4. Лактацидтік кома
5. Алкогольдік кома
68. 44 жастағы әйел, жүрек қағысына, дірілдеуге, ыстық сезімге, мазасыздыққа, шөлдегіштікке, шаршағыштыққа, тершеңдікке, жүдеуге, тітіркенгіштікке шағымданады. 2 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі ылғалды.Жүрек тондары қатты, ырғағы дұрыс. Пульсі 112 рет минутына. Артериальды қан қысымы 150/80 мм с.б.б. Үлкен дәреті іш өтуге бейім.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Артериальды гипертензия
2. Феохромоцитома
3. Эндемиялық жемсау
4. Нейроциркуляторлы дистония
5. Диффузды токсикалық жемсау
69. 35 жастағы әйел, жүрек қағысына, мазасыздыққа, тершеңдікке, жүдеуге, тітіркенгіштікке шағымданады. 3 айдан бері ауырады. Қарап тексергенде: терісі ылғалды, қолдарында тремор.Мойынның алдыңғы үштен бір бөлігінде 2х2 см түйін пальпацияланады, ұстағанда тығыз, ауру сезіммен. Оң жақ бұғана үсті лимфа түйінінің диаметрі 1 см, тығыз. Пульсі 112 рет минутына. Артериальдықанқысымы 140/80мм с.б.б.Жалпы қанталдауында: эритроциттер – 3,8х1012/л, гемоглобин 90г/л, лейкоциттер 4,3х109/л, ЭТЖ 38 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ информативті зерттеу әдісі қайсысы?
1. Ультрадыбысты зерттеу
2. Рентгенографиялық зерттеу
3. Компьютерлік томография
4. Мойындағы түйіннің биопсиясы
5. Радиоизотопты сканирлеу
70. Тоқ ішек дивертикулезімен ауыратын 37 жасар ер адамды тексеру нәтижесі: эритроциттер-3х1012/л, Нb -130 г/л, ЦП-1,3; макроцитоз, Жолли денешелері, ретикулоциттер – 1%, лейкоциттер – 3,0х109 /л, тромбоциттер -160000, сарысулық темір -20 мкмоль/л.
Көрсетілгендер ішінде қандай дәрілік препаратты тағайындау ЕҢ тиімді?
1. Фолий қышқылы препараттары
2. Цианкобаламин препараттары
3. Темір препараттары
4. Пиридоксин препараттары
5. Глюкокортикостероидтың препараттары
71. Ер адам 39 жаста, жанұялық дәрігерге шаршағыштыққа, әлсіздікке шағымданып келді. Қан талдауында: эритроциттер - 1,9х109 /л, Нb - 58 г/л, түстік көрсеткіші-1,0; лейкоциттер-1,2х109/л, таяқшаядролылар-1, сегментті ядролылар-18, лимфоциттер- 81, ЭТЖ 35 мм/сағ. Сүйек кемігінде – май жасушалары басым.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал диагноз болып табылады?
1. Теміртапшылықты анемия
2. В12 -жетіспеушілікті анемия
3. Маркиафава-Микели ауруы
4. Апластикалық анемия
5. Минковский-Шоффар ауруы
72. Ер адам 56 жаста, айқын әлсіздікке, дімкәстікке шағымданып келді. Қарап тексергенде: тері жабындылары бозғылт, бауыры, көкбауыры пальпияланбайды. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,9х109 /л, Нb - 59 г/л, түстік кқрсеткіші - 0,45; анизоцитоз, пойкилоцитоз.
Диагнозды нақтылау үшін ЕҢ тиімді қандай қосымша зерттеу жүргізуге болады?
1. Кумбс сынамасы
2. Шиллинг тесті
3. Сарысулық темір
4.Қандағы бос гемоглабин
5. А2гемоглобинінің фракциясын анықтау
73. 20 жасар ер адамды бел омыртқаның төменгі бөлігі қозғалысының шектелуі және тыныштықта жоғалмайтын, қимылдағанда жеңілдейтін ауыру сезімі мазалайды. Сонымен қатар кеуденің ауырсынуы мен сіресуі байқалады. Рентгенограммада: екі жақты сакроилеит симптомдары, синдесмофиттер, костовертебралды буындардың зақымданулары. СРБ- теріс мәнді.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындаған ЕҢ тиімді?
1. Солумедрол
2. Метотрексат
3. Диклофенак
4. D-пеницилламин
5. Циклофосфамид
74. 43 жасар әйелді кеуде торшасының ауыруы, ентігу, жұтынудың қиындауы, артралгиялар, бет пен қол ұштары терісінің тығыздалуы, шаштарының түсуі мазалайды. Қарап тексергенде: беті мимикасыз, ауыз айналасында радиалды қатпарлар, телеангиэктазиялар. Қол тырнақ бунақтарының деформациялары, терісінің тығыздануы, бұлшық еттерінің гипотрофиясы, шаштың түсуі. Жүрек шекаралары үлғайған, тондары бәсендеген, жүрек ұшында систолалық шу. Рентгенограммада: пневмосклероз белгілері.
Көрсетілген диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтимал болып табылады?
1. Ревматоидты артрит
2. Түйінді периартерит
3. Жүйелі қызыл жиегі
4. Жүйелі склеродермия
5. Дерматомиозит
75. 30 жастағы әйел қол саусақтары буындарындағы ауыру сезімі мен ісінуіне, таңертең буындарын қозғаудың қиындығына шағымданады. Қарағанда: екі қолдың II-IY проксималды бунақтараралық буындарының симметриялық дефигурациясы. Ауырсыну және экссудативті өзгерістер әсерінен көрсетілген буындардың қимылы әсіресе жазылуы шектелген. Қанда: эритроциттер - 4 млн., Нв-128 г/л, лейкоциттер - 9 мың., ЭТЖ-41 мм/сағ, СРБ айқын оң мәнді.
Қандай зерттеу жүргізу ЕҢтиімді?
1. Ревматоидты артрит
2. Түйінді периартерит
3. Жүйелі қызыл жиегі
4. Жүйелі склеродермия
5. Дерматомиозит
76. 35 жастағы ер адам, мамандығы - инженер, саяжайда араның шағуынан кейін тыныс алуының қиындағанын сезінген, беті ісінген, кеуде терісі қызарған, денесінде бөртпелер пайда болған. Тексеріп қарау кезінде: беттің ісінуі, айқын көрінген параорбиталды ісік, бүкіл денесінде күлдіреу тәрізді бөртпе, инспираторлық ентігу. Артериалдық қан қысымы - 90/60 мм.рт.ст.
Аталған жағдайда көрсетілген препараттардың қайсысын пайдалану ең тиімді болып табылады?
1. Супрастин
2. Дипроспан
3. Лоратадин
4. Преднизолон
5. Тиосульфат натрия
77. 36 жастағы ер адамныі гемограммасында өзгерiстер анықталды: лейкоциттер - 78х109/л, промиелоциттер - 3%, миелоциттер - 8%, метамиелоциттер - 12%, т/я - 21%, с/я - 41%, базофилдер - 3%, эозинофилдер - 6%, лимфоциттер - 6%, тромбоциттер - 784х109/л, Нв - 114 г/л; миелограммада: гиперклеткалық, миелокариоциттердің және мегакариоциттердiң құрамы жоғарлаған, гранулоцитарлық қатардың барлық элементтерi анықталды.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?
1. Созылмалы миелолейкоз, бластық криз фазасында
2. Созылмалы миелолейкоз, созылмалы фазасында
3. Эссенциальді тромбоцитоопения
4. Идиопатиялық миелофиброз
5. Нағыз полицитемия
78. 30 жастағы еркек терісіндегі геморрагиялық бөртпелерге, буындағы ұшпалы ауыру сезімге шағымданады. Лабораторлық зерттеу кезінде: этанолондысынама ++, ПДФ-0,6 г/л, антитромбин III-75%, Виллебранд факторы 140% (қалыпты 100%).
Емдеу бағдарламасына төмендегі дәрілердің қайсысын қосу ЕҢ тиімді болады?
1. Преднизолон
2. Вольтарен
3. Колхицин
4. Димексид
5. Делагил
79. 26 жастағы еркек әлсіздік, қызыл иектен, мұрыннан қан кетуге шағымданып түсті. Қарап тексергенде: мойын, қолтық асты лимфа түйiндерiнiң үлкеюi, шамалы спленомегалия анықталады.. Қанда: бласты жасушылар - 47%, сегмент ядролы лейкоциттер - 29%, лимфоциттер - 18%, моноциттер - 6%. Гликогенге цитохимиялық реакция оң.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?
1. Созылмалы лимфолейкоз
2. Жедел лимфолейкоз
3. Миелодиспластиялық синдром
4. Жедел лимфобласты емес лейкоз
5. Жедел дифференцияланбаған лейкоз
80. 34 жастағы әйел балтыр табан буындарының ауырсыну сезімін, ісінуін, балтырда майда нүктелi бөртпелердің пайда болуын байқаған. Қанда: тромбоциттер - 180х109/л, қан кету уақыты 4мин, қан ұйындысының ретракциясы өзгермеген, протромбин индексi - 90%, АЧТВ – 45 сек, фибриноген - 5 г/л. Зәрде: белок - 0, 05г/л, эритроциттер – 50 көру аймағында.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?
1. Идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура
2. Геморрагиялық васкулит
3. Рандю-Ослер ауруы
4. Виллебранд ауруы
5. Гемофилия
81. 30 жастағы еркек, жұмыс орнында кенеттен есiнен танды. Қасындағылардың айтуы бойынша инсулин алады. Объ-ті: Терiсі ылғалды. Бұлшық ет тонусы жоғарлаған. Қарашығы кеңейген, жарыққа әсер етпейді. Тiлі ылғалды, қызғылт. АҚ 125/80 мм.с.б. ЖСЖ 96рет мин.
Көрсетілген комалардың қайсысының дамуы ЕҢ мүмкін?
1. Бауырлық
2. Гиперосмолярлы
3. Кетоацидоздық
4. Лактацидемиялық
5. Гипогликемиялық
82. 37 жастағы әйел жүрек аймағындағы ауыру сезімі, жүрек қағу, тез шаршағыштықты байқады. Ауыру сезімі үш ай бойы мазалайды, осы уақытта ашушаңдық, жылауықтық пайда болып, 5 кг арықтады. Объективтi: жүдеу, тері гипергидрозы, қалқанша безі қарағанда байқалады. Қолдарында майда тремор, «телеграфт бағанасы» симптомдары анықталады. АҚ - 130/60 мм.с.б. ЖСЖ – 120 рет мин.
Диагнозды нақтылау үшін немен сынама жүргізу ЕҢ мәліметті?
1. Инсулин
2. Клофелин
3. Тиролиберин
4. Кортикотропин
5. Калий перхлораты
83. 25 жастағы қыз дене салмағының жоғарлауына, бас ауыруына, етеккір бұзылыстарына, бұлшық ет әлсіздігіне шағымданады. Анамнезінде: нейроинфекциямен ауырған. Қарап тексергенде: толық, іш және иық аймағында майдың жиналуы. Беті ай тәрізді, кеудесінде қою-қызыл стриялар, кеудесі ер адамдар типтес жүнді. АҚ 220/130 мм.с.б. Омыртқа тірегінің рентгенографиясы: «балық» омыртқалары. Гликемия - 8,2ммоль/л.
Көрсетілген дәрілердің қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?
1. Бромокриптин
2. Аминалон
3. Фуросемид
4. Метформин
5 Церебролизин
84. 49 жастағы ер адам ұйқышылдық, ентiгу, айқын iсiнуге шағымданады. Объективтi: тері жабындылары бозғылт, сарғыш, ұстап қарағанда салқын. Беті, аяқтары ісінген. Өкпеде әлсіреген везикулалық тыныс. Жүрек үндері әлсіреген. АҚ 90/60 мм.с.б. ЖСЖ - 55 рет мин. Зерттегенде: гипофиздің тиреотропты гормонының деңгейі 52 мкХБ/мл.
Қандай диагноздың болуы ЕҢ мүмкіні?
1. Ридел тиреоидиті
2. Эндемиялық жемсау
3. Жеделдеу тиреоидит
4. Біріншілік гипотиреоз
5. Диффузды токсикалық жемсау
85. Әйелде асқынған босанудан кейін құсу, жүрек айнуы, бұлшық ет әлсіздігі, диарея және психикалық бұзылыстар пайда болды. Объективтi: акроцианоз, аяқ қолдары салқын, гипотермия. АҚ 50/30 мм.с.б. Адренокортикотропты гормонмен сынама теріс.
Науқаста қандай синдром дамуы ЕҢ мүмкін?
1. Конн синдромы
2. Сомоджи синдромы
3. Иценко-Кушинг синдромы
4. Золлингер-Эллисон синдромы
5. Уотерхаус-Фридериксен синдромы
86. 18 жастағы қыз нейроинфекциядан кейiн шөлдеу, тәбеті мен, дене салмағаның жоғарлауын байқады. Қарап тексергенде: бойы - 160 см, салмағы 80 кг. Кеудесінде ал қызыл стриялар байқалады. АҚ 140/90 мм.с.б. Глюкозаға толеранттылық сынамасын жүргізу екі сағаттан кейін гликемияның 9,0 ммоль/л екенін көрсетті.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?
1. Гипотиреоидты семiру
2. Бүйрек үстi бездік семiру
3. Гипоталамиялық семiру
4. Екiншiлік қант диабеті
5. Алиментарлы-конституциялық семiру
87. 45 жастағы ер адам оң жақ табандағы қатты ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінен: жақында ішімдік ішкен. Ауырсыну кенеттен басталған және 1-ші табанфалангалық буынның аймағында ауырсынады. Қарағанда: үлкен бармақ үстіндегі тері қызарған, ұстағанда ыстық, қимылдатуы қиын.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?
1. Реактивті артрит
2. Рейтер синдромы
3. Подагра
4. Псориаз
5 Ревматоидті полиартрит
88. 19 жастағы науқаста анасарка типті ісіну, олигурия, теріде уритикарлы бөртпе, қызба байқалады. Ауырғанына 3 ай болған. Зәрінде 3,3 г/л ақуыз, эритроциттер,қан анализінжде, мочевина 25 ммоль/л. АҚҚ 200/120 мм.с.б. Бүйрек биопсиясында-капиллярлар қабырғасы қалыңдаған, базальды мембрананың дистрофиясы.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?
1. Гломерулонефрит
2. Түйінді периартрит
3. Жүйелі қызыл жегі
4. Жүйелі склеродермия
5. Дерматомиозит.
89. 46 жасар ер кісі, іштің кернелу сезіміне, іштің томпаюына, белінің ауруына шағымданып келді, соңғы 1,5 жылда іш көлемінің ұлғаюын байқады. Анамнезінде – 10 жыл бойы алкогольді шамадан тыс пайдаланады. Оъбективті: тамақтануы төмен, мойнынд бірлі-жарым телеангиоэктазиялар, қасу іздері; ішітің көлемі қтты үлкейген, алдыңғы құрсақ қабырғасының көктамырлары кеңейген, бауырын пальпациялау мүмкін емес.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?
1. Бауыр циррозы
2. Бауыр эхинококкозы
3. Мезателиома
4. Созылмалы панкреатит
5. Бадд-Киари синдромы
90. 25 жастағы науқас айқын циркуляторлы-гипоксиялық синдроммен көрінген эпигастарльды аймақтағы ауырсынуға шағымданып келді. Анамнезінде: асқазанның жара ауруы. Тері жабындары бозғылт.
ҚЖА:Нв–85г/л,Э–3,8х1012/л,ТК–0,8,тромбоциттер– 65,0х109/л, ретикулоциттер – 0,5 %. билирубин – 15 мкмоль/л қан сары суындағы темір,– 4,5 ммоль/л. Грегерсена реакциясы оң. Сіздің болжам диагнозыңыз?
1. Апластикалық анемия
2. Гемолитикалық анемия
3. Жедел постгеморрагиялық анемия
4. Темір жетіспеушілік анемия
5. B12-жетіспеушіліканемия
91. 28 жастағы әйел адам, әлсіздікке, дімкәстікке, артралгияларға, жүрек қағысына шағымданады. 6 айдан бері субфебрильді температура бар. Пневмония, миокардиттен емделген. Қарап тексергенде: дене температурасы 37,8°С. Пульсі минутына 98 рет, оң жақта пульсация анықталмайды. Артериалды қан қысымы сол жақта 190/120 мм с.б.б., оң жақта анықталмайды. Жүрек тондары тұйықталған, ұшында систолалық шу естіледі. Қан талдауы: эритроциттер 3,3х1012/л, гемоглобин 102 г/л, лейкоциттер 8,5х109/л, ЭТЖ 48 мм/сағ.
Көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?
1. Аортоартериит
2. Түйінді периартериит
3.Жүйелі қызыл жегі
4.Жүйелі склеродермия
5.Дерматомиозит
92. 35 жасар ер адам, бас ауруына, аяқ-қолдарының жансыздануына, шөлдеуге, жиі зәр шығаруға, айқын әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Қарап тексергенде: аяқ-қолдарының парестезиясы. Тізе рефлекстері жоғарылаған. Артериальды қан қысымы 190/120 мм.с.б.б. Жүрек тондары тұйықталған, қолқа үстінде II тон акценті. Калий 3,1 ммоль/л, натрий 142 ммоль/л, мочевина 5,6 ммоль/л.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Феохромоцитома
2. Гиперкортицизм
3. Қолқа коарктациясы
4. Гиперальдостеронизм
5. Бүйрек артерияларының стенозы
93. 63 жасар әйел, шүйде аймағындағы ауру сезіміне, тез шаршағыштыққа, кешке қарай табанындағы ісінулерге шағымданады. Анамнезінде 4 жылдан бері артериалдық қан қысымы 170/110 мм с.б.б. дейін көтеріледі. Қарап тексергенде: Жүрек тондары тұйықталған. Жүректің соғу жиілігі 68 соққы минутына. Артериалдық қан қысымы 160/100 мм.с.б.б. Қандағы ренин деңгейі төмендеген
Аталған препараттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Бисопролол
2. Амлодипин
3. Периндоприл
4. Индапамид
5. Лозартан
94. 35 жастағы әйел, ентігу, түнгі тұншығу ұстамасына, қан түкіруге, жүрек қағысына шағымданады. Қарап тексергенде: еріндері көгерген, беттері қызыл шыраймен. Аускультативті: шапалақтаушы I тон, өкпе артериясы тұсында II тонның акценті, екі жармалы қақпашаның шертіп ашылуы, жүрек ұшында диастолалық шу. ЭКГ: ырғағы дұрыс емес, электрлік осі қалыпты жағдайда, Р тісшесі жоқ, майда f толқындары, R-R интервалы 0,75-тен 0,45-ке дейін, R тісшесінің амплитудасы әртүрлі, P-mitrale, оң қарынша гипертрофиясы.
Көрсетілген ақаулардың қайсысының болуы ЕҢ мүмкін?
1. Қолқа кіре берісінің тарылуы
2. Екі жармалы қақпаша тесігінің тарылуы
3. Үш жармалы қақпаша жетіспеушілігі
4. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
5. Жүрекше аралық перде дефекті
95. 35 жасар әйел, жүктілік мерзімі 31-32 апта, аяқтарындағы ісінуге, бетінің ісінуіне, бас ауруына шағымданады. Қарап тексергенде: Аяқтарында ісіктер, бетінде ісіну бар. Жүректің соғу жиілігі минутына 100 рет. Артериалды қан қысымы – 160/100 мм с.б.б. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1005, лейкоциттер 3-4 көру алаңында, белок 1,33 г/л, гиалинді және дәнді цилиндрлер - 3.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал болжамалы диагноз қайсысы?
1. Преэкламсия
2. HELLP-синдромы
3. Гломерулонефрит
4. Жүктілер ісінуі
5. Жүктілер пиелонефриті
96. Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды емдеу үшін төменде көрсетілген препараттардың ішінде қайсысын тағайындау дәйектемелі медицина ұстанымымен ЕҢ негізделген болып табылады?
1. Рабепрозол
2. Кларитромицин
3. Амоксициллин
4. Фамотидин
5. Алюминий фосфаты
97. Әйел 56 жаста жұтудың бұзылуына, кеудесінің төменгі үштен бір бөлігіндегі ауру сезіміне, құсуға шағымданады. Көрсетілген симптомдар 3 айдан бері мазалайды, жүдеген. Контрастты затпен өңешті рентгенологиялық зерттегенде контрасты барий қоспасыныңасқазанға өтуі бұзылған, өңеш кеңейген, асқазанның газдық қапшығы анықталмайды.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді емдеу әдісі қандай?
1. Кардиодилатация
2. Ниссен бойынша фундопликация
3. Ботулотоксинді интрамуральды енгізу
4. Консервативті ем
5. Эндоскопиялық резекция
98. Асқазан жарасы ЕҢ жиі қайда орналасады?
1. Кіші иінінде
2. Үлкен иінінде
3. Антрум
4. Кардия
5. Қақпақша
99. Ер адам 55 жаста, тамақ ішкеннен 1 сағаттан кейін пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауру сезімі тұйық, әлсіз интенсивті, жиі ауру сезімі шыңында қыжылдау және жеңілдік әкелетін құсумен бірге жүреді. Терең пальпацияда эпигастрий аймағында әлсіз ауру сезімі анықталады.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?
1. Қақпақша стенозы
2. Созылмалы панкреатит
3. Асқазанның жара ауруы
4. Созылмалы атрофиялық гастрит
5. Асқазан рагі
100. 35 жастағы әйел, жедел ауырды, жақында жұмыртқа жеген. Қалтырау, қызба, кіндік тұсындағы кескендей ару сезімі, екі рет құсу, жиі ( 8 ретке дейін) іш өтуі, айқын әлсіздік бар. Бозарған, артериалдық қан қысымы – 100/70 мм.с.б.б., Жүректің соғу жиілігі – минутына 110 рет. Іші кіндік маңы аймағында әлсіз ауру сезімімен.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?
1. Жедел энтерит
2. Дизентерия
3. Тағамдық токсикоинфекция
4. Сальмонеллез
5. Холера
101. 58 жастағы ер кісіде ауру сезімсіз сарғаю пайда болды, содан кейін күңгірт түсті зәр, нәжісінің түссізденуі, терінің қышуы пайда болды. Объективті: Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астында ауырады. Бауыры 11-10-9 см, тығыз, ауырады. Қарап зерттегенде: бауырды ультрадыбысты тексергенде өт өзектерінің кеңеюі, бауырдың үлкеюін, 3,0х2,0 см өсінді анықтады. Жалпы қан анализінде: эозинофилдер 12%.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Өт-тас ауруы
2. Эхинококкты киста
3. Ұйқы асты безінің жаңа түзілісі
4.Стеноздаушы холангит
5. Фатеров емізікшесінің жаңа түзілісі
102. 48 жасар әйел адам, құсуға, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 37,50 дейі көтерілуіне шағымданады. Анамнезінде емдәмді бұзу. Объективті: Кер нүктесінің ауырсынуы, бауыр өлшемдері 10-9-8 см. Қан анализі: лейкоциттер – 10,2х109г/л, жалпы қан билирубині – 25 мкмоль/л, АЛТ- 0,56..
Алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1.Созылмалы холецистит
2.Созылмалы вирусты гепатит
3.Созылмалы алкогольды гепатит
4.Ұйқы асты безі басының ісігі
5.Созылмалы панкреатит
103. 36 жасар ер кісі. Кезеңмен пайда болатын бет терісінің, қол ұшының, аяқ ұшының сарғаюына, жүрек айнуға, кекіруге, іш қатуына шағымданады. Анамнезінен: бала кезінен ауырады. Объективті: терісі бозғылт-сары түсті, қабақтың ксантелазмалары, склералары – қалыпты. Қанда жалпы билирубин – 40 мкмоль/л, тікелей емес билирубин – 40 мкмоль/л, аланинаминотрансфераза – 0,16 мкмоль/л, аспартатаминотрансфераза – 0,22 мкмоль/л.
Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
1. Талассемия
2. Пигментті гепатоз
3. Созылмалы гепатит
4. Гемолитикалық анемия
5. Инфекционды мононуклеоз
104. 52 жасар ер адамда тауық жұмыртқасымен тамақ ішкеннен кейін қызба, улану, кіндік маңы аймағындағы ауру сезімі, шырышпен 8 ретке дейін сұйық нәжіс пайда болды.
Диагноз қою үшін бірінші орында жүргізетін ЕҢ тиімді диагностикалық зерттеу әдісі қайсысы?
1. Ирригоскопия
2. Нәжісті бактериологиялық себу
3. Жалпы қан талдауы
4. Ректороманоскопия
5. Тікелей гемагглютинация реакциясы
105. 53 жастағы ер адамды, жүрек айнуы, белдемелі іштегі ауру сезімі, тәулігіне 3-4 ретке дейінгі сұйық нәжіс, метеоризм, салмағының төмендеуі мазалайды. Копрологиялық зерттеуде полифекалия, крахмал +++, қорытылмаған бұлшық ет талшықтары ++, нейтральды май +++ табылды..
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Созылмалы панкреатит
2. Созылмалы энтерит
3. Созылмалы атрофиялық гастрит
4. Созылмалы дуоденит
5. Созылмалы вирусты гепатит
Достарыңызбен бөлісу: |