Мұнда берілген концентрациядағы диссоциациялану дәрежесі жоғарылаған сайын, диссоциация константасы артады. Диссоциация константасы температураға тәуелді.
Оствальдтың сұйылту заңы бойынша күшті электролиттер үшін ерітіндінің концентрациясы өзгергенде, диссоциациялану тұрақтысы да өзгеріп отырады.
[К+]=[А-]=α/V
Ерітінділерді термодинамикалық сипаттау үшін активтілік (а) және активтілік коэффициенті (γ) сияқты шамалар қолданылады.
Ерітінділерді термодинамикалық сипаттау үшін активтілік (а) және активтілік коэффициенті (γ) сияқты шамалар қолданылады.
γ = a/c = a/m
с – концентрация; m – мольдік концентрация. Сұйытылған ерітінділер үшін γ =1, a = c, ал концентрация артқан сайын γ – ның мәні азаяды.
Активтілік коэффициенті молекулалардың толық диссоциацияланбаған иондардың өзара тартылуын, олардың гидратациясын көрсетеді.
Күшті электролит ерітінділерінде иондар концентрациясы жоғары болады.
Ток өткізгіштер бірінші типті және екінші типті болып бөлінеді.
Бірінші типті ток өткізгіштерден ток өткенде иондар ауысуы байқалмайды. Бұған металдар мен жартылай өткізгіштер (көміртегі C, бор B, германий Ge, кремний Si, селен Se, күкірт S, сурьма Sb, теллур Te, йод I т.б.) жатады.