1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Ахмет Иүгінекидің діни-этикалық іліміндегі рухани құндылықтар



бет29/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
33. Ахмет Иүгінекидің діни-этикалық іліміндегі рухани құндылықтар. Ахмед Иүгінеки, Югнаки Адиб Ахмед ибн Махмуд (12 ғасырдыңсоңы, Түркістан өңірі — 13 ғасырдың басы, сонда) — ортағасырлық ақын, хакім, ойшыл. Иүгінеки (қазақша Жүйнек) қаласында туып өскен. Ахметтің туған жері Түркістанға қарасты Иугнәк деген қыстақ. Қазақтар ол жерді Жүгенек деп атаған. Ахмет жас шағында араб, парсы тілін меңгерген білімді адам болған. Ахмед Иүгінекидің ғұмыры, өмір сүрген ортасы туралы деректер тым тапшы. Зағип болып туып, фәни жалғанның жарық сәулесін көрмей бақиға озған Ахмед жастайынан ілім-білімге құмартып, түркі тілдері мен араб тілін жетік меңгерген. Шариғат қағидаларын жан-жақты зерттеп-танып, терең іліміне сай “Әдиб Ахмед” деген құрметті атқа ие болған. Ақыл-ойы толысып, діни танымы әбден кемелденген шағында Ахмед Иүгінеки қысқаша тақырыптарға бөліп, ислам құндылықтарына негізделген өлең-жырларын өмірге келтіре бастайды. Кейін бұл жәдігерліктердің басы біріктіріліп, “һибуат-ул-хақаиқ” (“Ақиқат сыйы”) деп аталатын дидактикалық өлеңдер жинағына айналған. Мазмұны, танымдық нәрі жағынан алғанда “Ақиқат сыйы” — Әбу Насыр әл-Фараби, Махмуд Қашқари, жылы Баласағұни, Қожа Ахмет Иасауи мұраларымен іштей астасып, 9 — 13 ғ. аралығындағы түркі дүниесінің рухани қазыналарының жарқын туындысына айналды. Ахмед Иүгінеки өз шығармаларында дүние жаратылысы мәселелерін ислам қағидалары негізінде түсіндіреді. “Барлық нәрсе бір Алланың еркінде” екендігін және оның даралығын дәріптейді. Сол үшін де ақын мәңгілік өлім ұғымы жоқ, ол өмірмен алмасып отырады дейді: “Жоқ едім. Жараттың. Және жоқ қылып, екінші бар етерсің” немесе “Өліні тірі, тіріні өлі етеді”. Ал тірліктің өлшемін білім арқылы белгілейді. Яғни, білімдіден пайда бар, пайдалы нәрсе — тірі, ал пайдасыздық — бос, өлі нәрсе. Олай болса, білім арқылы мәңгілік өмірге қол жеткізуге болады, өйткені “білімдінің өзі өлуі” мүмкін, бірақ “аты өлмейді”. Ахмед Иүгінеки үшін білім — көп білу емес, таным, ақиқатты білу. Ал ақиқаттың негізі Аллада болса, оны да “білім арқылы тануға” болады. “Бақыт жолы білім арқылы білінеді”. Білім ойдан, ізденуден шықса, оның пішіні — сөз. Тіл — жаратушымен байланыстырушы құрал, адам “күн сайын ерте тұрып, тілге жүгіну арқылы құлшылық етеді”. Бірақ сөз адамға пайдасымен қатар зиянын да тигізуі мүмкін, ол тағы да адамның өзіне байланысты. Сөз адамның ойлау қабілеті мен адамгершілік бейнесін бедерлейді. Ахмед Иүгінеки пайдалы мен пайдасыздың, ақиқат пен жалғанның нарқын өкініш айыратындығын “Қандай іс істесе де білімсіздің еншісі — енші, оған одан басқа өкініш жоқ”, “Көп сөйлеген көп өкінеді”, “Ашкөздіктің соңы — өкініш, қайғы-қасірет” деген жолдары арқылы байқатады. Өкініш мұнда этик. нормалардың ара-жігін ажыратушы ұғым. Осы ұғымға сүйене отырып, біз Ахмет Иүгінекидің этикалық көзқарастарын анықтай аламыз. Ахмед Иүгінеки үшін бұл дүниеде тұрақты ешнәрсе жоқ, бәрі де өзгереді. “Жас қартаяды, жаңа ескіреді”, “Барлық толған нәрсе азаяды, түгел кемиді”. Сол себепті бұл дүниенің қызығы да жалған, өткінші. Мұнда “менікі” деген жоқ. Өйткені “менікі дегенің” ертең “өзгелердің еншісі” болып шығады. Сондықтан дүниеқорлық пен ашкөздік адамға бос бейнет әкеледі, ал оны ойлай берсең, ол сенің тек “уайым-қайғыңды көбейтеді, «одан да еңбек ет» деп тұжырымдайды. Кішіпейілділік пен жомарттықты, сабырлылық пен көнбістікті мадақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет