56. Қазақ ағартушылығының тарихи алғышарттары жəне заңдылықтары мен негізгі ерекшеліктері. Қазақ ағартушылығының басты ерекшеліктерінің бірі – қазақ ойшылдарының көзқарасындағы əлеуметтік бағыттың, сонымен қатар, адами экзистенция мəселесі мен адам болмысының өмірлік маңызды негізіне деген рухани ізденістің басым болуы. Қазақ ойшылдарының шығармашылығы астарында халықтың көзін ашып сауатсыздықты жою, ағартушылыққа қарай бет бұру идеясы жатыр. Қазақ ағартушылары əлемнің бірегей бейнесін ашып көрсетуге тырысты. Олар адам рухани кемелденбесе, оның кез-келген əрекеті өз мəнін жоғалтатынын айтады. Қазақтың ағартушылық философиясы жалпы ұлттық құндылықтар мен адамгершілік жауапкершілік туралы терең ойларға толы. Қазақ ағартушылары үшін руханият түсінігі – болмыстың терең мəні, адам бойындағы шынайы адамгершілікті анықтау, адамның өмір сүруінің мақсатын пайымдау. Қазақ ағартушыларының дүниетанымдық түсініктерінің рухани мəнін талдай отырып, қазақ даласындағы ойшылдардың философиялық идеялары өз кезеңінің уақыт кеңістігінен асып, бүгінге жеткенін көреміз. Сондықтан, олардың идеясы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында көрініс тапқан «Мəңгілік Ел» идеологиясы тұрғысында жаңа дүниетанымдық бағдарларын анықтап, рухани даму келешегі үшін ие болған мəнді əрі құнды құбылыс болып табылады. Қазақ ағартушыларының мəдениетке деген көзқарастарын тұтас əлеуметтік феномен ретінде талдау барысында мəдениет мəселесі көпжоспарлы мұраның ішкі бірлігін қамтамасыз ететін, біріктіретін толассыз құбылыс екендігі анықталады. Қазақ ағартушылары «мəдениетті» адамның іс- əрекетінің нəтижесі (рухани жəне материалды, екеуінің де жиынтығы) ретінде түсінді. Олар мəдениеттің гуманистік мəнін адамның шығармашылық күшінің жүзеге асуы ретінде қарастырып, олар жайлы терең ойлар айтты. Қазақ ағартушылары тəрбие үдерісіне аса мəн берген, себебі олар Ұстаз институтын терең тұлғааралық байланысты жүзеге асыратын, шəкіртке сенім артатын институт ретінде қарастырды
57.Ш.Ш.Уəлихановтың қазақтардың тұрмыс-тіршілігіндегі табиғат күштеріне байланысты наным-сенімдері жайлы ойлары. Шоқан Уəлихановтың аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан қысқа, бірақ шығармашылық мұрасы мол өміріндегі аяқталған немесе аяқталмай қалған көптеген еңбектері арасынан таза философияға арналған қандай да бір дүниені табу қиын. Қазақтың атақты ғалымы əрі зерттеушісі философия тақырыбына арнайы тоқталмаған сияқты. Дегенмен, Шоқан əртүрлі халықтардың тарихы мен дінін зерттеп этнографиялық жəне əдеби материалдарды сараптағанда философия мен дүниетаным тақырыптарын айналып өтпеген. Оның шығармаларындағы, əсіресе, қалың оқырманға беймəлім қолжазбалар мен күнделігіндегі түсініктеме мен тұжырымдамалардан Шоқан философиясы, оның дүниетанымы мен көзқарасы, құндылыққа жетелейтін бағдар-бағыты жайында əжептеуір мағлұмат алуға болады. Осы тұрғыдан алғанда, Шоқан Уəлихановтың көшпенді қауымның діни наным- сенімі, салт- дəстүрі жəне мифологиясына арналған еңбектері айрықша мəнге ие. Бұлардың қатарында «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырдағы мұсылмандық туралы», əсіресе, күнделік – жазбалар сияқты құнды еңбектер бар. Шоқан күнделік-жазбаларында өзінің саяхатын жазғандай суреттеп жатпайды. Ол мұнда өзі кездестірген тайпалардың мəдениеті мен тұрмысы, діни сенім-нанымы жəне дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы, əртүрлі халықтар арасындағы өркениет айырмашылығы жөнінде ой толғайды.