Салыстыру электродтары дегеніміз потенциалы белгілі, дәл қалпына келетін, анықталатын иондардың концентрациясынан тәуелсіз және өлшеу кезінде тұрақты болып қалатын электродтар.
Оларға: каломельді сутектік, хлоркүміс электродтар жатады.
Каломель электроды. Сутегі электродымен жұмыс істеген ыңғайсыз, сондықтан салыстыру электроды түрінде қолдануға ыңғайлы қарапайым, электродтық потенциалының шамасы стандартты сутегі электродымен салыстырғанда дәл анықталған және тек температураға тәуелді каломель электроды пайдаланылады. Каломель электроды белгілі концентрациядағы КСl ерітіндісіне салынған және Hg2Сl2 каломельмен қанықтырылған сынап электродынан тұрады:
Нg / Нg2Сl2, КСl
Хлоркүмісті электрод. Салыстыру электроды түрінде басқа екінші типті электрод – калий хлориді ерітіндісіне батырылған хлоркүмісті электрод пайдаланылады. Хлоркүмісті электрод сондай-ақ хлор анионына қатысты қайтымды:
Хлоркүмісті электрод. Салыстыру электроды түрінде басқа екінші типті электрод – калий хлориді ерітіндісіне батырылған хлоркүмісті электрод пайдаланылады. Хлоркүмісті электрод сондай-ақ хлор анионына қатысты қайтымды:
Аg / АgСl, КСl
Сутектік электродсутегі ионы бар ерітіндіге батырылған, газ тәрізді сутекпен шайылған платина пластинка. Адсорбцияланатын платина сутегі газ тәрізді сутегімен тепе-теңдікте тұрады; схема түрінде электродты келесі түрде көрсетеді: Рt, Н2 / Н+
Индикаторлы электродтар дегеніміз анықталатын иондардың концентрациясына тәуелді және осы иондардың концентрациясы өзгергенде өзгереді.
Сутегі ионы қатысатын, тепе-тең тотығу-тотықсыздану процессінде өзара айналуға қабілетті, хингидрон С6Н4О2·С6Н4(ОН)2 – хинон қосылысы С6Н4О2 және гидрохинон С6Н4(ОН)2 хингидрон электроды зерттетелтін ерітінді бар түтікке батырылған платина сым болып табылады:
С6Н4О2 + 2Н+ + 2е- ––> С6Н4(ОН)2
Кең тараған индикаторлы электрод болып табылатын шыны электрод ион таңдамалы немесе мембраналы электродтарға жатады. Мұндай электродтардың жұмысы негізінде электролит ертінділерінің мембраналарының шегінде өтетін ионалмастырғыш реакциялар жатады; ионтаңдамалы электродтар катион бойынша да, анион бойынша да қайтымды болуы мүмкін. Көбіне жұқа қабырғалы шармен аяқталатын, түтік түріндегі шыны электрод қолданылады.