1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (жел), ФӨӨС (Фжел), ждшк



бет5/23
Дата20.06.2023
өлшемі254,22 Kb.
#102543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Тесты-на-ПГА-ИиР-ВОП1-2012-год-каз

1. Ішек өтімсіздігі


2. Бейспецификалық жаралы колит
3. Жедел аппендицит
4. Ішек инвагинациясы
5. Созылмалы іш қату

138. 5 жасар ұл бала. Дене қызуының 38,80С дейін көтерілуіне, жөтелге, мұрынынң бітелуіне, кеуде мен іштегі бөртпеге шағымданады. Объективті: дене қызуы 38,30С, терісі таза. Аңқасы аздап қызарған, ұрттың шырышыт қабатында премолярлар проекциясында бозғылт-көкшіл түсті энантема. Мойын артындағы және шүйделік лимфа түйіндері үрмебұршақ көлеміндей үлкейген, ауру сезімінсіз.


Төменде келтірілген болжама диагноздардың қайсысы сәйкес келеді?
1. Мононуклеоз
2. Қызылша
3. Скарлатина
4. Аллергиялық бөртпе
5. Қызамық

139. 3 жасар ұл бала. Дене қызуының 39 градусқа дейін көтерілуіне, тәбеттің төиендеуі, көп мөлшерде сілекей ағу, тамақ ішкендегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: ұрттың, тілдің, жұмсақ таңдайдың, еріннің шырышты қабаттары қызарған, түрлі көлемде ақ және сарғыш түсті қызылшеңбермен қоршалған табақшалар бар.


Төменде келтірілген қандай ем ЕҢ тиімді?

1. Метилен көгі 2% ерітіндісі


2. 20% сутек асқын тотығы ерітіндісі
3. 5% нистатин суспензиясы

4. Ацикловир 50 мг\кг тәулігіне


5. Дифлюкан 5 мг 1 кг дене салмағына

140. 12 жасар қыз. Шағымдары: тамақта ауру сезімі, артқы – мойындық, шүйделік лимфа түйіндердің ұлғаюы. Объективті: дене қызуы 37,90С. Артқы – мойындық, шүйделік лимфа түйіндер орман жаңғағының көлеміндей ұлғайған, консистенциясы тығыз-эластикалы, қозғалмалы, ауру сезімсіз. Аңқа қызарған, жұмсақ таңдайда аздаған петехиялар. Көкбауыр қабырға доғасынан 4 см-ге шыгып тұр..


Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
1. Инфекционды мононуклеоз
2. Жедел лейкоз
3.Жүйелі қызыл жегі
4. Созылмалы тонзиллит
5. Лимфогранулематоз

141. Қантты диабетпен ауыратын анадан туылған нәрестеде өмірінің 3 тәулігінде мазасыздану, гиперестезия, қолдарының треморы, тахикардия, тахипноэ, тоникалық тырысулар пайда болды. Қандағы глюкоза мөлшері 2,85 ммоль/л, қан РН- 7,35, кальций деңгейі – 1,75 ммоль/л,.


Берілген жағдайды қалай дұрыс бағалауға болады?
1. Гипогликемия
2. Ацидоз
3. Гипокальциемия
4. Гиперкальциемия
5. Алколоз

142. Бала 1 жас 5 ай, 1 апта бұрын температура 39 С дейін жоғарылаған, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, басының ауыруы, жарықтан қорқу. 3 күннен кейін құрғақ жөтел пайда болады. Анамнезінен: бала ауылдық жерден, үйінде құстары, ірі қара бар.


Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
1. Микоплазмалық пневмония
2. Аденовирусты пневмония
3.Орнитозды пневмония
4.Хламидиозды пневмония
5.Легионеллезнды пневмония

143. 1 жастағы бала стационарға айқын токсикозбен, аралас сипаттағы ентігумен, температурасының 380С дейін көтерілуімен түсті. Перкуссияда қораптық дыбыс анықталады. Жайылған шулар, жауырын бұрышында сол жақта – тұрақты ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі.


Төменде көрсетілген зерттеулердің ішінен ЕҢ ақпаратты қайсысы?
1. Жалпы қанның анализі
2. Жалпы зәрдің анализі
3. Қанның биохимиялық талдауы
4. Қақырықты флорға егу
5. Кеуде қуысы мүшелерінің R-графиясы

144. 7 айлық балада ОРВИ нәтижесінде 4 күннен бастап жағдайы нашарлады. Экспираторлы ентігу басталды. Аускультация кезінде – созылмалы демнің шығуы, әр-түрлі калибрлы ылғалды екі жағынан сырыл пайда болды. Осы аталған емдік препараттар тобының қайсысы емдеуге қарқынды?


1. Антибиотиктер
2. Ылғалды оттегі
3. Гормондар
4. Бронхомиметиктер
5. Кеуде қуасының вибрационды уқалауы

145. 2 жастағы бала қатты ауырып қалды: температурасы 39,50-қа көтерілді, тамақ ішпейді, бас тартады. Ауыз қуысының шырышты қабатында жұқа қабырғалы везикулалар пайда болды, олар тез арада жарылып, орнына беткейлік жараларға айналды, олар перифериялы көбейе бастады.


Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
1. Ауру қуысындағы сілекей қабықтың қабынуы.
2.Афтоздық стоматит
3. Молочница
4.Жел шешек
5. Аллергиялық реакция

146. 6 айлық бала еміп жүрген. Алма шырыны мен жемістер пюресін де қолданады. Дамуы қанағаттанарлық.


Осы тізілген тамақтардың қайсысы ЕҢ ынғайлы?
1. Сәбіз шырынын қосымша беру
2. Мәни ботқасын беруді бастау керек
3. Көкөністер пюресін қолдану
4. Еттен жасалған тағамдар
5. Ірімшік беру

147. Бала 5 айына дейін жасына сәйкес дамыған, кейін салмақ қосу 80-100 гр төмендеді, ал 7 айдан кейін – дене салмағын жоғалтты. Кеуде сүтімен тамақтандырылған, кейін бейімделген қоспаға ауыстырылды. 5,5 айдан бастап қосымша ботқамен тамақтындырылды (манной, овсяной), 6,5 айдан кейін – көкөніс езбесі. Күніне 2-3 рет нәжіс, 5 ретке дейін, көп мөлшерде. Осы тізілген тамақтардың қайсысы ЕҢ ынғайлы?


1. Аглютендық диета
2. Соялық қоспа
3. Лактоздық қоспа
4. Толық гидролиздық ақуыздың негізіндегі қоспа
5. Қоюлатылған қоспа

148. Калийдің қандай деңгейінде қан сарысуында гипокалиемия анықталады?


1. <35 ммоль/л
2.<4, ммоль/л
3.<4,5 ммоль/л
4.<5,0 ммоль/л
5.<5,5 ммоль/л

149. Бала 11 жас. Әлсіздікке, салмағының төмендеуіне, қызбаға шағымданады. Қарағанда: жоғары және төменгі қабақта қызғылт эритема байқалды. Пальпацияда кенеттен миалгия және білек пен балтыр бұлшық еттерінің тығыздалуы анықталады. Әлсіздік, өзіне-өзі қызмет көрсетуі, төсектен тұруы қиындаған.


Төменде келтірілген қандай ем ЕҢ тиімді?
1. Антиагреганттар
2. Антиоксиданттар
3. Глюкокортикоидтар
4. АТФ
5. Прозерин

150. 5 жасар баладағы симптомның белгілері: шаршау, сол қарыншаның пульсациясы, сол жақ 2-ші қабырға аралықта дірілдеу. ЭКГ-дағы сол жақ қарыншаның шамадан тыс жүктемесінің белгілері, R-граммадағы – кіші айналымның гиперволемиясы, сол жақ қарыншаның ұлғаюы. Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?


1. Асқазан арасы далдашығының дефектісі
2. Өкпе артериясының тарылуы
3. Субаортальдық тарылу
4. Ашық артериалдық түтік
5. Эбштейн аномалиясы

151. 10 жасар қыз балада сол жақ сирақтабандық артрит пайда болды, сосын он жақ тізе буынында, жергілікті рекакциясы көрінеді, қозғалуы ауырсынады, шектелген. 2 апта бұрын цистит, коньюнктивит болған.


Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
1. Бруцеллёз
2. Бехтерев ауруы
3. Рейтер ауруы
4. ЮРА
5. Ревматизм

152. Ұл балаға 9 жас, әлсіз 1,5 ай бойы сырқатты, шаршау, салмағын жоғалту, артралгия. Температурасының 39-400 С-ға көтерілуі. Объективті: артрит сирақтабандық, шынтақтық-алақан буындарда, эритема бетінде мұрын аралығында.


Төменде көрсетілген зерттеулердің ішінен ЕҢ ақпаратты қайсысы?
1.Белок және оның фракциялары
2.Креатинин
3.LE-клетки
4.ЖҚА
5.ЖЗА

153. 11 жасар ер бала ангинамен ауырған. Тексергенде: бозарған, селқостық, жүрек көлденен көлемі кенейген, жүрек үшындағы 1 тонның тұйықталуы, үрлеген сияқты систоликалық шу жүрек үшында, қолтық астына дейін таралады, сирақ-табан буындарының артриті.


Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
1. Ревматоидты артрит
2. Ревматикалық қызба
3. Септический кардит
4. Постинфекционный миокардит
5. Бруцеллез

154. Бала 15 жаста, 12 елі ішек ойық жарасымен ауырады. Ауруханаға «кофе» тұнбасы тәрізді құсуға, іш ауырсуына, қышқылмен кекіруге шағымданып түсті. Әлсіздік, құлағының шуылдауы, бас айналу, бозғылтық анықталды. ЖСЖ- 100 соғыс /мин, АД 80/40 мм.рт.ст. Нв-80 г/л.


Қандай асқыну туралы ойлауға болады?
1. Перфорация
2. Пенентрация
3. Қан кету
4. Малигнизация
5. 12 елі ішектің шығу бөлімінің стенозы

155. 10 жастағы бала, 2 жыл бойы ауырады. Эпигастральді аймағында ауырады, топастық сыздау, кейде тамақтан соң лоқсиды, кейбір кезде тамақ аралас құсу, жеңілденген. Анамнезде: тамақтану тәртібі бұзылғын. Тексергенде: тәбеті төмендеген, эпигастральды аймағында іші ауырады және пилородуоденальды аймағында, бауыр және көкбауыр ұлғаймаған, нәжісі қатайған, жиі.


Төменде көрсетілген зерттеулердің ішінен ЕҢ ақпаратты қайсысы?
1. Эзофагогастродуоденоскопия
2. Рентгенологиялық зерттеу
3. Асқазан мен 12 елі ішектің УДЗ-сі
4. Дуоденалді зонттау
5. Копрограмма

156. Полиомиелитке қарсы егілгендерде вакциноассоциирленген полиомиелит қанша уақыт бойында туындайды?


1. 4–30 күн
2. 2 айдан кейін
3. 6 айдан кейін
4. Бір жылдан кейін
5. 3 жылдан кейін

157. Науќас Т 38 С дейін кµтерлеуімен және ќатар белгілерінің пада болуымен жедел ауырады. Науќастың кейні: беті ісініп дөңгеленген, домбыќќан, склерит, конъютивит. Ауызжұтќыншағында бадамша бездері ұлғайған, жұмсаќ тањдайы, жұтќыншаќтың артќы ќабырғасы, жұмсаќ таңдай доғалары айќын ќызарған, ұртының шырышты ќабатында Филатов-Коплик даќтары бар.


Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
1. Аденовирусты инфекция
2. Жел шешек
3. Тұмау
4.Қызылша
5. Менингококкты инфекция

158. Бала 5 жаста. Cырқатының 5 күні. Сырқаты біртіндеп дене Т көтерлуімен, тұрақты құсумен, нәжісі 3-5 реті тәулігіне, көлемді, сұйық, нәжістік қасиеті сақталған, көпіршікті, қорытылмаған, сасық, қою- жасыл түсті. Ауруының 3 күні эксикоздың шамалы белгілері пайда болды. Қараған кезде тілі қалың қапталған. Іші аздап кетекен. Пальпация кезінде ауырсынады. Сырқатының 4 күні гепатоспленомегалия пайда болды. Яслиийде энтеритпен ауырған баламен қатыста болған, анасы шала пісіріп әкелген жұмыртқаны жеген.


Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
1. Іш сүзегі
2. Дизентерия
3. Ротавирусты инфекция
4.Сальмонеллез
5. Эшерихиоз

159. 8 айлық балада субфебрилитет, айқын интоксикация, көз астында көлеңке, тісі шығып келеді, сирек дәретке отырады. ЖҚА- лейкоциттер 9,5х109л, нейтрофилдер 75%, лимфоциттер 19%, моноциттер4%, эозинофилдар 1%, базофилдар 1%, ЭТЖ – 25 мм/сағат, ЖЗА - лейкоцитурия, бактериурия.


Төмендегі келтірілген болжама диагноздардың қайсысы ЕҢ сәйкес келеді?
1. Жедел цистит
2. Жедел пиелонефрит
3. Жедел гломерулонефрит
4. Тіс шығуына «реакция»
5. Жедел пневмония

160. Бала 10 жаста, бетінде, аяғында айқын ісіну, асцит, олигурия. ЖҚА - протеинурия - 6 г/л, б/х қан анализінде - гипопротеинемия, гиперлипидемия.


Төменде келтірілген қандай ем ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Антибиотиктер
2. Диуретиктер
3. Сульфаниламиндер
4. Жүрек гликозиттері
5. Кортикостероидтар

161. Нәрестеге 2 апта. Асқынусыз өткен жүктілік пен қалыпты босанудан мерзімінде туылған. Ана сүтімен тамақтанған. Анасы баспамен ауырған. Бисептол қабылдап, аңқасын фурациллинмен шайған. Нәрестеде терісінің сарғаюы пайда болды, бірақ жалпы жағдайы бұзылмаған.


Көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?
1. Дәрілік сарғаю
2. Ариес-Люцей сарғаюы
3. Физиологиялық сарғаю
4. Ана сүтінен сарғаю
5. Жильбер синдромындағы сарғаю

162. Нәресте I-ші жүктіліктен, гестация мерзімі – 42 апта, салмағы 4,5 кг, бұғана үсті, -асты аймақтарда, балтыры мен табандарында ісінулер. Тілі үлкен. Даусы қарлыққан, кеңсірігі кең. Емуі әлсіз. Өмірінің 3-ші күні терісі сарғайып, ол 2 апта бойы сақталады. Қан анализінде: Эритроциттер 3,8х10¹²г/л, гемоглобин 148 г/л.


Диагнозды нақтылау мақсатында жасалынатын мейілінше мәліметті зерттеу:
1. Қандағы қант деңгейі
2. Қандағы тироксин
3. Хромосомды жиынтық
4. Билирубин мен оның фракциялары
5. Белок және оның фракциялары

163. Нәрестеге 21 күн, салмағы 4100,0. Түсік түсу қаупімен өткен жүктіліктен 3300,0 салмақпен туылған. Перзентханадан өмірінің 6-шы күні 3500,0 салмақпен шығарылды. Келесі күндері күнделікті құсады (күніне 3 ретке дейін), дәреті сұйылған, күніне 4 ретке дейін, ал кейде дәреті мүлдем болмайды. Анасының сүті көп, емуі белсенді, тамақтанудан кейін мазасызданады. Құсқаннан кейін, әдетте, ұйықтап қалады.


Көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы бұл жағдайда болуы мүмкін?
1. Пилороспазм
2. Пилоростеноз
3. Жай диспепсия
4. Ішек токсикозы
5. Парентералді диспепсия

164. Жетіліп туылған нәресте, салмағы – 3000 г, бойы – 50 см, I-ші триместрде ауыр токсикозбен өткен бірінші жүктіліктен, босану өздігінен, асқынусыз. Алғашқы күндерден бастап нәрестеде әр тамақтанудан кейін шырыш пен өт араласқан құсу байқалады. Тамақтанудан соң эпигастральді аймақта аздаған бұлтию көрінеді. Құсқаннан кейін іші ішіне қарай кіріп тұрады, «ладья» тәрізді. Балада айқын сусыздану, салмақ жоғалту байқалады, зәр шығаруы мен үлкен дәреті сиреген.


Көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы бұл жағдайда болуы мүмкін?
1. Өңеш атрезиясы
2. Пилороспазм
3. Пилоростеноз
4. Төмен ішек өтімсіздігі
5. Жоғары ішек өтімсіздігі

165. Ұл бала бірінші жүктіліктен туған. Жүктілік ұзақ ағымды гестозбен, созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілікпен өтті. Бала мазасыз, иектің және аяқ-қолдың дірілдеуі (тремор) байқалады. ЖЖЖ минутына 190 қағыс. ЭКГ: тахикардия, S-T төмендеген және ұзарған, қарыншалық экстрасистолалар, фибрилляция. Қан сарысуында калийдің деңгейі 3,8 ммоль/л, магний 0,46 ммоль/л.


Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?
1. Седуксен
2. Гидрокарбонат натрия
3. Фуросемид
4. Магний сульфат
5. Қанды алмастырып құю

166. 2 айлық бала. Анасының айтуы бойынша баланы жөтел мазалайды және тынышсыз. Қарау кезінде: шулы тыныс алу, акроцианоз, жиі, құрғақ, қинайтын жөтел, эмфизематозды кеуде клеткасының ұлғаюы, тыныс алу жиілігі 66 рет минутына, әлсіреген тыныс, жайылған құрғақ «музыкалық» сырылдардың көп болуы анықталуда.


Төмендегі аурулардың қайсысына тән:
1. Жедел бронхит
2. Жеделпневмония
3. Бронх демікпесі
4. Обструктивті бронхит
5. Облитерлеуші бронхиолит
167. 3 жасар бала. Үдемелі мишықтық атаксия, көз коньюктивасы қантамырларынан басталған телеангиоэтазиялар, өкпенің рецидивті инфекциялары, синуситтер, дене және психикалық дамуының артта қалуы, лимфоидты жүйеде қатерлі ісіктер дамуына бейім болуы; аутосомды-рецессивті тұқымқуалау типі/
Бұл симптомдар кешені қай ауруға тән:
1. Гоше ауруы
2. Луи-Бар синдромы
3. Поттерсиндромы
4. Ниман-Пик ауруы
5. Вискот-Олдридич синдромы

168. 3 жастағы бала. Тұрақты жөтелге шағымданып келді. Дене қызуы 37,50С. Қарп тексергенде: тыныс алу жиілігі - 42 мин, терісі бозғылт, “мәрмәрлік суретпен”, периоральді цианоз, өкпесінде – екі жақта төменгі бөлімінде орта- және ұсақ көпіршікті сырылдар естілуде. Кеуде клеткасының рентгенограммасында – өкпе алаңының біркелкі емес инфильтрациясы – “қарлы боран”, интерстициальдық және қантамырлық компоненттер есебімен өкпе суретінің айқын күшеюі. Жалпы қан зерттеуінде – лейкоциттер 9 тың, эритроциттер 3,5 млн, гемоглобин – 100 г/л, таяқшаядролы 8%, сегментядролы – 73%, эозинофилдер – 8%, лимфоциттер 7%, моноциттер – 3%, СОЭ 30мм/час.


Бұл жағдайда қандай қоздырғыш болуы ЕҢ мүмкін?
1. Пневмококк
2. Стрептококк
3. Микоплазма
4. Стафилококк
5. Көк ірің таяқшасы

169. 8 жасар қыз бала 4 ай бойы ауырады. Қарағанда: дистрофия, бұлшық еттерінің айқын әлсіздігі, қабақтары айналасының ісінуі және гиперемиясы, саусақтарының фалангааралық буындарының терілік эритемасы, проксималды бұлшықет топтарының тығыздалуы және ауыру сезімі, маңқылды дауыс, тамақ жұтқанда шашалу байқалады, ЭТЖ 37 мм/с.


Көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы бұл жағдайда болуы мүмкін?
1. Миопатия
2. Дерматомиозит
3. Жүйелі қызыл ноқта
4. Жүйелі склеродермия
5. Псевдобульбарлық салдану

170. 8 жасар ұл балада бұлшықеттерінің ауыруына, әлсіздікке, артралгияға шағымданады. Көз көруі жылдам нашарлады, дистрофия. Қарағанда: сан терісінде дөңгелек жұмсақталған ошақ бар, осы жерде қантамыр торы анық. АҚҚ – 160/120 мм с.б.


Көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы ЕҢ болуы мүмкін?

  1. 1. Дерматомиозит

  2. 2. Түйінді периартериит

  3. 3. Жүйелі склеродермия

  4. 4. Ревматикалық қызба

5. Жүйелі қызыл ноқта

171. 13 жасар ұл балада тексергенде мынадай белгілер табылды: көкшіл периорбиталдық эритема, буындардың жазу беттеріндегі эритема, бұлшық еттердің зақымдануы (ауыру сезімі, ісіну, кальциноз), маңқылды дауыс, тамақ жұтқанда шашалу байқалады.


Көрсетілген зерттелулердің ішінде ЕҢ мәліметті тексеру әдісі қайсысы?
1. Электромиография
2. Электрокардиография
3. Компьютерлік томогрфия
4. Ультрадыбыстық зерртеу
5. Аяқ-қолдың рентгенографиясы

172. 5 жасар бала ауруханаға физикалық дамуының артта қалуына шағымданып түсті. Объективті: иық белдеуінің шамадан тыс дамуы. Дененің төменгі бөлігі, аяқ-қолдары әлсіз, бұлшықет гипотониясы. Жүрек шекаралары сол жаққа 2 см кеңейген. Жүрек ұшы соққысы мен бірінші тон күшейген. Оң жақ екінші қабырғааралықта систолалық шу. Аяғында пульс анықталмайды. Қолдарында артериалды қан қысымы 150/90мм сын бағ.


Көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы ЕҢ болуы мүмкін?
1. Артериалды гипертензия
2. Аорта коарктациясы
3. Такаясу ауруы
4. Ревматикалық миокардит
5. Аортаның клапандық стенозы
173. 9 жастағы ұл бала іштің ұстамалы ауыруына, тәулігіне 3-5 рет шырыш пен қан араласқан іштің өтуіне шағымданады. Антибиотиктерден жағдайы жақсармаған. Объективті қарау: баланың тамақтануы төмен, бозғылт, іштің кебуі, сол жақ мықын аймағында ауру сезімі байқалады. Анусы жабық.
Төмендегі аталған болжамды диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ дұрыс болуы мүмкін?
1. 12 елі ішектің ойық жара ауруы
2. Арнайы емес ойық жаралы колит
3. Сальмонеллез
4. Дизентерия
5. Эшерихиоз

174. 14 жастағы қыз бала тамақ ішкеннен кейін іштің ауыруына, кекіруге, лоқсуға, эпигастр аймағының қыжылдауына, іштің қатуына шағымданады. Осы шағымдар бірнеше жыл бойы байқалады, тексерілмеген.


Төмендегі аталған болжамды диагноздардың ішінде қайсысы ЕҢ дұрыс болуы мүмкін?
1. 12 елі ішектің ойық жара ауруы
2. Созылмалы гастродуоденит
3. Созылмалы холецистит
4. Асқазанның ойық жара ауруы
5. Созылмалы панкреатит

175. 8 жастағы қыз бала діңкәстікке, әлсіздікке, оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінің ұстамалы түрде күшеюіне шағымданады; сыздаған, шаншыған ауру сезімі майлы тағамды ішкеннен кейін 1-1,5 сағаттан кейін немесе физикалық күштемеден кейін пайда болады. Бала 1,5 жыл бойы ауырады. Пальпация: оң жақ қабырға асты аймағының ауырсынуы. Қаптық симптомдары оң.


Төмендегі аталған болжамды диагноздардың ішінде қайсысы дұрыс болуы мүмкін?
1. Созылмалы гепатит
2. Созылмалы холецистит
3. Созылмалы панкреатит
4. Өт шығару жолдарының дискинезиясы
5. 12 елі ішектің ойық жара ауруы

176. Ұл бала, 14 жаста. Таңертеңгі ылғалды жөтелге шағымданады. Анамнезінен: екі жыл ішінде 4 ай бойына қақырықты жөтел бар. Объективті: продуктивті жөтел, шырышты-іріңді сипаттағы қақырық. Кеуде клеткасы деформацияланған, өкпесінде әлсіреген тыныс фонында тұрақты әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.


Диагнозды қою үшін қай зерттеу әдісі ЕҢ маңызды болып табылады?
1. Томография
2. Рентгенография
3. Спирография
4. Бронхоскопия
5. Қақырықты себу

177. Ұл бала, 5 жаста. Ауырғанына 3 жыл болды. Бір жылда 5 ретке дейін субфебрильді температура үстінде 3-4 аптаға созылатын жөтел болады, амбулаторлы ем қабылдаған. Объективті: паравертебральді аймақтарда өкпе дыбысының қысқаруы, аускультативті екі өкпеде қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды орташа калибрлі сырылдар.


Төменде аталған зерттеулердің қайсысы осы ауруға ЕҢ ТӘН болады?
1. Рентгенография
2. Жалпықананализі
3. Спирография
4. Қақырықты себу
5. Бронхоскопия

178. 5 айлық бала. Ауру дене қызуының 37,50С дейін көтерілуден, жөтел, ентігуден жедел басталды. Объективті: кеуде клеткасының шығыңқы жерлерінің кіруімен, мұрын қанатының кернелуімен, периоральды цианоз көрінеді. Тыныс алу жиілігі минутына 60 рет. Перкуторлы қораптық реңі бар өкпелік дыбыс, аускультативті тыныс алу және тыныс шығарудың басындағы көптеген майда көпіршікті және крепитацилық сырылдар естіледі. Кеуде клеткасының рентгенографиясында: өкпе алаңдары мөлдірлігінің жоғарлауы, көктеттің төмен орналасуы.


Төменде аталған алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН болады?
1. Бронхиолит
2. Пневмония
3. Обструктивті бронхит
4. Рецидивтеуші бронхит
5. Муковисцидоз

179. Қыз бала, 13 жаста. Ылғалды жөтелге, субфебрильді температураға шағымданады. Анамнезінен: 3 жыл бойы ауырады. Қақырықты жөтелмен жылына 3 ай бойы ауырады. Қарап тексергенде: физикалық дамуы шектелген, боз, тершең. Кеуде торшасы бүйірлерінен ысылған, астына қарай ашылған. Аускультативті: өкпесінде қатаң тыныс, әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар естіледі.


Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ МҮМКІН болады?
1. Созылмалы бронхит
2. Альвеолит
3. Рецидивті бронхит
4. Жай бронхит
5. Бронхиолит

180. 5 жасар ұл бала. Құрғақ ұстамалы жөтелге, ысқырықты тыныс, ентігуге шағымданады. 3 жасында бірінші ұстамалы тұншығу болған, кейін 3-4 айда 1 рет қайталанған. Үйінде кітаптар, кілемдер көп. Қарап-тексергенде: тыныс алу жиілігі 32 рет минутына, тыныс шығарудың ұзаруымен жүретін ысқырықты тыныс. Кеуде клеткасы үрленген, перкуторлы қораптық реңі бар өкпелік дыбыс, екі жақтан да құрғақ ысөырыөты және орташа көпіршікті ылғалды сырыдар естіледі.


Төменде келтірілген себептердің қайсысы ЕҢ тән ?
1. Тағамдық
2. Тұрмыстық
3. Саңырауқұлақтық
4. Шаңдық
5. Эпидермальді

181. Қыз бала, 4 жаста. Құрғақ жөтелге, ентігу, дене қызуының 380С дейін жоғарлауына шағымданады. Объективті: тыныс алу жиілігі минутына 60 рет, пульсі 140 рет минутына. саусақ фалангалары «барабан таяқшалары» тәрізді, тырнақтары- «сағат шынысы» тәрізді. Аускультативті төменгі бөлімдерде нәзік крепитация естіледі. Рентгенограммада жеңіл диффузды-фиброзды өзгерістер бар.


Төменде аталған әдістердің қайсысы ЕҢ МАҢЫЗДЫ болып саналады?
1. Бронхоскопия
2. Спирография
3. Қақырық цитологиясы
4. Өкпе биопсиясы
5. Компьютерлі томография

182. 4 айлық ер балада жылаған кезде бетінен басталып, ары қарай кеуде мен аяқ-қолда тырысулы тартылулар пайда болды. Объективті: маңдайлық және төбелік төмпешіктер, қабырғада тасбиктер. Үлкен еңбек 1,5 см, шеттері тығыз. Кеуде қуысы төменгі бөлікте бұрылған. Биохимиялық қан анализінде: кальций 1,2 ммоль/л, фосфор 0,9 ммоль/л.


Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы тән?
1. Спазмофилия
2. Гипервитаминоз Д
3. Рахит
4. Эпилепсия
5. Фосфат-диабет

183. 12 жастағы қыз. Эпигастрийдегі ауыру сезіміне шағымданады. 6 сағат бұрын ауырды. Жеңілдік әкелетін екі рет құсу болды. Объективті: терісі бозарған, тілі ақ өңезбен, температурасы 37,80C, іші кепкен, эпигастрийде кернелген. Ортнер симптомы оң. Кер нүктесінде ауырады. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,8х1012/л, гемоглобин 120 г/л, лейкоциттер 18х109/л, ЭТЖ 18 мм/час.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Жедел гастрит
2. Жедел дуоденит
3. Жедел холецистит
4. Жедел аппендицит
5. Жедел панкреатит

184. 11жасар қыз бала. Сол жауырынға берілетін іштегі ауру сезімі, жүрек айну, құсу, іштің кебуіне шағымданады. Асханада майлы тамақ ішті. Объективті: мазасыз, дене температурасы 380С. Іштің пальпациясында эпигастрийде ауырады. Жалпы қан анализінде: эритроциттер 3,9х1012/л, гемоглобин 120 г/л, лейкоциттер 11,0х109/л, ЭТЖ 15 мм/сағ. Зәрдің диастазасы 132 ЕД. Нәжісі көп мөлшерде майлы ботқа тәрізді.


Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Колит
2. Гастрит
3. Дуоденит
4. Панкреатит
5.Холецистит

185. 10 жастағы 9лбала, температурасының 390С дейін көтерілуіне, зәр шығару шаншумен болуына шағымданады. Қарап тексергенде: терісі боз. Ұрғылау симптомы екі жағында да оң. Жалпы қан талдауында: лейкоциттер 11,4х109л, ЭТЖ 29 мм/сағ. Жалпы зәр талдауында: меншікті салмағы 1015, белок 0,047 г/л, лейкоциттер 10-12 көру алаңында, бактерийлер +.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Цистит
2. Пиелонефрит
3. Гломерулонефрит
4. Зәр тас ауруы
5. Тұқым қуалаушы нефрит

186. 14 жастағы ұл бала. Таңертеңгі уақыттағы аяқ буындарынын ауыруына, дене қызуының жоғарлауына, әлзіздікке шағымданады.Қарап тексергенде: тізе буындары деформацияланған, ісінген. Жалпы қан анализінде: лейкоциттер 8,9х109/л, ЭТЖ 35 мм/сағ. Қанның биохимиялық анализінде: жалпы белок 55 ммоль/л, СРБ+++. Буындардың рентгенограммасында: жайылмалы остеопороз, айқын сүйек-шеміршектік деструкция.


Келтірілген алдын-ала диагноздардың қайсысы ЕҢ БОЛЖАМДЫ?
1. Подагра
2. Реактивты артрит
3. Бруцеллез артриті
4. Ревматикалық артрит
5. Ювенильді ревматоидты артрит

187. 8 жасар қыз. Объективті: жүректің оң шекарасы төстің оң жағымен, жоғарғы - II қабырға, сол – v қабырғааралықта бұғана ортаңғы сызықта. Бірінші тоны айқындалған, жүрек ұшында диастолалық шу. Төменде көрсетілген ақаулардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?


1. Екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
2. Қолқа кіреберісінің тарылуы
3. Екі жармалы қақпашаның тарылуы
4. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
5. Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі

188. 8 жасар ұл бала. Шағымдары: жүрек тұсындағы, тізе буындарындағы ауыру сезімі, ентігу, жүректің қағуы, температураның жоғарлауы. Объективті: Дене температурасы 390С, пульс минутына 100 рет. Жүрек шекаралары: оң - төстің оң қырынанда, жоғарғы - III қабырға, сол – v қабырғааралықта бұғана ортаңғы сызықтан 2 см сыртқа қарай. Жүрек тондары тұйықталған, оң қолтық асты аймағына берілетін жүрек ұшындағы систолалық шу.


Төменде көрсетілген ақаулардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Екі жармалы қақпақшаның жетіспеушілігі
2. Қолқа кіреберісінің тарылуы
3. Екі жармалы қақпашаның тарылуы
4. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
5. Үшжармалы қақпақшаның жетіспеушілігі

189. 1,5 жастағы қыз бала. Мазасыздыққа, құсуға, 4 күндей үлкен дәретінің болмауына, үш сағат бойы газдардың жүрмеуіне шағымданады. Бір жасынан бері үлкен дәретінің 4 күнге дейін болмауы, үлкен дәреті клизмадан кейін ғана жүреді. қарап-тексергенде: іші үрленген, ауыру сезімді, оі мықын аймағын пальпациялағанда қамыр консистенциялы ісік тәрізді түзілім анықталады, «шұңқыр» белгісі оң.


Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет