Ішкі аурулар
1. Экспираторлы ентігу, қатқыл тыныс алу фонындағы құрғақ ысқырықты сырылдар, ӨӨС (ЖЕЛ), ФӨӨС (ФЖЕЛ), ЖДШК1 (ОФВ1), Тиффно индексі көрсеткіштері төмендеген.
Осы симптомдар қандай синдромға тән?
1. Тұншығу синдромы
2. Бронхообструкциялық синдром
3. Өкпелік-қабыну синдромы
4.Өкпе диссеминация синдромы
5.Тыныс алу жеткіліксіздік синдромы
2. 43 жастағы әйел адам жастайынан созылмалы бронхитпен ауырады. Соңғы 4 жылда, әсіресе таңертеңгі уақытта, сасық иісті, іріңді тәулігіне 300мл-ге дейін қақырық бөлінеді. Қарап тексергенде: оң жақ жарты көлемінің азаюымен кеудесінің асимметриясы, тырнақтары «сағат әйнегі» түрінде, перкуторлы дыбыс мозаикалылық, аускультативті - өкпенің барлық беткейінде құрғақ сырылдар, оң жақ төменгі бүйір бөлімдерінде – ашық орташа көпірікті сырылдар.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Созылмалы іріңді бронхит
2. Ауруханадан тыс пневмония
3. Бронхоэктатикалық ауру
4. Өкпе туберкулезі
5. Өкпе обыры
3. Ішімдікке салынған 50 жастағы ер адамда 2 апта бойы әлсіздік, оң жақ кеудесінің ауырсынуы, фебрильді қызба, сасық иісті, таңқурай түсті тұтқыр қақырықтың бөлінуімен жөтел байқалған. Рентгенограммада оң жақ өкпесінің жоғарғы бөлігінде инфильтративті көлеңке анықталған.
Этиотропты емніңЕҢ тиімді препараты қайсысы?
1. Амоксициллин
2. Азитромицин
3. Ципрофлоксацин
4. Гентамицин
5. Цефазолин
4. 52 жастағы ер кісіні 3 ай ішінде біртіндеп күшеетін ентігу, ылғалды жөтел, субфебрилді дене қызуы мазалайды. Тыңдағанда: әлсіреген везикулалық тыныс, екі өкпенің төменгі бөліктерінде «целлофан шытыры» тәрізді крепитация. Спирографияда: ӨТС – 55%, ФТШК1(ОФВ1) - 60%, Тиффно индексі ӨТС/ФТШК1 (ОФВ1/ЖЕЛ) – 110%, ӨМВ (МВЛ) - 35%. Өкпе рентгенограммасында - фиброзды компонентіне байланысты өкпе суретінің күшеюі.
Өкпе КТ-сында көруге болатын ЕҢ мүмкін белгілер:
1. Өкпе түбірлерінің лимфа түйіндерінің тығыздануы мен ұлғаюі
2. Екі өкпенің төменгі бөліктерінің айқын инфильтрациясы
3. Өкпе ұштарында инфильтративті көленкелер
4. Ұялы өкпе және «бұлыңғыр әйнек» симптомы
5. Шашырынқы ошақты көленкелер
5. Орта дәрежелі бронх демікпесі диагнозы қойылған ер адам тәулігіне 400 мкг беклометазон дипропионат пен сальметерол қабылдайды. Соңғы 2 апта түнгі ұстамалар мазаламайды. Физикалық күштемеден кейін ентігудің 2 эпизоды болған. Пикфлоуметрияның тәуліктік айырмашылықтары 450-500 мл.
Емді жалғастыру үшін төмендегі емдік тәсілдің қайсысы БАРЫНША тиімді?
1. Беклометазон дипропионаттың дозасын тәулігіне 300 мг-дейін азайту
2. Сальметеролды теофиллиннің ұзақ әсерлі түріне ауыстыру
3. Беклометазон дипропионатты тайледке аустыру
4. Сальметеролдың тәуліктік дозасын кеміту
5. Сальметерол орнына беродуал тағайындау
6. 50 жастағы әйелде құрғақ жөтел, ентігу, кеудесінде ауру сезімі, субфебрилитет. 3 айда 5 кг жоғалтқан. Антибактериальді ем әсерсіз. Қарап тексергенде: балтырларында түйінді эритема, өкпеде – қатаң тыныс. Лейкоциттер 9х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ. СРБ +++. Квейм сынамасы – оң. КТ-графия: түбірі кеңейген, екі өкпеде симметриялы контуры айқын емес көптеген ошақты көлеңкелер, фиброз, кеуде аралық және өкпе түбірінің лимфа түйіндерінің ұлғаюы, кальцинозсыз.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ болуы мүмкін?
1. Пневмокониоз
2. Өкпенің саркоидозы
3. Идиопатикалық альвеолит
4. Токсикалық экзогенді альвеолит
5. Өкпенің инфильтративті туберкулезі
7. 46 жастағы әйел адам, аяқ веналарының варикозды кеңеюімен сырқаттанады, кенеттен төс артында ауырсыну, аралас еңтігу, оң жақ ортаңғы өкпе алаңы проекциясында сықырықты сырылдар пайда болған. ЭКГ–да бірінші тіркемеде терең S тісшесі және үшінші стандартты тіркемеде терең Q тісшесі тіркелген.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Жедел миокард инфактысы
2. Спонтанды пневмоторакс
3. Бронх демікпесі
4. Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
5. Ауруханадан тыс пневмония
8. Обструктивті бронхиттеқандай механизм бастыболып табылады?
1.Ісік
2. Дискинезия
3. Дискриния
4. Бронхоспазм
5. Гиперплазия
9. 17 жасар ұл, студент. Іріңді қақырықпен қалжырататын жөтелге, кеуде қуысындағы күйдіру сезіміне, бұлшық еттегі ауруға, суықта аяқ-қол саусақтары ұшындағы қатты ауруға шағымданады. Тобында бірнеше адам ауырған. Қарағанда: температурасы 38,40С. Оң өкпенің төменгі бөлігінде дыбыстың тұйықталуы, қатаң тыныс, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Қан талдауында: эритроциттер-3,9х1012/л,Hb-138 г/л, лейкоциттер 12,5х109/л, ЭТЖ-35 мм/сағ. Рентгенограммада:оңжақ төменгі бөлікте гомогенді қараңғылану анықталады.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал қоздырғыш қайсысы?
1.Staphylococcusaureus
2.Steptococcuspneumoniae
3.Klebsiellapneumoniae
4. Micoplasma pneumoniae
5. Haemophilus influenzae
10. 42 жасар әйел, ентігуге, құрғақ жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Бір жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, еріндері көгерген. Тыныс алу жиілігі минутына 32 рет. Өкпесінде екі жақ жауырын асты аймақтарында перкуторлы дыбыстың тұйықталуы, аускультацияда: крепитация естіледі. Жалпы қан талдауы: эритроциттер – 8х1012/л, гемоглобин – 150 г/л, лейкоциттер – 16х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Рентгенограммада – өкпе негізінде күңгірт шыны тәрізді ошақты өзгерістер, ұсақ кистозды түзілістер анықталады.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1.Өкпе ісігі
2. Фиброздаушы альвеолит
3. Туберкулез
4. Актиномикоз
5. Саркоидоз
11. Ер адам 63 жаста, күшті жөтелге, тәбетінің төмендеуіне, жүдеуге шағымданады. Жарты жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі бозғылт, тырналған іздер бар. Оң жақ бұғана үсті лимфа түйіндерінің өлшемі 1 см, тығыз. Тыныс алу жиілігі минутына 30 рет. Оң жақ өкпеде үшінші қабырғааралықтан төмен өкпе дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген. Жалпы қан талдауы: эритроциттер–3,2х1012/л, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер–8,6х109/л, ЭТЖ 34 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ информативті зерттеу әдісі болып табылатын қайсысы?
1. Ультрадыбысты зерттеу
2. Рентгенографиялық зерттеу
3. Компьютерлік томография
4.Өкпе бронхоскопиясы
5. Радиоизотопты сканирлеу
12. 38 жастағы әйел. Бұрын тағайындалған флютиказон ингаляцияларына қарамастан арақашықтықта естілетін тұншығу ұстамаларының күшеюіне шағымданады. Объективті: бозғылт, қолына сүйеніп отыр. Өкпені тындағанда қатаң тыныс, өкпенің барлық алаңында құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі минутына 28 рет.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Бронх демікпесі
2. Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
3. Тыныс жолдарының бөгде денесі
4. Фиброздаушы альвеолит
5. Өкпенің саркоидозы
13. Скрипкада ойнайтын 36 жасар ер кісі, 2 ай шамасында ысқышты шайырмен өңдеген кезде ұстама тәрізді жөтелдің пайда болғанына шағымданады. Шылым тартпайды. Объективті: тері жабындылары өзгермеген, мұрынмен дем алу қалыпты, өкпенің аускультациясы кезінде везикулярлы тыныс, жүрек тондары ырғақты, дауысты, минутына 70 соққыға дейін. АҚ – 125/70 мм сбб.
Диагноз қою үшін қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Спирометрия
2. Пикфлоуметрия
3. Рентгенография
4. Қақырық анализі
5. Томография
14. Ер адам 68 жаста, ентігуге, қақырықпен жөтелге, кеудесіндегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 40,10С. Тыныс алу жиілігі минутына 34 рет. Өкпесінің оң жақ жоғарғы бөлімдерінде дыбысы тұйықталған, тынысы әлсіреген, ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің (S2) сегментінде сұйықтық деңгейімен домалақ формалы қуыс анықталады. Жалпы қан талдауы: лейкоциттер -18х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішінде этиологиялық критерилері бойынша ЕҢ ықтимал болжам диагноз қайсысы?
1. Стафилококты пневмония
2. Пневмококты пневмония
3. Фридлендерлік пневмония
4. Микоплазмалық пневмония
5.Гемофильді пневмония
15. Пневмококты пневмонияға ЕҢ сәйкес келетін патоморфологиялық көрініс қандай?
1. Өкпелер деструкциясы
2. Фиброзды қабыну
3. Көптеген некроз ошақтары
4. Инфаркт тәрізді өкпе некрозы
5. Интерстициальді зақымдану
16. 52 жастағы ер адам таңертең ерте болатын ангинозды ұстамаларға, олардың сол жақ иыққа берілуіне шағымданады. ұстама аралық кезеңдерде жағдайы қанағаттанарлық, физикалық күштемелерді жақсы көтереді. ұстама кезінде түсірілген ЭКГ-да I, II, III тіркемелерінде ST жоғарылағаны анықталды. Нитроглицерин қабылдағаннан кейін ЭКГ көріністер қалпына келді.
Төменде келтірілген қандай ем ЕҢ тиімді?
1. Ангиотезин айналдырушы фермент ингибиторлары
2. Антикоагулянттар
3. Кальций антагонисттері
4. Антиагреганттар
5. β-адреноблокаторлар
17. 62 жастағы әйел кенеттен эпигастрий аймағында ауыру сезімін және бір реттік құсумен қосарланған жүрек айнуды сезді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, тері жабындысы бозғылт, жабысқақ мұздай тер. Жүректің үні едәуір тұйықталған, ЖСЖ 118 рет мин. АҚ 80/40 мм с.б. Эпигастральді аймақта іші қатыңқы. ЭКГ: QSII, III, aVF, STII, III, aVF – монофазалық қисық түрінде.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ болуы мүмкін?
1. Асқынбаған артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті
2. Алдынғы-перделі Q-миокард инфаркті. Рефлекторлы гипотензия.
3. Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Гиповолемиялық шок.
4. Артқы-диафрагмальді Q-миокард инфаркті. Кардиогеннді шок.
5. Артқы-бүйірлі Q-миокард инфаркті. Кардиогенді шок.
18. 40 жастағы ер адам түнгі уақытта, таң атарда пайда болатын төс артындағы айқын басып ауыру сезіміне шағымданады. Күндіз үлкен физикалық күштемелерді жақсы көтереді. Коронароангиографияда айқын атеросклероздық өзгерістер анықталмады, эргометринмен сынама оң.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ болуы мүмкін?
1. ЖИА. Күштемелік стенокардияII ФК
2. ЖИА. Күштемелік стенокардияIII ФК
3. ЖИА. Күштемелік стенокардияIV ФК
4.ЖИА. Үдемелі стенокардия
5.ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия
19. Жүректің созылмалы ревматикалық ауруымен ауыратын 38 жастағы әйел, тыныштықтағы айқын ентігуге, тұншығу ұстамасына, әлсіздікке шағымданады.
Қарап тексергенде: дене бітімі астеникалық, тері жабындысы бозғылт, акроцианоз. Өкпеде іркілмелі сырылдар, жүрек ұшында иррадияциясыз диастолалық шу, жыбыр аритмиясы. Митральды ақаудың саңлауы – 1,2 см2, айқын өкпелік гипертензия.
Науқасқа қандай ем ЕҢ көрсетілген болуы мүмкін?
1. Инотропты терапия
2. Дезагреганттық терапия
3. Антиаритмичиялық терапия
4. Антикоагулянттық терапия
5. Ақаудың хирургияық коррекциясы
20.25 жастағы әйел бас айналуға, қысқа уақытты ұстамалы талмаларға шағымданады. Қарап тексергенде: төстің оң жағы мен жүрек негізі аймағында, систола ортасында максимальді естілетін және мойын тамырларына берілетін, дөрекі систолалық шу анықталады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенологияда: жүрек конфигурациясы "жүзген үйрек" тәрізді.
Төмендегі жүрек ақауларының қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?
1. Солжақ атриовентрикулярлы саңлаудың тарылуы
2. Трикуспидальді қақпақшаның жетімсіздігі
3. Митральді қақпақшаның жетімсіздігі
4. Өкпе артериясы саңылауының тарылуы
5. Аорта саңылауның тарылуы
21. 65 жастағы науқас соңғы жылы анда-санда болатын бас ауруына,бас айналуына шағымданады. Басы ауырғанда бірнеше рет АҚҚ 170/100 мм.с.б.көтерілген. Науқастың артық салмағы бар, көп шылым шегеді. 2 жыл бұрын науқаста оң жақ гемипарезбен бас ми қан тамырларының жедел зақымдануы болған. Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ болуы мүмкін?
1. Артериальды гипертония І дәреже,қауіп ІІІ
2. Артериальды гипертония ІІ дәреже, қауіп ІІІ
3. Артериальды гипертония ІІ дәреже, қауіп ІУ
4. Артериальды гипертония ІІІ дәреже,қауіп ІІІ
5. Артериальды гипертония ІІІ дәреже, қауіп ІУ
22. Брадикардия, атриовентрикулярлы бөгет түріндегі жанама әсер қайсы антигипертензивті препаратқа тән?
1. Нифедипин 20 мг
2. Амлодипин 5 мг
3. Периндоприл 4 мг
4. Бисопролол 5 мг
5. Лозартан 50 мг
23. 18 жасар жігіт, аяқтарындағы жансыздануға шағымданады. Қарап тексергенде: кеуде торшасы жақсы қалыптасқан, тар жамбас, аяқтары жіңішке. яремной ойығында айқын пульсация анықталады. Артериальды қан қысымы оң жақта 180/120 мм.с.б.б., сол жақта 120/80 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті, негізінде жауырын аралық кеңістікке берілетін систолалық шу естіледі. Рентгенографиясында: жүрек көлеңкесінің жоғарғы контурының 3 саны тәрізді деформациясы, III-VIII қабырға узурациясы.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Қолқа коарктациясы
2. Гиперальдостеронизм
3. Түйінді периартериит
4. Спецификалық аортоартериит
5. Қолқа доғасының туа пайда болған ирелеңі
24. Науқас 35 жаста, шағымдары: кенеттен ұстама тәрізді қан қысымының 180-200 мм сб.бғ. дейін жоғарлауына. Ұстама ұзақтығы 20 минутқа дейін. Ультрадыбыстық зерттеу өткізгенде: сол жақ бүйрекүсті бездің ұлғайғаны анықталды, зәр зерттеуі қалыпты. Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Феохромоцитома
2. Гиперкортицизм
3. Қолқа коарктациясы
4. Гиперальдостеронизм
5. Бүйрек артерияларының стенозы
25. Ер адам, 53 жаста, бас ауыруына, құлақтарындағы шуылға шағымданады. Анамнезінде: 5 жылдан бері, 600 метр жүргенде, 5 қабатқа көтерілгенде төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды, физикалық жүктемені қойғанда ауру сезімі қайтады. Қарап тексергенде: жүрек шекаралары: оң жағы– төстің оң жақ шетімен, жоғарғы – III қабырғааралықта, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығымен V қабырғааралықта. Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 95 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 180/90 мм.с.б.б.
Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Бета-адреноблокаторлар
2. Ұзақ әсерлі нитраттар
3. Кальций антагонистері
4. Ангиотензин айналдырушы ферменттің ингибиторлары
5. Тиазидті диуретиктер
26. 68 жасар ер адам, ентігуге, бас айналуына, қысқа мерзімді талмаға шағымданады. Қарап тексергенде: боз, акроцианоз, пульсі сирек, ырғақты минутына 52 рет, артериалды қан қысымы 100/70 мм с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған. ЭКГ: Р тісшесі мен QRS комплексі арасында байланыс жоқ. Р-Р интервалы 0,75 секунд, R-R интервалы 1,2 секунд.
ЕҢ ықтимал жүрек ырғағының бұзылысы қайсысы?
1. Синоаурикулярлы бөгет
2. Толық атриовентрикулярлы бөгет
3. Атриовентрикулярлы бөгет I дәрежесі
4. Атриовентрикулярлы бөгет II дәрежесі I тип
5. Атриовентрикулярлы бөгет II дәрежесі IІ тип
27. Ер адам 55 жаста, төс артындағысолжауырынға берілетін, физикалық күшпен байланысы жоқ күйдірген ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: Жүректің соғу жиілігі минутына 94 рет. Жүрек тондары тұйықталған. Электрокардиограммада: ырғақ синусты, дұрыс,минутына 90 рет, жүректің электрлік өсі күрт оңға ауытқыған. QRS комплексі 0,14 секунд. II, III, aVF, V1-V3 әкетпелерінде R тісшесінің амплитудасы биік, дискордантты ST сегменті және T тісшесімен. I, II, aVL, V5, V6 әкетпелерінде R тісшесі төмен амплитудалы және терең S тісшелер.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал бөгет қайсысы?
1. Қарынша ішілік бөгет
2. Гис шоғырының оң аяқшасының толық бөгеті
3. Гис шоғырының оң аяқшасының толық емес бөгеті
4. Гис шоғырының сол аяқшасының толық бөгеті
5. Гис шоғырының сол аяқшасының толық емес бөгеті
28. 48 жасар ер адам, тегіс жермен 600 метр жүргенде және 3-ші қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5 минуттық, тоқтағанда басылатын төс артындағы басып ауыруына шағымданады. Ауру сезімі 3 аптадан бері. Қарап тексергенде: пульсі минутына 75, артериалды қан қысымы 120/80 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі қалыпты.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Алғаш пайда болған стенокардия
2. Жедел миокард инфаркті
3. Күш түсу стенокардиясы ФК III
4. Вазоспастикалық стенокардия
5. Үдемелі стенокардия
29. 24 жасар әйел, жүрек тұсындағы шаншып ауруға, жүрек қағысына, ентігуге шағымданады. Қарап тексергенде: Пульсі 92 рет минутына. Жүрек шекаралары: оң жағы – төстің оң жиегі бойымен, жоғарғы - III қабырға бойымен, сол жағы – ортаңғы бұғана сызығынан 1см сыртқа орналасқан. Жүрек ұшында I тон шамалы әлсіреген, систоланың көп бөлігін алатын, нәзік систолалық шу естіледі. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, 95 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең. P-mitrale, сол қарынша гипертрофиясы.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал жүрек ақауы қайсысы?
1. Қолқа кіре берісінің тарылуы
2. Екі жармалы қақпаша жетіспеушілігі
3. Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі
4. Екі жармалы қақпаша пролапсы
5. Жүрекше аралық перде дефекті
30. 28 жасар ер адам. Шағымдары жоқ. Профилактикалық тексеруге келген. Қарап тексергенде: акроцианоз. Жүректің соғу жиілігіминутына 89 рет, пульсі 75 рет минутына. Жүрек шекаралары: оң жағы төстің оң жақ шетінен 1 см сыртқа, жоғарғы-ІІ қабырғааралықта, сол жағы - ортаңғы бұғана сызығымен. I тон күшейген, өкпе артериясында ІІ тон акценті, диастола басында жоғарғы жиілікті тон, ұшында қатаң диастолалық шу естіледі.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал зерттеу әдісі қандай?
1. Рентгенография
2. Эхокардиография
3. Допплерография
4. Фонокардиография
5. Электрокардиография
31. Диарея, дене салмағының төмендеуі, гипоальбуминемия, ісінулер мен гиповитаминоз белгілері көрінісімен болтаны кешен жіңішке ішекте қоректік заттар сіңірілуінің төмендеуі нәтижесінде дамиды.
Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай синдромға тән?
1. Темірмен жүктеме синдромы
2. Ішектің тітіркену синдромы
3. Мальабсорбция синдромы
4.Демпинг-синдром
5. Мальдигестия синдромы
32. Ер адам, 43 жаста, есірткі қолданады, жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, арықтауға, лоқсу, ауызда ащы дәмнің болуы, оң жақ қабырға астында ауырлық сезімі, кезеңді түрде дене температурасының субфебрильді сандарға дейін жоғарылауы, тері қышуы, қызыл иектен қан кету, зәрдің қараюы, нәжістің ағаруына шағымданады. Қарағанда: гепатомегалия, сарғаю, жоғарғы қабақта ксантомалар.
Қандай диагностика әдісі патологияны дәлелдеуге мүмкіндік береді?
1. Cерологиялық маркерлерді анықтау
2. Қанның биохимиялық анализі
3. Бауыр биопсиясы
4. Бауырды УДЗ
5. Радионуклидті сканирлеу
33. Ер адам,30 жаста, эпигастрий аймағында кезеңді түрде аш қарынға ауырсыну, қыжылдау, лоқсу, қышқылмен кекіруге шағымданады. Объективті:пилородуоденалды аймақта шектелген ауырсыну. ФГДС: антральды аймақта шырышты қабаттың гиперемиясы мен ісінуі, қатпарлардың гиперплазиясы, антралды спазм.
Қандай зерттеу әдісі патологиялық үдерістің этиологиясын анықтауға мүмкіндік береді?
1. Асқазан ішілік рН-метрия
2. Жалпы қан анализі
3. Уреазды сынама
4. Асқазан рентгенографиясы
5. Дуоденалды сүңгілеу
34. γ-глютамилтранспептидаза, 5-нуклеотидаза, сілтілі фосфотаза белсенділігінің артуы, гиперхолестеринемия, тура фракция есебінен гипербилирубинемия қандай синдромның биохимиялық көрсеткіштері болады?
1. Мезенхималды-қабынулық синдром
2. Холестаз синдромы
3. Цитолиз синдромы
4. Портокавальды шунттау синдромы
5. Гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздік синдромы
35. Ер адам, 75 жаста, эпигастрийде ауырлық, толу сезіміне, сыздап ауырсыну, ауызда жағымсыз дәм, лоқсу, тәбеттің төмендеуі, ауамен кекіру, тұрақсыз нәжіске шағымданады. Ішті пальпациялаудаалдыңғы құрсақ қабырғасының жайылмалы кернеулігі және эпигастрий аймағында ауырсыну. ФГДС: асқазанның денесі мен антрумында бозару, жазықталуы, тамырлардың көрінуі, гипотония, гипокинезия, өттің рефлюксі.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Антральды атрофиялық емес гастрит
2. Ойық жара ауруы
3. Созылмалы атрофиялық гастрит
4.Бейспецификалық жаралы колит
5. Асқазанның қатерлі ісігі
36. 48 жастағы әйел тамақтанудан, әсіресе көп мөлшерде және майлы тағам қабылдағаннан 40-90 мин кейін, сонымен қатар ауыр жүк көтергеннен және селкілдеп, жүргеннен кейін пайда болатын оң қабырғадағы ауыру сезіміне шағымданады. Кейде ауыру сезім ұзақ уақыт отырғанда пайда болады және күшейеді. Өте жиі ауыру сезім қыжылдау, жүрек айну, тағам және ауамен кекірумен байланысты Қанда – лейкоциттер 10,2 мың., ЭТЖ 22 мм/с.
Көрсетілген антибактериальді дәрілердің қайсысы ЕҢ тиімді?
1. Ампициллин
2. Гентамицин
3. Фуразолидон
4. Левомицетин
5. Метронидазол
37. 29 жастағы ер адам қан және шырыш аралас, күніне 5-6 рет болатын жиі нәжіске, салмағының төмендеуіне шағымданады. Объективті: тамақтануы төмендеген, тері жабындылары бозғылт, пальпаторлы – төмендеуші ішектің сол жартысының проекциясында айқын ауыру сезім анықталады. Қанда лейкоциттер 9 мың., ЭТЖ 28 мм/с.
Емдеу жоспарында тағайындау ЕҢ тиімді?
1. Бифидумбактерин
2. Карбонат кальция
3. Солкосерил
4. Месалазин
5. Дерматол
38. 38 жасар ер адам әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, айқын арықтауға, терісінің, шырышты қабаттың және көздің торлы қабатының қараюына шағымданады. Қарағанда: тері жабындылары грифельді-сұрғылт қоңыр түсті, ірі буындардың ісінуі мен ауыру сезімі. Қанда – гипергликемия. Десфералды сынама оң.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ болуы мүмкін?
1. Аутоиммунды гепатит
2. Біріншілік гемохроматоз
3. Дабина-Джонсон синдромы
4. Маркиафавы-Микели ауруы
5. Вильсон-Коновалов ауруы
39. 38 жасар әйел оң қабырға астындағы шамалы ауру сезімі, эпигастрийдегі ауырлық сезімі, жиі мұрыннан қан кету, әлсіздік, ұйқышылыққа шағымданады. УДЗ бауырдың эхотығыздығының диффузды ұлғаюы, сагиталды мөлшерінің ұлғаюы байқалады. Қанда: эритроциттер 3,9 млн, лейкоциттер 2,4 мың, тромбоциттер 145 мың, Нв 106 г\л, ЭТЖ 22 мм\сағ. Тимол сынамасы 19,0, ПТИ 76%.. Жалпы белок 76 г\л, альбуминдер - 40, альфа-1 - 4, альфа-2 - 10, бета - 16, гамма-глобулиндер - 30%, альбуминдер\глобулиндер коэффициенті - 0,67.
Көрсетілген көрсеткіштердің қайсысы тимол сынамасының жоғарлауына ЕҢ алып келуі мүмкін?
1. Альбумин
2. Билирубин
3. Фибриноген
4. Гамма-глобулин
5. Альфа-глобулин
40. 65 жастағы хирург, айқын дене қышуына, әлсіздікке, күндізгі ұйқышылдыққа, түнгі ұйқысыздыққа шағымданып түсті. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғыш, теріде тырнақ іздері, тамырлық жұлдызшалар, бауыр қабырға астынан 4 см шығып тұр, көк бауырды перкуссиялағанда - 14х10 см. Қанда: жалпы билирубин 68 ммоль/л, тура 52 ммоль/л, сілті фосфатаза 925 ед., АЛТ 2,48 ммоль/л, АСТ 16 ммоль/л. ЭФГДС да – өңештің көк тамырларының варикозды кеңеюі.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді:
1. Орнитин
2. Эссенциале
3. Ванкомицин
4. Хлорид пиридоксині
5. Аскорбин қышқылы
41. 41 жастағы әйел майлы тағамнан кейін пайда болатын оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады. Объективті: тамақтануы жоғары, пальпация кезінде – Кер нүктесінде ауырсыну байқалады. Қанда– лейкоциттер 6,9 тыс., ЭТЖ 12 мм/с, холестерин 7,3 ммоль/л. Құрсақ қуысының УДЗ - өт қабы қуысында диаметрі 0,8 см конкремент анықталды.
Қандай дәрі ЕҢ тиімді?
1. Фламин
2. Холагол
3. Ампициллин
4. Платифиллин
5. Хенодезоксихолдік қышқыл
42. 36 жастағы әйел іштің төменгі квадрантындағы ауру сезімге, патологиялық өзгеріссіз тәулігіне 2-3 рет болатын сүйық ботқа тәрізді үлкен дәретке шағымданады. Қарап тексергенде: тамақтануы төмендеген, ауыз қуысында көптеген афталар, пальпация кезінде ішек бойымен ауыру сезімі анықталады. Ректороманоскопияда – анальді сызаттар. Ирригоскопияда – көлемі әр түрлі ойық жаралар, ішек стриктуралары анықталады, шырышты қабаттары «тасты көпір» тәрізді.
Қандай диагноз болуы БАРЫНША мүмкін?
1. Крон ауруы
2. Созылмалы колит
3. Ішек туберкулезі
4. Ішек амилоидозы
5. Спецификалық емес жаралы колит
43. 18 жастағы бойжеткен, анамнезінде - бір аптадан бері ауырады. Ангинадан кейін ісіктер пайда болған. Объективті: АҚ - 140/90 мм. с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1020, белок - 4,4 г/л, лейкоциттер - 4-6 көру алаңында, эритроциттер -5-6 көру алаңында.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Бүйрек амилоидозы
2. Бүйрек туберкулезі
3. Созылмалы гломерулонефрит
4. Созылмалы пиелонефрит
5. Жедел гломерулонефрит
44. Ер адам 32 жаста, бел тұсының ауырсынуына шағымдалады. УДЗ жүргізгенде: бүйректердің ассиметриялы зақымдалуы, бүйрек тостағаншалары мен түбектерінің және несепағардың жоғарғы үштен бірінің кеңейгені анықталды.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Пиелонефрит
2. Бүйрек амилоидозы
3. Бүйрек туберкулезі
4. Гломерулонефрит
5. Интерстиалды нефрит
45. 35 жастағы әйел адам, бел тұсының ауырсынуына шағымдалады, бір айдан бері ауырады. Объективті: АҚ - 120/80 мм.с.б. Зәр анализінде: салыстырмалы тығыздық - 1019, белок - 0,099 г/л, лейкоциттер – 15-20 көру алаңында, эритроциты - 5-6 көру алаңында.
Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Цитостатикер
2. Антибиотиктер
3. Антикоагулянттар
4. Кортикостероидтар
5. Аминохинолондар
46. 27 жастағы науқаста бірінші рет өздігінен көптеген тері астылық қан құйылулар, жатырдан қан кету пайда болған. Ішкі мүшелері жағынан өзгерістер жоқ. Бұрау, шымшу симптомдары оң, қанда тромбоциттер 12 х 109/л, гемоглобин - 90 г/л.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Аутоиммунды тромбоцитопениялыќ пурпура
2. Геморрагиялыќ васкулит
3. Пароксизмалды түнгі гемоглобинурия
4. Жедел промиелоцитарлы лейкоз
5. Рандю-Ослер ауруы
47. 47 жастағы әйел, әлсіздікке, бас айналуға, жүрек қағуға шағымданады. Соңғы 1 жылда менструациясы 10 күннен, көп мөлшерде келеді. Объективті: тері жамылғысы және шырышты қабығы қабаты бозғылт, тырнақтары жолақтанған және сынғыш, шаштары көп түседі, тахикардия минутына 100 рет, АҚ 110/60 мм.с.б. Қанда: гемоглобин - 62 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 0,7, ЭТЖ - 36 мм/саѓат, лейкоциттер - 5,8х109/л, тромбоциттер - 420 х 109/л. Гинеколог: жатыр миомасы, 12 апта.
Аталғандардың қайсысы науқасты жүргізу тактикасының ЕҢ тиімдісі болып табылады?
1. Темір препараттарын парентералды енгізу
2. В12 витаминін парентералды енгізу
3. Фолий қышқылы ішке қабылдау
4. Аскорбин қышқылын парентералды енгізу
5. Эритроцитті массаны құю
48. Ер адам 62 жаста, дєрігерге терлегіштікке, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Қарағанда бұғана асты, қолтық асты лимфа түйіндері ұлғайған, ауырсынбайды, жұмсақ (тестоватой) консистенциялы, шамалы спленомегалия. Ќанда: гемоглобин - 86 г/л, эритроциттер - 2,6 х 1012/л, түстік көрсеткіш - 1,0, ЭТЖ - 48 мм/саѓат, лейкоциттер - 72 х 109/л, тромбоциттер - 110 х 109/л, лейкоцитті формулада таяқшалы ядролы нейтрофилдер - 1%, сегмент ядролы - 16%, лимфоциттер - 79%, моноциттер - 4%.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Созылмалы лимфолейкоз
2. Лейкемоидты реакция
3. Созылмалы миелолейкоз
4. Жедел лимфобласты лейкоз
5. Идиопатиялыќ миелофиброз
49. Науқас 30 жаста, 5 жыл қантты диабеттің 1 типімен сырқаттанады. Бірнеше күн бұрын суықтанғаннан кейін субфебриллитет, катаральды көріністер, тәбетінің төмендеуі байқалғандықтан науқас инсулин мөлшерін төмендеткен. Кеше лоқсу, екі рет құсу қосылып, әлсіздік пен ауыздың құрғауы үдеді. Айқын апатия пайда болды. Гликемия – 15 ммоль/л.
Қандай зерттеу бірінші кезекте ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Зєрде ацетонды анықтау
2. Гликемиялық профильді зерттеу
3. Жалпы қан анализін зерттеу
4. Қанда креатинин деңгейін анықтау
5. Қанда калий мен натрий деңгейін анықтау
50. 25 жастағы әйел адам, мойынының оң жағында құлағына иррадиацияланатын ауырсыну, жұтынудың қиындауы шағымдарымен қаралды. Температура субфебрильді, терісі дымқыл, ыстық. Қалқанша безі I дәрежеге дейін ұлғайған, оң бөлігінде тығыз, ауырсынатын түзілім. анықталады. Оның сипатын ауырсынуға байланысты анықтау мүмкіндігі болмады. ЖЖЖ 100 рет мин, АҚ 120/80 мм.с.б. Қан анализінде: лейкоцит - 7,8 х 109/л., ЭТЖ – 32 мм/саѓ, тироксин - 96 нмоль/л, ТТГ қалыпты.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Түйінді зоб
2. Аралас токсикалық зоб
3. Тиреоидит
4. Токсикалық аденома
5. Гормоналды белсенді рак
51. 32 жастағы ер адам, бір ай бұрын ЖРВИ кезінде гипергликемия - 7,8 ммоль/л анықталды. Сауыққаннан екі және үш аптадан кейін бақылау барысында гликемия 6,2 ммоль/л және 6,5 ммоль/л болды. Анасында қантты диабет. Объективті қарақанда дене салмағының артықтығынан (ДМИ – 30 кг/м2) басқа патологиялық өзгерістер анықталмады.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Семіздік
2. Ашқарындық гликемияның бұзылысы
3. Симптоматикалық гипергликемия
4. 2 типті қантты диабет
5. MODY диабет
52. 9 жыл 1 типті қантты диабетпен сырқаттанған науқаста гликемияның салыстырмалы компенсациясы аясында көздің көруі нашарлады, транзиторлы гипертензия 145/95 мм.с.б., микроальбуминурия пайда болды.
Төменде келтірілген қандай емді қосу ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Орталыќ єсерлі альфа-агонисттері
2. Бета-блокаторлары
3. Диуретиктер
4. Белокты препараттар инфузиясы
5. Ангиотензин алмастырушы фермент ингибиторлары
53. 46 жасар ер кісі. Құрғақ ұстама тәрізді жөтелге, ысқырықты тынысқа, ентігуге шағымданады. 2 жыл бұрын бірінші тұншығу ұстамасы пайда болды, содан кейін 3-4 айда 1 рет қайталанып отырды. Үйінде кілемдер, көп кітаптар бар. Объективті: Тыныс жиілігі минутына 32 рет, дем шығаруы ұзартылған ысқырықты тыныс. Кеуде клеткасы кернелген, перкуторлы қораптық реңмен өкпелік дыбыс, екі жақтан құрғақ ысқырықты және майда көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі.
Төменде көрсетілген себебтердің ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Тағамдық
2. Тұрмыстық
3. Саңырауқұлақтық
4. Шаңдық
5. Эпидермальді
54. Лимфогрануломатоз диагнозын нақтылау үшін көрстеілгендер ішінде ЕҢ лайықты зерттеу әдісі қайсысы?
1. Лимфа түйінінің биопсиясы
2. Компьютерлік томография
3. Сүйек кемігінің стернальды пункциясы
4.Лимфа түйіндерін радиоизотопты сканирлеу
5.Рентгенконтрасты затпенлимфография
55. 30 жасар ер адам,омыртқасындағы, әсіресе бел аймағындағы қозғалыстың шектелуі мен тұрақты ауру сезіміне шағымданады. Алғаш рет 5 жыл бұрын пайда болған, субфебрильді температурамен бірге жүретін.Жылу процедураларымен емделген. Бір жылдан кейін омыртқаларындағы құрысулар күшейе түскен. Қарап тексергенде: боз, салмағы 62 кг, бойы 172 см. Омыртқасында қозғалыс қатты шектелген, арқа мен сан бұлшықеттерінінің айқын атрофиясы.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Ревматоидты артрит
2. Псориаздық артрит
3. Омыртқа остеохондрозы
4. Анкилоздаушы спондилоартрит
5. Туберкулезді спондилоартрит
56. 25 жасар қыз,әлсіздікке, дімкәстікке, артралгияларға, жүрек қағысына шағымданады. 6 айдан бері субфибрильді температура бар. Пневмония, миокардиттен емделген. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,8°С. Пульсі минутына 98 рет, оң жақтапульсация анықталмайды. Артериалды қан қысымы сол жақта 190/120 мм с.б.б., оң жақта анықталмайды. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 8,5х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.
Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Ангиография
2.Тамырларды ультрадыбысты зерттеу
3. Компьютерлік томография
4. Рентгенография
5. Магнитті резонансты томография
57. 45 жасар әйел,буындарында ісіну мен ауру сезімі, таңертеңгілік құрысулар, дімкәстікке, 4 айдан бері субфебрильді температураға шағымданады. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,8°С. Алақан-саусақ, проксиамльды саусақаралық буданда, білезіктерінде, сол жақ тізе буында, тобық-табан және өкше-бақайаралықбуындарында ауырсыну, қозғалыстың шектелуі, жұмсақ ісіктер мен жергілікті температура көтерілуі бар. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 98 г/л, лейкоциттер 4,2х109/л, ЭТЖ 45 мм/сағ.
Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Латекс тест
2. Валер-Роузе реакциясы
3.Sm-антигеніне антиденелер
4. Антинуклеярлы антиденелер
5. Нативті ДНҚ-ға антиденелер
58. 20 жасар қыз,әлсіздік, артралгияларға шағымданады. 5 ай бойы субфибрильді температура, тез салмақ жоғалту, шаштының түсуі, дімкәстік мазалайды. Қарап тексергенде: температурасы 38°С. Бет доғасы аймағы мен мұрын қанаттарында эритематозды бөртпелер бар. Қол саусақтары ұршық тәрізді деформацияланған, тобық-өкше буындарының ісінуі бар. Пульсі 98 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 3,9х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.
Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
1. LE - жасушалар
2. Ақуыз және оның фракциялары
3.Sm-антигеніне антиденелер
4. Антинуклеярлы антиденелер
5.Нативті ДНҚ-ға антиденелер
59. Ер адам 55 жаста,300 метр жүргенде және бір қабатқа көтерілгенде, ұзақтығы 5-10 минуттық төс артындағы қысып ауыру сезіміне шағымданады. 6 айдан бері ауырады, кейде нитроглицерин қолданады. Қарап тексергенде: акроцианоз, пульсі минутына 80 соққы, артериалдық қан қысымы 130/80 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, дұрыс, жүректің соғу жиілігі 75 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Алғаш пайда болған стенокардия
2.Күш түсу стенокардиясы ФК I
3.Күш түсу стенокардиясы ФК II
4.Күш түсу стенокардиясы ФК III
5.Күш түсу стенокардиясы ФКIV
60. 30 жасар әйел, жүрек қағысына, жүрек тұсындағы шаншып ауруға шағымданады. Қарап тексергенде: Пульсі 95 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, төстің сол қыры бойымен мезосистолалықсыртылжәне үрлеуші систолалық шу естіледі,шу тік қалыпта, Вальсальва сынамасында күшейеді және жүресінен отырғанда азаяды. Электрокардиограммада: ырғағы синусты, жүректің соғу жиілігі 100 рет минутына. Жүректің электрлік осі көлденең. II, III, aVF әкетпелерінде T тісшесі теріс.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал жүрек ақауы қайсысы?
1. Қолқа кіре берісінің тарылуы
2. Екі жармалы қақпаша жетіспеушілігі
3. Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі
4. Екі жармалы қақпаша пролапсы
5. Жүрекше аралық перде дефекті
61. 39. 54 жастағы әйел тізе буындарының домбыққандығына және олардың ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: дене бетімі толық, тізе буындары көлемі жағынан ұлғайған. Буындардың пальпациясы кезінде қимыл жасағанда – дөрекі түрдегі қытырлау, қимыл жасауы ауырсынулы.Жалпы қан анализі - эритроциттер – 4,2×1012/л, HB – 133 г/л, түсті көрсеткіш – 0,9, лейкоциттер – 5,3×109/л, ЭТЖ – 14 мм/сағ. С-реактивті ақуыз +. Буындардың рентгенографиясы: буын тесігі тарылған, субхондралды остеосклероз анықталады.
Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды болып табылады?
1. Остеоартрит
2. Подагралық артрит
3. Ревматоидты артрит
4. Реактивті артрит
5. Бруцеллезді артрит
62. Ер адам 56 жаста, қатты тамақты жұтудың қиындауына, сұйық тамақ ішкенде шашалуға, сол жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, тамақпен кекіруге, дауысының қарлығуына, салмақ жоғалтуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: жүдеу. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, мойын лимфа түйіндері ұлғайған.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады? 1. Шекаралы дивертикул
2. Өңешрагі
3. Фариногоэзофагеальды ахалазия
4.Баррет өңеші
5. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы
63. Әйел 35 жаста, тамағындағы “түйір” тұрғандай сезімге, қатты тамақты жұтудың қиындауына, сұйық тамақ ішкенде шашалуға, аяқ-қолдарының тоңуына, кезеңді түрде кешке қарай дене температурасының 370С дейін көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: қолының білектерінің тері жабындысы тығыз, аузы құралып келе жатқан кисет тәрізді. Жалпы қан талдауы: эритроциттер 3х10 12 /л, Hb 85 г/л, өңеш рентгеноскопиясы – төменгі үштен бір бөлігінің гипотониясы анықталады.
Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Месалазин
2. D-пеницилламин
3. Инфлексимаб
4. Метотрексат
5. Преднизолон
64. 36 жасар ер адам, тамақтан кейін 1,5-2 сағаттан соң эпигастральды аймақта пайда болатын ауру сезіміне, асқазанның қышықыл бөліндісімен, жеңілдік әкелетін құсуға, қыжылға шағымданып келді.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ бірінші орындағы зерттеу әдісі қандай?
1. Асқазан секрециясын зерттеу
2. Асқазан рентгеноскопиясы
3. Эзофагогастродуоденоскопия
4. Бернштейна тесті
5. Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу
65. 58 жастағы ер адам, дәнекерлеуші болып жұмыс істейді, ұзақ уақыттан бері көп мөлшерде іріңді-қақырықты бөлініс болатын бронхоэктатикалық аурудан зардап шегеді. 1 айдың ішінде бетінде, аяқтарында ісіну, әлсіздік пайда болған. Тексеріп қарау кезінде: терісі бозарған, денесі түгелдей ісінген. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 90 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 9,3×109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі: меншікті салмағы-1004, ақуыз – 13,9 г/л, лейкоциттер – 6-8 көз жетерлік жерде, эритроциттер – 1-2 көз жетерлік жерде, цилиндрлер – 12 -14 көз жетерлік жерде, жалпы ақуыз - 52 г/л.
Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы болуы ЕҢ ықтимал?
1. Пиелонефрит
2. Гломерулонефрит
3. Бүйрек гидронефрозы
4. Бүйрек амилоидозы
5. Миеломды ауру
66. 63 жасар ер адам, шөлдеуге, аузының құрғауына, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, жүдеуге, зәрдің көп мөлшерде шығуына шағымданады. 6 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: салмағы 115 кг, бойы 182 см. Терісі құрғақ, тырналған іздер.Қабағында ксантелазмалар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. Пульсі 92 рет минутына, артериальды қан қысымы 180/100 мм с.б.б.
Диагнозды нақтылау үшін көрсетілгендер ішіндегі ЕҢ бірінші орындағы зерттеу әдісі қайсысы?
1. Холестерин
2. Қандағы қант
3. Қан альфа-амилазасы
4.Жалпы қан анализі
5. Жалпы ақуыз және оның фракциялары
67. 35 жасар ер адам, 1 типті қант диабетімен ауырады, алкогольді көп мөлшерде ішеді. Қарап тексергенде: есі жоқ, терісі құрғақ, көз алмасы жұмсақ, тілі сұр жабындымен жабылған. Тыныс жиілігі минутына 34 рет. Пульсі минутына 110 рет. Артериальды қан қысымы 80/45 мм с.б.бб Жалпы қан талдауында: лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ 22 мм/сағ. Қандағы қант 31,3 ммоль/л, зәр талдауында: глюкоза - 3,9%
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Гипогликемиялық кома
2. Кетоацидоздық кома
Достарыңызбен бөлісу: |