1. «Электролиттік диссоциация теориясы» тақырыбына қандай пәнді кіріктірген тиімді және оның жолдарын атаңыз



бет34/37
Дата17.01.2023
өлшемі2,87 Mb.
#61620
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
экзамен кіріктіру (жауаптарымен) (копия)

Осы екі процесс тіршілікті қамтамасыз етеді. Геологиялық айналыммен салыстырғанда биологиялық айналым энергияның аз мөлшерімен сипатталады. Жер бетіне түсетін сәулелену энергиясының тек қана 1%-ы ғана органикалық заттардың пайда болуына жұмсалады. Тіршілік болу үшін химиялық элементтердің тұрақты түрде қоршаған ортадан тірі организмдерге ауысуы және, керісінше, бір организмдердің протоплазмасынан басқа организмдер үшін жеткілікті формаға дейін ауысу процесі жүру керек. Негізгі айналымдарға көміртегі, оттегі, азот, фосфор, күкірт және биогенді элементтер катиондарының айналымдары жатады.


Билет №22



1. Жаратылыстану пәндерін оқыту процесінде орта білімді экологияландырудың бағыттарын атап, алғышарттарын схемалық түрде бейнелеңіз.
Бүгінде тек тəуелсіз Қазақстанда ғана емес, бүкіл əлем алдында экологиялық апат тұр. Адам ақыл ойының нəтижесі алып ракеталар, атом станциялары, зауыттар мен фабрикалар, кейбір ғажайып көлік түрлері ғылыми прогресс жетістіктері өмірімізді байыта түсумен қатар, қауіп-қатер туғызуда. Табиғат тепе-теңдігін қалпына келтіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, табиғат қазынасының, оның ішінде адамның өзін сақтап қалу проблемасы əрбір адамнан экологиялық сауаттылықты талап етеді. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім беру — мектептің басты міндеті. Дүниежүзілік тəжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесіндегі 1999 жылы экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды. Оның негізгі мақсаты — көпшілікке жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім мен тəрбие беру. Ол мынадай оқу жүйесінен тұрады:

  • мектепке дейінгі мекемелерге экологиялық тəрбие беру;

  • мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тəрбие беру;

  • арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білім беру;

  • көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.

Осыған орай біз орта мектеп химия курсында химия пəнін оқыту үрдісінде экологиялық білім беру əдістемесін жасауды мақсат етіп қойдық. Экологиялық тəрбиенің мақсаты жас жеткіншектердің экологиялық көзқарасын, санасын жəне табиғатқа үлкен парасаттылық пен жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру. Бүгінде балалармен олардың жас, əлеуметтік, психологиялық ерекшеліктеріне, əсіресе əрбір баланың жеке өзгешелігіне назар аудармай жұмыс істеудің мүмкін емес екендігін тəжірибе көрсетіп отыр. Cондықтан біз алдымызға мынадай міндеттерді қойдық:

  • мектеп химия курсында экологиялық білім берудің теориялық негіздерін саралау;

  • мектеп химия курсында экологиялық білім берудің əдістемелік аспектілерін саралау;

  • химиялық білімдерді меңгеруге көмектесетін экологиялық мазмұнның əсерін нақты көрсететін химия курсының тақырыптарын таңдау;

  • орта мектеп химияны оқыту кезіндегі оқушылардың экологиялық білімдерінің күйін анықтау үшін нақты зерттеу жүргізу;

  • «экологиялық мəдениет» ұғымының мəнін, құрылымын, қызметін педагогикалық, психологиялық тұрғыда ашып көрсету;

  • оқушылардың экологиялық мəдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау;

  • оқушылардың экологиялық мəдениетін қалыптастыруды жүзеге асыратын ғылыми- əдістемелік нұсқау дайындау;

  • таңдалған тақырыптар бойынша химияны оқуға ынталандыруды жəне химиялық білімдерді меңгеруді күшейтуге экологиялық компоненттердің əсерін зерттеу мақсатында педагогикалық зерттеу жүргізу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет