1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары



бет1/4
Дата19.04.2023
өлшемі18,16 Kb.
#84386
  1   2   3   4

1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі саясатының негізгі бағыттары

1. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы кеңестік биліктің сыртқы және ішкі


саясатының негізгі бағыттары.
2. Фашистік басқыншылықтан Отанды қорғаудың басталуы
3. Халық шаруашылығының әскери жағдайға ауысуы. Қазақстан – Отан
соғысының тылы
4. Соғыс майдандарындағы, партизандық қозғалыстарда, қарсы тұру
қозғалыстарындағы қазақстандықтардың ерлігі.

Екінші дүниежүзілік соғыс және Қазақстан
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылғы 1 қыркүйектен 1945 жылғы 2 қыркүйекке дейін созылған, әлем халқының 80 пайызға жуығы (шамамен 1 млрд. 700 млн. кісі) зардабын тартқан сұрапыл соғыс. Соғыс өрті сол кезде әлемдегі 73 мемлекеттің 62-сін (Еуразия және Африка құрлығы) шарпып өткен. Соғысқа қатысқан әскерилердің саны 110 миллионнан асса, сол соғыста 50 миллионнан аса адамның өмірі құрбан болған.
Екінші дүниежүзілік соғыс та бірінші дүниежүзілік соғыс сияқты капиталисттік елдер арасындағы қарама-қайшылықтың күрт ушығуынан, импералисттік елдердің бір-біріне қырын қарауынан пайда болды. Германия, Италия және Жапония сынды қарулаған мемлекеттердің Версаль-Вашингтон жүйесіне көңілдері толмады. Бұл келісімшарт Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін жасалған әрі АҚШ, Ұлыбритания, Франция сияқты елдердің билігі үстемдігі асып, отар елдер мен олардың шикізаттарының басым бөлігі аталмыш елдердің иелігінде қалды. Бұл Германия, Италия мен Жапонияға ұнамады. Олар әлемді қайтадан бөліскісі келді.
1940 жылы Гитлерлік Германия КСРО-ға соғысты бастайтын «Барбаросса» жоспарына қол қойды. Бұл жоспардың негізгі идеясы бойынша фашистердің қарулы күштері КСРО-ны 1941 жылдың күзінде жаулап алуды көздеді. 1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия өзара шабуыл жасаспау туралы кеңес-герман шартын бұзып, соғыс жарияламастан, КСРО-ға тұтқи ылдан баса-көктеп кірді. Фашистер басып алған кеңестік аумақта Остланд (Белоруссия және Прибалтика), Украина, Московия (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс өңірінде – Түркістан және Еділ-Орал (Идель-Урал) рейхкомиссариаттарын құру жоспарын ойластырды. «Арбайтеге- майншафт Түркістан» ғылыми-зерттеу институты атымен бүркемеленген немістің жоғары барлау мектебі болашақ отар ел (колония) «Үлкен Түркістанға» арналған картаның жобасын дайындады. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Синьцзян, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енді. Сондай-ақ Қазақстанның орталық, солтүстік және солтүстік- шығыс аудандары Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «индустриялық облыстарының» құрамына кіруге тиіс еді. Бұл жерлерге фашистік Германияға қызмет ету үшін украиндер, беларустар, поляктар, венгрлер және Шығыс Еуропаның басқа да халықтарын қоныстандыру жоспарланды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет