Білім алушының өзіндік жұмысы. Аңыз– халық ауыз әдебиетінің жанры. Оқиғасы шындық өмірден алынғанымен, ауызша айтылып таралғандықтан, фольклорлық сапалармен толыққан көркем шығарма.
Жиренше шешен жайлы аңыз. Жәнібек хан жолға шығар кезде Жиренше шешенмен ақылдасып, ақылын сұрап отыратын болған. Жиренше қалай мәслихат жасаса, тіл қатпай, оның дегенін істеуге дайын тұрады екен. Бір күні хан асығыстау жолға шығайын деп қызметшілеріне:
- Тез күймемді дайындаңдар, күймеге қып-қызыл күрең алты нар жегіңдер, - деп бұйырыпты. Қызметшілері барлығын дайындап, күймеге қып-қызыл күрең алты нар жегіп, хан шығатын есікке әкеліп қояды. Содан соң хан Жиреншені шақыруды бұйырады. Қызметшілері Жиреншенің үйіне келіп, ханның шақырғанын мәлімдейді. Сонда Жиреншенің тапқырлығы соншалық ханның не жеккенін сұрайды. Қызметшілері қып-қызыл нар деп жауап береді. Жиренше ойланып тұрып қазір барамын ханға сәлем айтыңдар, бүгін күн бұлтты екен,– дейді. Сөздің төркінін түсінген хан қызметшілеріне, алты нарды доғарып, күймеге алты атты жегіңдер, деп бұйырады. Хан мен Жиренше жолға шығады. Жолда құбыладан қара бұлт көтеріліп жаңбыр құйыпты. Жер батпаққа айналыпты, соған қарамастан жануарлар сыдырта желіп отырыпты. Сонда Жиренше ханға қарап: - Жылқы малдың патшасы, түйе малдың қасқасы: түйе малының мынадай ми батпақта жүруі қиын, мен соны ойлап айтқан едім, - депті.
Жиренше шешен — Қазақ хандығын құрған Жәнібек хан (XV - XVI ғғ) тұсында өмір сүрген атақты шешен. Жиренше шешеннің есімі ақыл, парасаттың үлгісі ретінде қазақ ауыз әдебиетінен бepiк орын алған. Халық аңыздары бойынша, Жиренше шешен кедей адам болған. Ол дербес Қазақ хандығын құруда ханға көмектескен, оған пайдалы кеңестер айтып, халық бұқарасының атынан сөйлеген. Оның атынан айтылып, халық жадында сақталған аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздер көп.
Бұл аңыз тарихи аңызға жатады. Өйткені, аңызда сол дәуірде өмір сүрген тарихи тұлға Жәнібек хан кездеседі және де Жиренше шешеннің 15 ғасырдан, 16 ғасырға дейін өмір сүргені белгілі.
Бұл аңыздың негізгі идеясы: Ханның жолға шығуы, Жиренше шешеннің көрегендігі, алыстан болжай білетін тапқырлығы.