1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет19/23
Дата20.06.2023
өлшемі254,22 Kb.
#102543
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Оториноларингология

426.6 жастағы бала. Сол құлағының жайсыз сезінуі мен ауру сезімі және естудің төмендеуіне шағымданады. Отоскопияда: барабан жарғағы гиперемияланған, жәндіктің табылуы.


Көрсетілген тактикалардың қайсысы ЕҢ алғаш атқарылады?
1. Жылы сұйық май құю
2. Пинцетпен алу
3. Жане шприцімен жылы сұйықтықпен жуу
4. Есту түтігін үрлеу
5. Дабыл жарғағының парацентезі

427. 28 жасар әйел. Тамағындағы бөгде заттың болуына шағымданады. Анамнезінде созылмалы тонзиллит. Объективті: дене қалпы астениялық. Фарингоскопия: жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты ұабатының бетінде, таңдай бадамшалардың лакуналарында ақ түсті, негізінде нықтап отырған тікен тәрізді тығыз түзілістер. Аңқадан алынған жағындыны бактериологиялық зерттеуі кезінде лептотрикс анықталды.


Төменде көрсетілген ем тактикаларының ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Антибиотик ертіндісімен лакуналарды шаю
2. Сілтілі ингаляциялар
3. Люголь ертіндісімен лакуналарды күйдіру
4. Хинозол ертіндісімен лакуналарды шаю
5. Күміс нитрат ертіндісімен лакуналарды күйдіру

428. 48 жасар әйел. Тамағында бөгде зат тұрғандай сезімге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде созылмалы тонзиллит бар. Қарап тексергенде: дене бітімі астеникалық. Фарингоскопияда: жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабатының беткейінде, таңдай бадамшаларының лакуналарының негізінде нық орналасқан ақшыл, тығыз тікен тәрізді түзілістер анықталады.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Катаральды баспа
2. Жұтқыншақ фарингомикозы
3. Жедел фарингит
4. Гипертрофиялық фарингит
5. Созылмалы фарингит

429. 29 жастағы жүзуші құлақтың ауру сезімімен іріңді сасық бөліністің ағуына шағымданады. Отоскопияда: барабан жарғағының перфорациясы, эпителий жараланған, іріңмен және сұр түсті затпен жабылған.


Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтимал қайсысы?
1. Эпитимпанит
2. Мезотимпанит
3. Жедел ортаңғы отит
4. Жедел мастоидит
5. Буллезды-геморрагиялық мирингит

430. 34 жастағы ер кісі тауда түнеген. Сол құлағының жайсыз сезінуі мен ауру сезімі және естудің төмендеуіне шағымданады. Отоскопияда: барабан жарғағы гиперемияланған, жәндіктің табылуы.


Көрсетілген тактикалардың қайсысы ЕҢ алғаш атқарылады?
1. Жылы сұйық май құю
2. Пинцетпен алу
3. Жане шприцімен жылы сұйықтықпен жуу
4. Есту түтігін үрлеу
5. Дабыл жарғағының парацентезі

431. 27 жастағы шаруа адам. Жұтынғанда, жөтелгенде оң құлақтың ауру сезімімен естудің төмендеуіне шағымданады. Жалпы қарап тексергенде: дене қызуы 38ºС, емізікше өсіндісінің пальпациясы ауру сезімді. Отоскопияда: барабан жарғағының гиперемиясы, томпаю, пульсациясы.


Төмендегі тактикалардың ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Парацентез
2. Барабан қуысын шунтирлеу
3. Есту түтігінің катетеризациясы
4. Үрлеу
5. Емізікше өсіндісінің трепанациясы

432. 2 жасар ұл. Мезгілді жөтелге шағымданады, анасының айтуы бойынша осының алдында ойнап, жедел жөтеліп, көгеріп, жөтелі он минуттай созылып басқа қайталанған жоқ. Объективті: бала мазасыз, тынысы минутына 20 рет, өкпесінде – көбінесе оң жақта көптеген құрғақ сырылдар.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Ларингит
2. Бронхиолит
3. Пневмония
4. Бронхтың бөгде заты
5. Обструктивті бронхит

433. 32 жасар әйел, оқытушы. Тамағындағы бөгде заттың болуына шағымданады. Анамнезінде созылмалы тонзиллит. Объективті: дене қалпы астениялық. Фарингоскопия: жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты ұабатының бетінде, таңдай бадамшалардың лакуналарында ақ түсті, негізінде нықтап отырған тікен тәрізді тығыз түзілістер. Аңқадан алынған жағындыны бактериологиялық зерттеуі кезінде лептотрикс анықталды.


Төменде көрсетілген ем тактикаларының ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Антибиотик ертіндісімен лакуналарды шаю
2. Сілтілі ингаляциялар
3. Люголь ертіндісімен лакуналарды күйдіру
4. Хинозол ертіндісімен лакуналарды шаю
5. Күміс нитрат ертіндісімен лакуналарды күйдіру

434. 27 жасар, бухгалтер әйел. Тұрақты бас ауруына, жүрек аймағындағы ауру сезіміне, тамағының қарлығуына шағымданады. Анамнезінде созылмалы тонзиллит. Объективті: дене дамуы астениялық, жақ саты лимфо түйіндері бұршақ тәрізді, пальпациялағанда ауырады, жүректің аускультациясы кезінде – тондары тұйықталған. Фарингоскопия: таңдай бадамшалары борпылдақ, доғашықтармен қосылған, басқанда лакуналардан казеозды тығындар шығады.


Төменде көрсетілген емдік тактикалардың ішінен ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?
1. Тонзиллэктомия
2. Лакуналарды шаю
3. Антибиотикотерапия
4. Тамағын шаю
5. Тонизиллотомия

435. 32 жасар әйел, мұғалім. Тамағында бөгде зат тұрғандай сезімге, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Анамнезінде созылмалы тонзиллит бар. Қарап тексергенде: дене бітімі астеникалық. Фарингоскопияда: жұтқыншақтың артқы қабырғасының шырышты қабатының беткейінде, таңдай бадамшаларының лакуналарының негізінде нық орналасқан ақшыл, тығыз тікен тәрізді түзілістер анықталады.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Катаральды баспа
2. Жұтқыншақ фарингомикозы
3. Жедел фарингит
4. Гипертрофиялық фарингит
5. Созылмалы фарингит

436. 23 жастағы әйел, бағбан. Мұрын бітелуі, мұрын терісінің құрғауы, сіңбірудің қиындауы , қан ағу. Риноскопияда: мұрын қуысы кеңейген, ортаңғы қуыстың болмауы, қою секреттің жиналуы, қабыршақтану.


Көрсетілген болжам диагноздардың ішінен ЕҢ ықтимал қайсысы?
1. Созылмалы атрофиялық ринит
2. Созылмалы катаральды ринит
3. Созылмалы гипертрофиялық ринит
4. Аллергиялық ринит
5. Мұрын қуысының гематомасы

437. 32 жастағы боксшы. Тоқтамайтын мұрыннан қан ағуға, бас айналумен бас ауруына шағымданады. Жалпы қарап тексергенде: мұрын ісінген, пальпацияда ауру сезімді; қан алқызыл, ешқандай қоспасыз; артериальды қан қысымы 100/60 мм с.б., пульсі 96 рет минутына.


Төмендегі тактикалардың ішінен ЕҢ алғашқысы қайсысы?
1. Алдыңғы тампонада
2. Артқы тампонада
3. Киссельбах зонасын күйдіру
4. Тамыртарылтқыш препараттарды тамызу
5. Антисептиктермен жуу

438. 45 жасар әйел, ткачиха. Есту қабілетінің төмендеуіне, әсіресе сол жағында, құлақтарындағы шуға, соңғы 6 айда күшеюіне шағымданады; шулы жерлерде жақсы естиді. Қарап тексергенде: қатты сөйлейді. Анамнезінде: әкесі есту аппаратын таққан. Отоскопияда: құлақ серасы жоқ. Вебер сынамасын жүргізгенде – оң құлаққа дыбыстың латерализациясы; Ринне сынамасы «теріс» – ауаөткізгіштігі сүйектен нашар. Тимпанометрияда: үзеңгінегізінің қозғалғыштығының төмендеуі анықталады.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Есту нервінің невриті
2. Отосклероз
3. Созылмалы отит
4. Ортаңғы құлақ фибромасы
5. Ортаңғы құлақ остеомасы

439. 52 жасар ер адам, столярлы шеберханада жұмыс істейді. Кенеттен естудің төмендеуіне және құлақтарындағы шуға, сөйлегенді түсінбеуінешағымданады. Анамнезінде: алкогольді көп ішеді. Тональды аудиометрияда: жоғарғы жиілікті дыбыстар үшін есту табалдырығы жоғарылаған. Ринне мен Вебер сынамаларын жүргізгенде – кондуктивтіқұлақ мүкістігі.


Құлақтарындағы шуды азайту үшін ЕҢ тиімді тактика қайсысы?
1. Интрамеатальды бөгет
2. Есту протезі
3. Дезинтоксикациялық терапия
4. Дабыл жарғағының парацентезі
5. Стапедопластика

440. 34 жастағы ер кісі. Оң құлақтың естуінің төмендеуі , кезеңмен iрiңдi бөлінділер шығуына шағымданады. 5 жыл бойы ауырады. Отоскопияда: дабыл жарғағының жоғарғы бөлiмінде өтетін саңылау және гранулема анықталады.


Емдеудің қайсысы ең тиімді?
1. Антибактериальді терапия ауызға
2. Бор спиртін тамызу
3. Асептикалық таңғыш
4. Турунда қою
5. Тамыр тарылтатын мұрын тамшылары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет