Урология
411.54 жасар ер кісі, бел және оң қабырға астында қатты ауру, жүрек айну, құсу, нәжіс кідіру, әлсіздік, бас ауру, ауыз құрғау, қалтырауға шағымданады. Аурудың басталуын сілкілдетумен байланыстырады. Қайта-қайта қалпын өзгертіп, ыңырсиды. Қарағанда: терісі боз. Іші оң қабырға астында кернелген және ауырсынады, ұрғылау симптомы айқын оң, бүйрек пальпациясы ауру сезімімен. Жалпы қан анализі: эритроциттер-4х1012/л, лейкоциттер-9х109/л, ЭТЖ 18 мм/сағ. Зәр анализінде эритроциттер 10-15 көру аймағында.
Қандай зерттеу әдісі ЕҢ бірінші кезекте жасалады?
1. Шолу урография
2. Экскреторлы урография
3. Компьютерлік томография
4. Ультрадыбыстықзерттеу
5. Магнитті-резонансты томография
412. 40 жасар әйел, әлсіздік, сүйектерінің ауруы, ауыз құрғауы, шөл, жүрек қағу, полиурия, бас айналуы, ұйқының бұзылуы, терінің қышуына шағымданады. Қарағанда: боз, бұлшықеттері қаусаған, бет, бел, аяқтары ісінген. Артериалды қысымы 190/115 мм.сбб. Қан анализі: эритроциттер-2,3х1012/л, гемоглобин-87 г/л, лейкоциттер-9х109/л, ЭТЖ-38 мм/сағ. Қандағы кальций-11,2мг/%. Зәр анализі: белок-1,2‰. Бүйрек рентгенограммасы: екі жақты жұлдызшалы көлеңкелер анықталады. Рентгенограммада: түтікті сүйектердің эпифиздері бұдырлы, жұқарған, деформацияланған.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Зәр-тас ауруы
2. Гиперпаратиреоз
3. Саркоидоз
4. Педжет ауруы
5. Миеломды ауру
413. 53 жастағы әйел. Жедел медициналық жәрдем станциясындағы медбике. Қатты, күйдіру сезіміне, жиі зәр шығаруына шағымданады. Зәр шығарудан кейін дискомфорт сезінеді. Объективті: дене температурасы 37,8о. Іші жұмсақ, ауру сезімсіз. Жалпы қан анализі: эритроциттер-4,2х1012/л, лейкоциттер-7х109/л, гемоглобин-125 г/л, ЭТЖ-12 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: түсі лайлы, белок-0,036‰, лейкоциттер 10-15 көру аймағында, бірлі-жарым цилиндрлер, жаңа эритроциттер.
Аталған дәрілік препараттардың ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Кларитромицин
2. Ампицилин
3. Хлорамфеникол
4. Доксициклин
5. Цефтриаксон
414. 36 жасар әйел. Бел және сол қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуына, құсуға, нәжісінің болмауына, әлсіздікке, ауыздың құрғауына, қалтырауға шағымданады. Ауруды физикалық жүктемемен байланыстырады. Объективті: Ыңырсиды. Терісі бозарған. Іші сол қабырға астында кернелген және ауырады. Ұрғылау симптомы оң. Бүйректің пальпациясы ауру сезімімен. Қан анализі: эритроциттер-3,4х1012/л, гемоглобин-100 г/л, лейкоциттер-9,5х109/л, ЭТЖ-18мм/сағ. Жалпы зәр анализінде эритроциттер-10-15 көру аймағында.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Асқазан жарасының тесілуі
2. Жедел панкреатит
3. Жедел ішек өтпеуі
4. Жатырдан тыс жүктілік
5. Зәр-тас ауруы
415. 35 әйел. Мықын аймағындағы, шап аралықта интенсивті ауру сезіміне, жиі зәр шығаруға шақыруларға, жүрек айнуға, қалтырауға шағымданады. Объективті: Терісі бозарған. Мықын аймағында ауырсыну, оң жақ бұлшық еттерінің жиырылуы. Жалпы қан анализі: эритроциттер-3,2х1012/л, лейкоциттер-9,8х109/л, ЭТЖ-20 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок-0,066‰, бірлі-жарым цилиндрлер, жаңа эритроциттер және тұздар. Бүйректердің шолу рентгенограммасында: тостағанша деңгейінде диаметрі 1 см көлеңке анықталады.
Аталған емдеу әдістерінің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Соққы толқынды литотрипсия
2. Тері арқылы нефролитотомия
3. Эндоскопиялық ем
4. Лапаротомиялық ем
5. Консервативті ем
416. Дәнді цилиндрлер неден пайда болады:
1. Бүйрек эпителийінің ыдыраған клеткаларынан
2. Жалпақ эпителийінің ыдыраған клеткаларынан
3. Ауыспалы эпителийінің ыдыраған клеткаларынан
4. Белок өнімдерінің ыдыраған клеткаларынан
5. Лейкоциттердің ыдыраған клеткаларынан
417. 42 жасар ер кісі. Зәр шығарғанда қышынуға, ауруына шғымданады. Қарағанда: дене температурасы 38,8оС. Сыртқы қарау кезінде: уретра еріндерінің ісінуі мен қызаруы, іріңді бөлінділердің болуы. Жалпы қан анализі: эритроциттер-4х1012/л, лейкоциттер-9,8х109/л, ЭТЖ-22 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: лейкоциттер барлық көру аймағында, бірлі-жарым цилиндрлер, жаңа эритроциттер. 3 порциядағы зәр анализі: I және II порцияларында лейкоциттер көп, III – лейкоциттер жоқ.
Аталған дәрілік препараттардың ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?
1. Макролидтер
2. Цефалоспориндер
3. Фторхинолондар
4. Аминогликозидтер
5. Пенициллиндер
418. 56 жасар ер кісі, зәр шығаруының жиіленуіне, жалпы әлсіздікке, тәбетінің нашарлауына, арықтауға шағымданады. Жартыжылдай ауырады. Қарағанда: терісі боз, қасыну іздері. Оң жақ шабында консистенциясы тығыз, асбұршақтай лимфа түйіні пальпацияланады. Тік ішек арқылы қуық асты безін қарағанда: беті бұдыр, тығыз, қозғалысы аз, үлкейген. Жалпы қан анализі: эритроциттер-3,4х1012/л, гемоглобин-96 г/л, лейкоциттер-6,8х109/л, ЭТЖ-46 мм/сағ.
Аталған зерттеу әдістерінің ішінде ЕҢ тиімі қайсысы?
1. Ультрадыбыстық зерттеу
2. Магнитті-резонансты томография
3. Компьютерлік томография
4. Мақсатты биопсия
5. Радиоизотопты зерттеу
419. 46 жасар ер кісі. Шапаралықта солқылдайтын ауру сезіміне, жиі аз порциямен ауырсынатын зәр шығаруына шағымданады. 2 аптадай ауырады. Қарағанда: Тік ішек арқылы қуық асты безін қарағанда: ісінген, көлемі үлкейген, кернелген, тіннің жұмсаруы, кей жерлерде ми батпақ тәрізді, ауырады, ыстық. Жалпы қан анализі: эритроциттер-4,3х1012/л, лейкоциттер-12х109/л, ЭТЖ-32 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: лейкоциттер барлық көру алаңында, бірлі-жарым цилиндрлер, жаңа эритроциттер.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы??
1. Қуық асты безінің абсцессі
2. Созылмалы простатит
3. Қуық асты безінің туберкулезі
4. Қуық саты безінің аденомасы
5. Қуық асты безінің рагі
420. Шап аймағына, санның ішкі беткейіне берілетін белдегі ауырсыну тән:
1. Қуықтағы таста
2. Созылмалы простатитте
3. Созылмалы пиелонефритте
4. Несепағардың төменгі үштен бір бөлігіндегі таста
5. Нефроптозда
421. Бүйрек паренхимасында көптеген ұсақ абсцестермен түзілген, іріңді-қабыну процесі:
1. Апостематозды нефрит
2. Бүйрек карбункулы
3. Некротикалық папиллит
4. Бүйрек амилоидозы
5. Бүйректің медулярлы некрозы
422. Қосымша қан тамырларының төменгі полюсіндегі орналасқандағыгидронефротикалық трансформация кезінде, жедель серозды пиелонефритпен асқынғандағы қолданылатын ем
1. терілік пункционды нефростомия
2. Culp de Weerd операциясы
3. шүмекше-несепағар сегментін резекциялау
4. Фолея бойынша операция
5. антевазальды пиелоуретероанастомоз
423. Белок реабсорбциясы орындалуы
1. Жинақтаушы түтікшеде
2. Проксимальды түбекшеде
3. Генле түйінінде
4. Дистальды иірілім түбекшеде
5. Белини түбекшеде
424. Қуық экстрофиясы
1. Алдыңғы қабырғасының туылғаннан болмауы
2. Марион ауруы
3. Қуық екі еселенуі
4. Қуық эктопиясы
5. Қуық атониясы
425. 52 жастағы ерадам, емханаға зәр шығаруы қалыпсызданғандықтан, түнде 1-2 рет оянады, осы кезге дейін бұл белгілер байқалмаған. Ректальды саусақпен зерттеу кезінде парауретральды бездердің үлкейгені анықталады.
Осы жағдайда қандай диагностикалық шараларды қолдануға болады?
1. Простатикалық спецификалық антигендерді анықтау
2. Ультродыбыстызерттеу
3. Рентгенологиялық зерттеу
4. Радионуклидная урофлуометрия
5. Пневмоцистотомография
Достарыңызбен бөлісу: |