1. Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары Жауабы


Ислам дінінің VIII-X ғасырлар аралығында Орталық Азия жеріне таралуы және жергілікті халыққа ислам мәдениетінің әсері ?



бет8/67
Дата15.02.2023
өлшемі325,34 Kb.
#68026
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
11. Ислам дінінің VIII-X ғасырлар аралығында Орталық Азия жеріне таралуы және жергілікті халыққа ислам мәдениетінің әсері ?
11. Орталық Азия мен Қазақстанға исламның енуі VII-VIII ғасырларға жатқызылады. Алғашқы араб-дін таратушылары 670 жылдардан бастап келе бастады. VIII ғ. басында Орталық Азияда миссионерлік қозғалыстың жандануы байқалады. Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді.
Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды. Оңтүстік Қазақстандағы көшпенді түркі халқының арасында исламды таратуда Ясауия тариқатының негізін қалаушы Қожа Ахмет Ясауи ( 1166 ж. немесе 1167ж. қайтыс болған) зор үлес қосты


12. Орта ғасырлар кезіндегі Орталық Азия жерінде сауданың, қала өмірінің, мәдениет пен ғылымның дамуы
12. Қалалық мәдениетті археологиялық зерттеу жаңа материалды анықтауға, оны жүйелендіруге және бірқатар мәселелерді, соның ішінде қала мәдениетін көшпелілікпен тығыз қарым-қатынаста дамыту аспектісін қарастыруға мүмкіндік берді.
Көне түркі мемлекеттері дәуірінде, әсіресе Қараханид мемлекеті кезінде көшіп-қонудың аумағы шектеледі, қоныстардың бағыттары тұрақталады, тұрақты қыстау мен жайлау бекітіледі, егіншілік дамып, жеке рулық бөлімдердің отырықшылыққа ауысуы орын алады. Мемлекеттік бюрократиялық аппарат, жалпы тіл мен жазба қалыптасады, сауда және дипломатиялық байланыстар дамиды. Қалаларды әкімшілік тұрақтар, қолөнер, сауда, мәдениет орталықтары ретінде қалыптастыру үрдісі жүреді.
Қала мен даланың өзара іс-қимылының мәдени аспектісі өзара әрекеттесу, алыс-беріс, еліктеу, интеграция сияқты құбылыстармен сипатталады. Мысалы, отырықшы халық көшпелілерден қару-жарақтың, әшекейлердің, бағалы металдардан жасалған ыдыстардың түрлерін қабылдап алды. Алайда, отырықшы халық толықтай көшіру жолымен емес, бұл бұйымдарға өздерінің ерекше элементтерін әкелді. Өз кезегінде көшпелілер өздеріне қажетті бұйымдарға деген сұраныстарды тек дамыған қала қолөнері болған жағдайда ғана толық қанағаттандыра алды.
Негізінен ертедегi және дамыған ортағасырлық мемлекеттер кезiнде феодалдық қатынастардың нығаюы, мемлекеттік бiрлестiктердiң пайда болуы, отырықшы егiншiлiк пен қалалардың өсуi, бiрiгiп, топтасуға бағытталған этникалық өзгерiстердiң күшеюi Орта Азия, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропа халықтарымен экономикалық және мәдени байланыстар Қазақстан халықтары мен тайпаларының рухани мәдениетiнiң өсуiне ықпал еттi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет