1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабы және ондағы тарихи-философиялық ойлардың мазмұны мен сипаты



бет31/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60
35. М.Х.Дулатидың «Тарих-и Рашиди» кітабы және ондағы тарихи-философиялық ойлардың мазмұны мен сипаты. Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулати (1499 жыл – 1551 жыл) — әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаһаннама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Мырза Мұхаммед Хайдар Хұсайынұлы Дулати. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» – өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» – әкесінің аты, «мырза» – текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» – шыққан тайпасының аты. «Тарих – и Рашиди» – Хайдар Дулатидің есімін əлемге мəшһүр еткен ең басты шығармасы Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих–и Рашиди» («Рашидтің тарихы») атты еңбегі екі дəптерден тұрады. -Бірінші дəптерде (кітапта) Моғолстанды жəне Қашқар елін билеген Шағатай ұрпақтарының əулеті тарихы баяндалады. Мұнда автор Тоғлық — Темір билік жүргізген кезден (1347–1348) бастап хан тағына Əбу ар-Рашид (Əбдірашид хан) отырған кезеңге дейінгі тарихи мерзімді қамтыған. -Екінші дəптердің (кітаптың) көлемі, біріншісіне қарағанда, төрт еседей көп. Бұл дəптер көбінесе дерлік ақынның өз көзімен көрген оқиғалар бойынша жазылған. Екінші дəптерді ғұмырнамалық шығарма деуге болады. Екінші дəптер мемуарлық сипат ұстағанмен, онда сұлтан Саид ханның Моғолстандағы өкімет үшін күресі, оның 1514 жылы Дулат əмірлерінен жаулап алып, Моғолстан мемлекетін құрғаны, Шағатай əулетінің Моғолстанның бұрынғы аймағы — Жетісу мен Тянь — Шаньдағы өкімет билігін өз қолдарына алмақ болған əрекеттері, моғол хандарының Шайбани əулетімен жəне қазақ хандарының қарым-қатынастары əңгімеленеді. Шығарма ХV–XVI ғасырларда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістанда болған тарихи оқиғаларды да қамтиды. Автор еңбегіне моғолдар арасына кең тараған Дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, мемлекеттік ресми құжаттарды, əсіресе тарихшылар: Йакут, Жамал Қарши, Жувейни, Рашид əд-Дин, Казвини, Абд əр-Раззақ Самарқанди, Шараф əд-Дин Əли Йездидің еңбектерін арқау еткен. Шығарманы «Тарих-и Рашиди» деп атауға үш себеп басшылыққа алынған: «...Біріншісі, Тоғлық–Темір хан ислам дінін маулана Аршададдиннің ықпалымен қабылдады... Екінші себебі, Тоғлық–Темірге дейін-ақ исламды Барақ хан, одан кейін Кебек хан қабылдаған еді. Алайда осы хандар дəуірінде моғол ұлыстары ислам дінінен дұрыс жол таба алмады. Ал құдіретті де мəртебелі Тоғлық–Темір хан мен бақытты моғол ұлысы исламнан дұрыс жол тауып, ұлылыққа бет бұрды. Үшіншіден,қазіргі уақытта моғол ханы Əбдірашид хан болғандықтан, бұл тарих соған арналып, оның құрметіне құрастырылып отыр. Осы үш себептен бұл тарих «Тарих-и Рашиди» («Хақ жолындағылар тарихы») деп аталынды» «Тарих–и Рашидидің» басқа мағлұматтардан ерекшелігі, мұндағы оқиғаның көбін автор өз көзімен көріп жазған. Жəне мұнда басқа түрлі тарихи жазулар сияқты ешбір шұбалаңдық жоқ, бұл тек белгілі бір дəуірді алып, соны əдемі тілмен айқын суреттеген. Шығарманың екінші қасиеті — бұл қазақ тарихы туралы жазылған бірінші кітап. «Тарих – и Рашиди» негізінде жүз жыл ішінде (1450–1546) болған оқиғаны суреттейді. Бұл кез бұрынғы Алтын орда мен Шағатай ұлысының əбден ыдырап, оның орнына жеке хандықтар құрыла бастаған кез. Мұ- хаммед Хайдар «Тарих– и Рашиди» кітабында осы Шағатай ұлысы мен Алтын орданың қалай азып- тозғанын суреттеп, ол екеуінен тарап шыққан қазақ халқының саяси тіршілігін баяндайды..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет