47. Қазақ хандығы дәуіріндегі би-шешендердің дүниетанымында елдік, бірлік, ынтымақ мәселелерінің алатын орны мен маңызы. Би мен шешен халық ұғымында бірінен-бірі ажырағысыз тең түсінік. Бисіз – тапқыр шешендікпен айтылатын көркем төрелік сөз болмақ емес, шешен сөйлей алмайтын адам – би болмақ емес. Екеуіне де бірдей тән қасиет – белгілі бір үрдіс, дәстүрлі рухи принциптерге бағынушылық. Сондықтан елдің бүкіл би-шешендері оны тек өнер деп қарамай, әлеуметтік –саяси феномен ретінде мойындап, дала демократиясын қалыптастырып, әлеуметтік-саяси тұтастықты барынша орнықтыруға атсалысқан. Біріншіден, би мемлекет басқару жүйесінде кейбір айрықша құқылар иеленді: «Жеті Жарғы» қағидаларына сай ол өзіне бағынышты ру-тайпа шегінде сот және әкімшілік билік (ханмен қатар) жүргізді. Мысалы, С.З.Зиманов: «Би, ең алдымен – сот (судья)», -деп көрсетеді. Сот төрелігін жүзеге асыратын болғандықтан, би халықтың әдет-ғұрпын, салт-рәсімін, жол-жосығын жатқа білуге, дауласқанға әділдікпен жөн сілтеп, адасқанға даналықпен жол көрсетуге, әсіресе, “тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ” деген құқықтық-гуманистік принциптен айнымауға тиіс болды.Билердің негізгі ұстанымына айналған бұл моральдық құндылық әділ соттың өзіндік болмысын білдіреді. Мәселен, орыс ғалымы А.Е.Алекторов қазақ билерінің сотын таңдана сипаттай отырып, сот әділдігінің көне дәстүрлерін сақтаған билер ежелгі дала демократиясы үлгілерін іске асырғандығын атай келе: «істі қарастыру кезінде би және ақсақал дауласушыларға асқан әділдік танытуды өзінің қасиетті парызы санайды, ол екі жақтың да дәлелдемелерін әбден тыңдап болған соң ғана өзінің әділ шешімін жариялаған және ол шешім міндетті түрде орындалған», -деп жазады. Ғылыми деректер бойынша, Абай 13 жасында соттық шешімдер шығара бастаса, Шорма мен Есет би де осындай жас мөлшерінде сот қызметіне араласқан, ал Төле би 9 жасынан бастап сот ісіне қатыса бастаған. Сонымен билер сотының құқықтық қорына тек дәстүрлі «хан жарлықтары» ғана еніп қоймаған, сонымен бірге атақты билердің жалпы халыққа тараған бітім, шешім, жүгініс үлгілері де енгендігін байқауға болады. Екіншіден, би ру-тайпаның басшысы ретінде әкімшілік қызметті де қоса атқарып, өз қауымының тұрмыс-тіршілігін қадағалап, тәртіп-талабына жауапты болды. Осылайша олар билеуші хандардың халық арасындағы сенімді тіректеріне айналып, саяси бедел иеленді, сұлтандармен тең құқылы дәрежеде мемлекеттің мәселелерді талқылауға қатысты. Ел ішіне биліктілігімен, қара қылды қақ жаратын әділдігімен, тура жолдан таймайтын адалдығымен даңқы тараған Төле би, Қаздауысты Қазыбек би, айыр тілді Әйтеке би, т.б. саңлақтар хан жанындағы билер кеңесінің құрамына енді. Үшіншіден, ел тағдыры сынға түскен жаугершілік замандарда билер батыр-баһадүрлермен қатар атқа қонып, қарамағындағы тайпаластарынан жасақ құрып, мемлекет тұтастығын, ұрпақтар азаттығын қорғауға ұйытқы болған, қолбасшылық қызмет атқарған. Төртіншіден, би атағы мұрагерлік заңымен берілетін лауазым емес. Көшпелілер мәдениетінің ерекше қыры — шешендік өнерді меңгермейінше, тек әдет жосындарын жетік біліп, әділет принципін ұстану арқылы ғана би атану, ел сенімін иелену мүмкін болмаған. Халық арасында бір ауыз сөзбен құн кешіп, жалғыз уәжбен дау шешкен ділмарлардың аты ардақталып, төрелік істері үлгі-өнеге тұтылған. Әйтсе де, қазақ тарихында атадан балаға билік тізгінін жалғап, бірнеше ұрпағы ел ішінде би атанған әулеттер өткен. Мұндай айрықша қасиет дарып, абырой қонған әулет билігін халық шынжырқатар деп атаған. Билердің әлеуметтік-саяси статусы қазақ ұлысының тарихындағы әр қилы өтпелі кезеңдерге, алмағайып уақиғаларға байланысты өзгеріп отырған.Төле би. Атақты шешен-ділмардың өмірбаяндық деректерін сөйлететін босақ, Төле Әлібек ұлы (1663-1756) қазіргі Жамбыл обылысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүние табалдырығын аттаған. Төле араб, парсы тілдерін жақсы білген. Өз елінің, өзгехалықтардың, әсіресе, Шғыстың аңыз-әңгімелерін, қиса-дастандарын еркін меңгерген. Ән-күй, ақындық өнердіқұрметтеген. 15 жасынан бастап ел билеу ісіне ынтасы ауған. Ардақты істерімен, асыл қассиеттерімен, «даналық шешімдерімен» қазақ елін көркейтуге бар қажыр қайратынжұмсаған ғұлама. Қазақ елінің еркіндігі мен егемендігін ерекше көксеген абыз көршілес халықтармен, атап айтқанда Бұхар, Қоқан, Жоңғар, Ресей елдерімен ынтымақта, бірлікте болуды көздеген. Әдет-ғұрып ережелерін көкірегінде керемет тоқыған Төле би ел ішіндегі қисынсыз істерге тиісті жазасын да әділдікпен қолданып отырған. Бұ да ақылдың, ойдың, танымның тереңдігі болса керек.