1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы қазақтардың рухани өмірі жайлы көтерілген мəселелер. Ы. Алтынсариннің шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы



бет49/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
60. Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы қазақтардың рухани өмірі жайлы көтерілген мəселелер. Ы. Алтынсариннің шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы “Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiмадамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi” деп ӘлФараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияның бiрiтәрбие. Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзедi. Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушылардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез нормалары мен ережелерi. Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен ізгілендіру үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Тәрбие жүйесiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бiрi бала адамгершiлiгiнiң дамуы, оның рухани-адамгершiлiк дүниесiндегi елеулi өзгерiстер болуы тиiс. Бұл факторлар балалардың кәдiмгi және күрделенген жағдайлардағы адамгершiлiк мiнезқұлықтарының тұрақты болуынан, ересектердiң сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде тәуелсiз болуынан, өз қылықтарының адамгершiлiк салдарын болжай бiлуден, iштей бақылау сезiмiнiң – ождан, қылықтың моральдық жағын және өзiн адамгершiлiк қасиеттердiң иесi ретiнде сезiнуiнен көрiнедi. Адамгершiлiк қасиеттердiң жетiлуi – тәрбие жүйесiнiң нәтижесi және тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзгi критерийi. Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iсәрекеттерi де үлкен әсер етедi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет