Э ссе Тақырыбы: Тарих философиясы. Тарих философиясы «тарих философиясы»



Дата08.12.2023
өлшемі61,22 Kb.
#135204
Байланысты:
философия...


Э
ссе

Тақырыбы:Тарих философиясы.
Тарих философиясы - («тарих философиясы» ұғымын Вольтер енгізді, нақты түрде антикалық кезеңге жатады)- тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері. Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау; екіншіден, 19-шы ғасырдың аяғы және 20-шы ғасырдың басы кезеңіндегі философиялық бағыт. Тарихты басқарушы күш әртүрлі түсіндірілуі мүмкін. Идеалистік философияда тарихты басқаратын күш абсолютті рух (Гегель) деп қарастырылды. Рационалистер тарихты басқаратын күш ақыл-ой деп санады. Натуралистік бағыттардың өкілдері тарихты басқаратын күш табиғи заңдылық деп түсіндіреді. Қалай дегенде де бұл күштер тарихтан сыртта деп қарастырылады. Олар тарихты басқаратын күштер тарихтың өзінің ішінде құрылады деп есептемеді. Тарих философиясының классикалық жобаларында дұрыс пікірлер де болды. Мысалы, француз ағартушылары ХVIII ғасырда прогресс теориясын дайындап шығарды. Оның алғашқы авторы Кондерсе болды. Гердер процестің бірлігі туралы ілімді ашты. Сол уақытта мәдениет философиясының да ірге тасы қаланды. Оны ашқан Вольтер болатын. Вольтер мәдениет философиясын саясат философиясына қарсы қойды. Тарих философиясының рационалистік нұсқасынан романтикалық нұсқа ерекшеленді. Романтикалық нұсқада тарихи кезеңдердің ішкі байланысы, сабақтастығы, көптүрлілігі ашылды. Георг Вильгелм Гегель тарихи процеске байланысты еркіндік және қажеттілік ұғымдарының қатынасын терең талдап көрсетті. Бірақ олар метафизикалық көзқарастардан арыла алмады. Тарих философиясына позитивизм де өз пікірін айтты. Позитивизм адамдардың табиғи қажеттіліктеріне, табиғи алғы шарттарға көп назар аударды. Идеалистік концепцияларда да, натуралистік философияда да реалды тарихи шығармашылық әлде бір сыртқы, тарихи емес күштерден бастау алады. Тарихқа материалистік көзқарас барлық трансцентентальды, жаратылыстан тыс, тарихи еместің бәрін ысырып тастайды. Маркстің пікірінше адамдар тарихты өздері жасайды, олар өздерінің бүкіл әлемдік тарихи драмасының актері де, авторы да өздері болып табылады. Маркс, - алдыңғы ұрпақтың іс-әрекеттерінің нәтижелері объективтілендіріліп, келесі ұрпақтың алдында алғышарт болып негізделіп жатады, - деді. Маркске дейінгі тарих философиясында басты болып келген онтологиялық проблематика ХIХ ғасырда басқа қоғамдық ғылымдарға ауысады, соның ішінде социологияға. ХIХ ғасырдың аяғы XX ғасырдың басы кезеңінде орын алған позитивистік эволюционизмнің кризисі тарихи айналым теорияларының жаңа варианттарының пайда болуына және кең таралуына мүмкіндіктер туғызды (Шпенглер, Тойнби, Сорокин). Тарихтың мәнінің метафизикалық проблемасы христиандық тарих философиясының басты мәселесі болып табылды (Бердяев, Маритен, Демиф, Бультман, Нибур). ХIХ ғасырдың соңында пайда болған сыни тарихи философия тарихи таным процесі мен нәтижесін талдаудың гносеологиялық және методологиялық проблематикасын алға қойды. Тарихи танымның гносеологиялық сыны мәселесін алғаш Дильтей қарастырды. Бұл ілім ақыл-ойды жаппай сынға алудан да тайынбады. Тарихи танымды гносеологиялық сынау тарихи субъект теориясын қамтымай қоймайды. Кроче деген ойшыл тарих ой ретінде де, тарих әрекет ретінде де бір-бірімен тығыз байланысты деп түйді. Неокантшылдықтың баден мектебінің индивидуалшыл әдісі құндылық философиясымен байланысты болды. Осындай ерекшелік Экзистенциализмге де тән болды. Бұл ілімдер де тарих философиясы адам философиясының бір аспектісі ретінде орын алады. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің “Тарих философиясы” деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:

  1. өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;

  2. материалдық молшылықтарға жету;

  3. ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;

  4. баюдың көзі ретінде соғысты жою;

  5. “индустриалдық қоғамда” өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ. Р.Арон постиндустриалды қоғам туралы концепциясын кеңінен таратты.

Қазіргі тарих философиясы – бұл қоғамның табиғаттан ерекше дамуы-ның сапалық өзінділігін ұғынуға арналған философиялық ілімнің салы-стырмалы дербес саласы. Тарих философиясы бірнеше маңызды мәселелерді қарастырады:
тарихтың мәні мен бағытталуы;
• қоғамды типологияландырудың әдістемелік тәсілдері;
• тарихты кезеңдерге бөлудің критерийлері;
• тарихи процесс ілгерілеуі.
Ясперс үшін әлем уақыт аралығында берілген нақты болмыс және әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік жағдайымен ерекшеленеді. Тарихи нақтылық та сол себепті біржолғы әрі қайталанбас келеді, тарихты ұғыну үшін, адамды ұғыну керек, адами болмыс өзін уақыт аралығында – тарих арқылы танытады. Философияда «дәуір» терминін қолдану осы уақытқа дейін кеңінен таралып келгендігін айта кету керек, дегенмен, бұл Фихтенің қосқан үлесі деп айтуға болмайды, сірә, бұл экзистенциализм өкілдерінің қазіргі философияға қосқан үлесі болса керек. К.Ясперстің өзі тарих – бір дәуірден екінші дәуірге ауысу болып табылатындығы туралы тұжырым жасаған. «Адам болмысының тарихи субстанциясын» дәстүр құрайды. Ясперстің пікірі бойынша, адамзат біртұтас. Адамзат бірлігін түсіндіру үшін, Ясперс бүгінде кеңінен танымал болған «ордалық дәуір (осевая эпоха)» ұғымын енгізеді (б.д. дейінгі 1 ғасырдың ортасы), бұл кезеңде адамзат тарихы өзінің жеке құрылымына ие болады. Әрбір тарихи дәуір басқасынан өзіндік тарихи жағдайымен ерекшеленеді. Ұқсас тарихи жағдайлардың пайда болуы да ықтимал. Мәселен, қазіргі адам түрі қалыптаса бастаған кезде, бірдей тарихи жағдайлар Қытайда, Үндістанда, Парсыда, Палестина мен Ежелгі Грецияда пайда болады. Міне, осыны әлемдік өркениеттің «ордалық дәуірі» деп атайды.


Орындаған : Мирзахалов Турсунбай
Тобы 206-А
Тексеруші: Оразхан .Т

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет