1 Ежелгі сақтардың дүниетанымдық ұстанымдары мен рухани құндылықтары


Ақтамберді жыраудың жырларындағы ұлттық болмыстың, ел намысы мен мақсат-мүддесінің көрініс табуы.А



бет36/60
Дата16.02.2023
өлшемі178,49 Kb.
#68338
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
43. Ақтамберді жыраудың жырларындағы ұлттық болмыстың, ел намысы мен мақсат-мүддесінің көрініс табуы.Ақтамберді жырау жырлары Сарыұлы Ақтамберді (1675-1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар. Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады. Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болп келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды Ақтамберді ерлікті де, шешендік өнерді де жастайынан аңсаған адам.


44. Бұқар жыраудың шығармаларындағы қайшылықты заман шындығының көрініс табуы БІЛІМ Бұхар жырау шығармаларындағы афоризмдер 2016 ж. Ақпан 1 18.8k Әдебиет тарихынан елеулі орын алы, артынан өшпес мұра қалдырған 18 ғасыр әдебиетіндегі көрнекті жыраулардың бірі- Бұхар жырау Қалқаманұлы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейкесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан. Бұхар жырау- қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Бұхар жырау туралы, оның шығармаларының негізгі сарындары, көркемдік сипаты жөнінде айту- сол дәуірдің поэзичсын тұтас қамтып айту. Бұхар жыраудың поэзиясы бүтін бір халықтың жан-дүние, таным-талғам иірімдеріне жалғасып жатқан құбылыс. Жырау шығармалары жеткізер дүние жеке адамның көріп-біліп, көкірекке түйгенінен әлдеқайда кең жатыр, оның шығармалары- тұтас халықтың сзім-күйі, ой-өрісі, тарихы мен тағдыры. Жыраудың бізге жеткен азды-көпті мұрасын табиғи сипаты жағынан насихат толғау, арнау тоғау, болжау толғау деп үш топқа бөлуге болады. Шығармаларының басым көпшілігін қамтитын насихат толғауларында адамды игілікке тәрбиелеу, бауырмалдылық, адалдық, әділдік мәселелері сөз болады. Жыраудың бір топ жырлары : «Ежелгі дос жау болмас», «Шашырап шыққан қандар көп», «Мырзалық қонаққа пайда,малға қас», «Жар басына қонбаңыз», «Жал құйрығы қаба деп» және тағы басқа толғауларында ел бірлігі, жақсы мен жаман, білімділік пен надандық, жалпы ізгілік сәселелерін қамтиды. Жыраудың бүкіл жыр-толғаулары афоризмдерден өрілген. Ақылгөй абыз дәулетке, баққа қызықпа, арыңды ақсатпа, малға сатпа, ол мәңгілік нәрсе емес, «өзгереді, өзгергенді көз көреді»-дейді. Ол арамзалық алысқа шаппайды, «Арамзаның құйрығы бір-ақ тұтам» ұзаққа бара алмайсың, халықтың шындық атты қақапаны бар, адалдық атты тұзағы бар, соған түспей өтпейсің,- деп ескертеді. «Жаманмен жолдас болсаң, көрінгенге күлкі етер, жақсымен жолдас болсаң, айырылмасқа серт етер»- деп бірліктің басталатын қайнар көзін ашып береді. Жырау қарапайым сөздің сыры сезілмес, жымы білінбес шеберлікпен шендестіру арқылы ғаламат қуат күшін оятады. Жай ғана бір сөздің ұйқасы мен үйлесімінің арасына ол тіршіліктің қария даналығын орнықтырады. Бұхар жырау тірліктің, жарық дүниенің сәулелі нұрын құштарлықпен құшақтайды. Оның ойы-аспаннан биік, сезімі- теңізден терең. Ол құйқылжыған, қайшылығы, қарсылық күресі, текетірес құбылысы көп дүниеден тиянақ табуға баулиды. Басу айтып, сабаңа түсіреді. Аласұрған көңіл, арпалысқан сезімді ауыздықтаудың сиқырын, сырын жеткізеді. Пенделіктен жоғары тұрар қасиеттерді сақта дейді. Жыраудың толғаулары дүние шартын тізбелеген нақыл, афоризм көмбесі. Ол өзінің өлеңдерінде моральдық сарынға беріліңкіреп, ағайыншылықты, татулықты, достықты үгіттейді, өзімшілдіктен сақтандырады. Азамат ердің баласы, Атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, Ішінде оның біреуі, Арыстаны болмас па? -дейді ол. Бұхар өлеңдері тұспал нақылдарға құрылған шешендік үлгісін танытатын мәнді тшығармалар:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет