналған Би Темірге айтқан сөздерінен де анық танылады. Ел жөнінен де, дін жолынан да жан-жақты хабардар жыраудың бұл толғауында оның суреткерлігі де, білімдарлығы да, ойшылдығы да кеңінен көрінеді және сол сипаттардың бәрі елжандылық қасиетті асқақтатуға қызмет қылады. Жырау қажылыққа көңілі құлаған Би Темірді ниетінен бұруды көздесе, бұл әрекеті жеке бастың қимастығы емес, ел тірлігіне алаңдаудан туып жатқан әрекет. Сондықтан да ол: «Етектеп жиған көп халқың, Сұлтан ием, кімге асмар етерсің?!» – деп ашық сауал тастайды, я болмаса: «Енді өзіңден соңратын Жұртқа бір лайық ие жоқ…» – деп алаңдайды. Толғауының бір тұсында ойландыра, бір тұсында толқыта, бір тұсында салмақ сала жырлап келетін жырау сөз түйінін:
«…Ай, хан ием, сұраймын:
Тәңірінің үйі кебені
Ибраһим Халил алла жасапты, Ғазырейіл – жан алмаға қасап-ты, Жығылғанды тұрғызсаң, Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең, Тәңірінің үйі бәйтолла,
Сұлтан ием, қарсы алдыңда жасапты!» [2, 41-42] – деп тұжырады.
Осы үзіндінің өзінен Шалкиіз жырау болмысы, арман-мұраты, білім кеңістігі айқын аңдалады. Діни білімімен де, өмірлік танымымен де жұртты аузына қаратқан, оның үстіне ойын іркуді білмейтін бетті мінезі бар жыраудың бұл өмірдегі ұлық арманы туған елдің бүтіндігі, туған жердің тыныштығы болғаны хақ. Бұл арман жыраудың кез келген шығармасынан айшықтала көрінеді. Шалкиіз жыраудың нақты оқиғаны арқау ете жырлап, жыр желісінде кейіпкерлерді бірінен бірін даралай бейнелейтін бірегей туындысы – «Ер Шобан». Жырдың жалпы мазмұнына қарасақ, жыр оқиғасы «Орманбет би өлген күн, Он сан ноғай бүлген күннен» кейінгі жылдарда, яғни біртұтас ноғайлы елі ыдыраған тұста болғанға ұқсайды. Себебі ноғайлы жұртынан шыққан Ер Шобанның қабарды жұртынан жылқы қуалап кету әрекетінің өзі ел арасында алауыздық, дүрдараздық барын аңғартады. Ал қуғыншы Биғазының Ер Шобан тізбелей атаған батырларды танып, ат тізгінін іркуі де осы жырда аталатын адамдардың бірін-бірі етене білгенін сездіреді. Бұл, әрине, жырдың туу уақытына қатысты айтылып жатқан ой. Жырдағы жырау шеберлігі жайына келсек, осы туындысында Шалкиіздің халықтық фольклорда қалыптасқан дәстүрді жетік меңгергені анық көрінеді. Жырау жыр кейіпкерлерін бейнелеу барысында эпитет, теңеу, метафоралық қолданыстарды ұтырлы пайдаланумен қатар, бейнелерді бірінен бірін асыра, олардың қасиеттерін бірінен бірін арттыра, үстемелей суреттеуге де, батырларды бірінен бірін даралай бейнелеуге де шебер екендігін танытады. Мәселен, жырау батырлардың бірін:
«Арғымақ атың аласы, Қас игінің баласы,
Алдаспан ауыр қылыш суырған, Ажалға қарсы жүгірген Бұл жиынның ішінде
Исалының ұлы Жылым бар» – деп суреттесе, келесі батырды:
«Ойнай тұра күлдірген, Жауды көрсе бүлдірген, Атқан оғын оздырған,
Дұспанның тобын тоздырған
Бір ойында алпыс алабалта сындырған
Айсаның ару ұлы Қолай бар» [2, 49] – деп асқақтата бейнелейді. Бұл тұста эпитет, теңеулерді термелемей-ақ, жыраудың батырларды даралау шеберлігіне ғана көңіл қойсақ та, Шалкиіздің суреткер жырау екендігін анық бағамдаймыз. Ол өзі бейнелеп отырған батырлардың әрқайсын даралай айшықтайтын сипаттарды тап баса көрсетеді. Жырау бейнелеген Жылым батыр – текті әулеттен шыққан («Қас игінің баласы»), сыртқы тұрпат-кейпі де өзгелерден ерекшелене көрінетін («Арғымақ аттың аласы»), бес қарудың ішінде қылыштасу өнерін жетік меңгерген («Алдаспан ауыр қылыш суырған»), өлімнен сескенбейтін ақкөз батыр («Ажалға қарсы жүгірген»). Қолай батыр да – Жылым батыр сияқты дұшпаннан беті қайтпас жаужүрек ер («Жауды көрсе бүлдірген») бола тұра, болмысы бөлек батыр. Ол – батылдығына ақкөңіл мінезі жарасқан («Ойнай тұра күлдірген»), әрі садақшы, әрі балтамен шайқасу өнеріне жетік («Атқан оғын оздырған», «Бір ойында алпыс алабалта сындырған») алапат күштің иесі. Міне, осы іспетті ерекшеліктер жырда аттары аталатын батырлардың әрқайсынан айқын көрінеді. Шалкиіз жыраудың суреткерлік бояуының қанықтығы сонша, жырдағы Жұмай, Мәмбет, Сұлтан, Қоян, Баубек, Жақсымбет, Жақан батырлардың бәрі де қайталанбас қасиеттерімен көрінеді. Шалкиіз жырына тән осы іспетті реалистік суреттеулер қазақ жырауларының көп орайда өмірлік шындыққа бейіл танытқанын көрсетеді. Жалпы, жыраудың нақты оқиғаларды, нақты қаһармандарды арқау еткен жыр- толғауларынан анық танылатын жәйт – Шалкиіз жыраудың өз тұсындағы әрбір әрекетті, әрбір оқиғаны ел өмірімен байланыстыра танып, сол тұрғыдан бағалайтыны. Жырау жанын мазалайтын ең негізгі мәселе – ел тағдыры, ел тұтастығы, ел тыныштығы. Сондай-ақ, жыраудың өмір мәні, адамшылық мағынасы хақында ой толғайтын жыр-толғауларының түпқазығы да туған ел тағдырымен өрістесіп жатады. Мәселен, жыраудың:
«…Атайы ердің баласы
Атадан жалғыз тудым деп, Басына қиын іс келсе,
Ісін көпке салар ма;
Атаның ұлы ерлерге
Малыңды бер де, басың қос, Басыңды қос та, бек сыйлас, Күндердің күні болғанда
Басың жауда қалар ма!» – деп келетін жыр жолдары, яки:
«…Белбуардан саз кешсең, Тобығыңнан келтірмес Қамалаған қалың туған арқасы!» [2, 46] – деген үлгідегі ой түйіндерінің қай-қайсы да ойшыл Шалкиіз үшін ел бірлігінен асар қасиетті ұғым жоқ екенін айғақтайды. Мұндай мазмұндағы ойлар Шалкиіз туындыларының әрқайсынан-ақ ұшырасып жатады. Өйткені Шалкиіз жырау дүниетанымында ерліктің де, биліктің де қадірі елге жасаған қызметімен бағаланады. Сол себепті ол ел ішінің берекелі бірлігін, ағайынның татулығын, ел арасындағы жарасымды сыйластықты үлгі ете жырлайды. Дүниенің өткіншілігін мысал ете отырып, адам баласына ізгі ниетті уағыздайды. Шалкиіз жыр-толғауларында философиялық мағынаға ие жақсы мен жаман бейнелері салыстырмалы түрде жиі көрініс береді. Мәселен:
«…Бір жақсыға басың қосып, сөз айтсаң,
Сол жақсы жаманлығың жақсылыққа жыр етер. Бір жаманға басың қосып, сөз айтсаң, Сол жаман сырың сақламай, Әрдайым дұшпаныңа әр ісіңді қор етер» [2, 39] – деген үзіндіде жақсы адамның жайсаң мінезі үлгі етілсе, сонымен қатар, жаманнан келер қатер, төнер қауіп жиі еске салынады. Осы үлгіде салыстыра көрсете отырып, жырау жақсыға жақын болуды, жаманнан бой тартуды тағлым етеді. Тіпті бір орайда:
«…Күндердің күні болғанда Қырға шықпас жаманның
Барынан да жоғы игі!» [2, 43] – деп, түңіле ой түйетін тұстары да бар. Зер сала үңілсек, жыраудың айтып тұрғаны – «жамандар» жойылуы керек» деген үкім емес,«жамандар жаралмай-ақ қойса етті» деген тілек екенін аңғарамыз. Мұндай мінез – гуманистік түсініктегі тұлғаларға ғана тән қасиет. Бұл тұрғыда Шалкиіз – гуманист жырау. Оның:
«…Атайы ердің тұсында Тұлпары тұрар тарп ұрып; Бір жаманға сөз айтсаң,
Есікті кетер сарт ұрып, Сол жаман елден кетер деп, Артынан жақсылар қалар шақырып…» [1, 43] – деп жырлауының себебі де сондықтан. Гуманист жырау «жаманның» қылығының өзін парасат көзімен бағалауға үндейді. Себебі ел тұтастығын ұлықтаған жырау ел ішіндегі «жаманның» өзін жат қолына телміртуді қош көрмейді. Ал Шалкиіз жырау ұғымындағы «жақсы» кім? «Жақсыны» танытар мінездер мен іс- әрекеттер қандай болмақ? Бұл сұрақтардың жауабын да жырау туындыларынан табамыз. Шалкиіз түсінігіндегі «жақсының» бірі – елге қорған батыр. Ендеше, батырлықты қалай түсінбек абзал? Бұл тұстағы жырау жауабы да әзір: «…Жау жолықса жазыда, Ерлерді өлмей тонар ма, Ерлер ерке сақтасып, Арқасына ауыр намыс іс түссе, Ғазизлеген сұлтан жанын қара пұлға санар ма!» [2, 37]. Демек, батырлықтың белгісі – елге қатер төндірген жауды тойтару, ел намысын қолдан бермеу, қажет болса, ел намысы жолында «ғазизлеген сұлтан жанын» қиюға әзір болу. Елдік намысқа шабар батыр қандай болмақ керек? Бұл сұраққа да жырау жауабы әзір:
«Жебелей жебе жүгірген
Ерлердің арғымақтан игі малы болар ма; Жағаласса жыртылмас
Ерлердің жеңсізден игі тоны болар ма; Дулығалы бас кескен
Ерлердің алдаспаннан игі қолы болар ма!» [2, 36]. Демек, елге қорған батырда намысқа шабар қаһарман жүректің болуы аз, оған қоса, оның астында арғымағы, үстінде берен сауыты, жанында бес қаруы сай болуы қажет екен. Бұл – қиын-қыстау қысталаң сәттерді, сын сағаттарды бастан жиі өткерген көшпелі ел философиясы. Жырау – сол философияның жаршысы. Көшпелі елдің көсем ойының тізгінін ұстаған жырау ердің елге жасар қайратын ғана жырлаумен шектелмей, келесі кезекте елдің ерге жасар қызметін де алға тартады.
«Күпшек санды тіл жалмаған күреңді Тілеген достан аяман!
Тілекті бірге тілеген
Малымды достан аяман!» – деп жырлаған кезде жыраудың айтып отырған «тілегі бір досы» – өзі сияқты, елге қызмет етуді мұрат тұтқан азамат екені анық. Олай болса, жыраудың өнеге етіп отырғаны – ел намысына шабар азаматты ел болып ардақтау, оған ел болып қызмет көрсету. Шалкиіз туындыларынан қауіп-қатерлі сәттерді бастан жиі өткерген халықтың өмір тәжірибесінен туған философиялық түйіндер жиі ұшырасады. Мәселен, жырау толғауларының бірінде:
«Туырлықсыз қара үйге Ту байламақ не керек! Туғаны жоқ жалғызға Көп ішінде суырылып,
Жауға шаппақ не керек!» [2, 40] – деген ой түйінделеді. Бүгінгі тілдік қолданыс нормасы шеңберінде қабылдасақ, кекесін, мысқыл мағынасында қолданылғандай әсер еткенімен, ойдың айтылған уақытын назарға ала қабылдасақ, бұл жолдарда тағдыр-талайы талай мәрте сынға түскен халықтың өмір шындығынан алынған аса маңызды халықтық тұжырым жатқанын танимыз. Жырау қолданысындағы «туырлықсыз тұл үй» – ат жалына қол артар азаматы қалмаған тұл шаңырақтың символдық бейнесі. Ал ел ішінде тұл үйдің көбеюі – жақсылыққа бастар жол емес. Жаманшылыққа апарар жолды жаппақ абзал. Ол үшін әр шаңырақта ата- баба түтінін түтетер ұрпақ болмақ керек. Тауқыметті тағдырды бастан көп өткерген қазақ халқының бұл тұрғыдағы философиялық кесімді тұжырымы біреу-ақ, ол – «Қанша батыр болса да, жалғызды жауға шапқызбау», ұрпақ өсіру. Өйткені бүгінгі ұрпақ – ертеңгі ел қорғаны. Шалкиіздің алға тартып отырғаны да – осы тұжырым.
Шалкиіздің жыр-толғауларына етене сипаттардың бірі – өлең жолдарында көркем бейнелілікпен қоса, философиялық мағынаның да үстеле көрініс табуы. Мұндай ерекшелік жыраудың жоғарыда келтірілген жыр жолдарынан да молынан табылады. Елдің ынтымақта болуын мұрат тұтқан жырау сол елге тұтқа болар тұлғалардың ел тағдырындағы ролін де назардан қағыс қалдырмайды және бұл турасындағы ойын уағыз, ұлағат үлгісінде өсиеттемей, бейнелі жеткізіп, ой түйіндеуді тыңдаушы жұрттың өз еркіне қалдырады:
«…Ау, бөрілер, бөрілер, Бөрімін деп жүрерлер, Һәр бірінің баласы
Алтау болар, бес болар, Ішінде абаданы бір болар, Абаданынан айрылса, Олардың һәр біреуі
Һәрбір итке жем болар» [2, 43]. Үзіндіден Шалкиіз жыраудың ойшылдық қасиетімен бірге, оның символдық бейнелер туындатуға жетіктігі де танылады. Осындағы символдық бейне – «бөрілерге» қатысты бейнеленген жәйттерді адамға байланыстыра зерделер болсаңыз, жыраудың нені меңзеп, нені өсиеттеп отырғанын түсіну де қиындық келтірмейді. Жоғарыда сөз еткеніміздей, ХVI ғасырдағы қазақ жырауларының көрнекті өкілі Шалкиіз Тіленшіұлы – жыраулар поэзиясының бейнелілік тұрғысынан да, ой жеткізудегі тереңдік тұрғысынан да кемелденуіне айтулы үлес қосқан шығармашылық тұлға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет