30. Түркілер арасынан шыққан ислам мәдениеті мен ғылымының көрнекті өкілдері және олардың қол жеткізген жетістіктері. Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуірге бөліп қарастыруға тура келеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-V ғасырлардан бастап- б. З.VIII ғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XV ғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XV ғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді. Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады. Бұдан кейінгі кезеңде Түркі тарихын Ислам тарихынан бөле-жара қарастыру мүмкін емес. Ислам тарихын рухани билік және саяси билік тұғырынан бес кезеңге бөліп қарастыруға болады. Мұхаммед) с.ғ.с) Мұстафаның пайғамбарлық кезеңін (610-632 (рухани билік, пайғамбардан кейінгі Ислам халифатын ислам дүниесіндегі саяси билігі ретінде төрт кезеңі бар. Бірінші кезеңі- Ислам тарихындағы ең маңызды кезеңі. Ислам тарихында Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбар қайтыс болған соң сахабалар кеңесінде (ижмаһ) Әбубәкір (ғ.с) пағамбардың орынбасары ретінде мұсылмандардың тұңғыш халифасы болып тағайындалды. Екі жыл халифат тағына отырды (632-634). Әбубәкірдің қазасынан кейін екінші халифа Омар (ғ.с), (634-644) үшінші халифа Осман (ғ.с), (644-656) төртінші халифа Әли (ғ.с) (656-661) болып сайланды. Олар барлығы жиырма тоғыз жыл Ислам әлемін биледі. Аталған төрт халифа «Рашедин халифалар» (турашыл халифалар) атаумен Ислам тарихында танылды. Екінші кезеңі- Мүавийе ибн Әбусофиян (636-679) құрған Үмеийе әулеттері халифаты 660-750 жылдар аралығын қамтиді. Бұл кезең біз үшін халифат әскерінің түркі даласына қадам басуымен ерекшеленеді. Тарихтан белгілі Құтейбе ибн Мүслім «669-715» (704 жылы халифа Әбдімәлік ибн Мәрван(685-705 билік құрған жылдары) тарапынан Хорасан өлкесінің әкімі болып тағайындалды. Ол өлгеннен кейін Уалид ибн Әбдімәлік әкесінің орнына халифат тағына отырған (705-715) жылдары да Құтейбе өз орнында шентағына ие болып қалды. Құтейбе Хорасанға әкім болған соң Ислам араб халифатының Түркі даласына ептеп ене бастауына бастама жасады. Оның бұл бастамасы Харезмнен бастады. Харезм-Амударияның екі жағында Арал көлінің оңтүстінен Хәзәр «каспий» теңізінің шығысына дейінгі жерді алып жатқан өлке. Амударияның шығыс жағалауында орналасқан Кат қаласы орталығы болған. Кейін Кат есімі Харезм атымен орын ауыстырды. Бұл өлкені билеп тұрған Харезмшаһ әулеттері арасында тақталастықтың кесірінен алауыздық туындап, тақ мүдделілердің бірі Хорасан өлкесінің араб текті - Құтейбе ибн Мүслімге хат жазып, Харезмді жаулап алуын сұрады. Құтейбе оның өтінішін орындап 712 жылы билікке қарсы топтардың көмегімен ешбір қиындықсыз Харезмді жаулап алды. Одан кейінгі жылдар Харезмшаһтар араб халифатына бағынышты болды. Құтейбе сол кездері Бұхара, Самарқан, Соғд, Шаш, Фарғана, Харезм тағы басқа уалаяттарды жаулап алып, Хорасанға қайта оралған соң Мәрв қаласын Хорасан өлкесінің бас қаласы етіп алды. Сөйтіп ұлы Хорасан өлкесін құрды. Ежелден Тұран «Түркі елі» аталып кеген территория Құтейбенің Түркі еліне жасаған жорықтары жеңісті нәтижелерге қол жеткізген соң «Түркістан» атымен ел тарихына енді. Құтейбенің жеңістері де түркілерді толық бағындыра алмады.