1. «Азот және оның қосылыстары» тақырыбындағытабиғаттағы айналымды түсіндіргенде қандай пәнмен байланыстырған тиімді? Жаратылыстану , биология.
Өсімідктер азотты тікелей ауадан сіңіруге қабілетті емес. Оның құрамында азот бар қосылыстарды - топырақтан нитраттарды сіңіре алады. Сондықтан азот айналымының маңызды міндеті - оның атмосферадан газтәрізді күйден N2 өсімдіктерге сіңімді топырақ қосылыстарының құрамына айналуы болып табылады. Азотты бекітудің екі типі бар:
Атмосфералық бекіту - найзағай болғанда көбінесе азот оксиді: N2 — NO2түзіледі. Ол кейін тотығып, сумен әрекеттескен кезде топыраққа түзетін азот қышқылын HNO3, кейіндеу нитраттар түзеді.
Биологиялық бекіту - ағзалардың негізгі екі тобы: бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырларымен селбесіп тіршілік ететін түйнек бактериялары және фотосинтездеуші цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) арқылы жүзеге асырылады. Олар да ауа құрамындағы азотты аммиакқа NH3 айналдырады. Ағзалардың бұл екі тобы атмосфера құрамындағы азотты сіңіру қабілеті бар бірден-бір ағзалар басты рөл атқарады. Мысалы, бұршақ тұқымдас өсімдіктер әртүрлі бактериялармен селбесіп тіршілік етіп, көктем-аз маусымдарында 1 га2жерде топырақта 150-400 килограмға дейін азотты заттар түзуге қабілетті.
2. Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластану көздерін жүйелеңіз Ауыр металдармен ластану – жер бетінде қорғасын, сынап, кадмий, т.б. ауыр металдардың жергілікті, аймақтық және ғаламдық жиналу процесі. Ортаға металдардың ену жолдары әр түрлі (металл бөлшектерді жоңқалау, коррозия, іштен жанатын қозғалтқыштардың, жылу энергетикасы қондырғыларының, т.б. шығарындылары); олар, негізінен, терең жер қабатынан алынуы және жер бетінде таралуы арқылы жиналады. Бұл орайда антропогендік химиялық реакция нәтижесінде табиғи қосылыстардан металдардың босауының үлесі шамалы.
Ғылыми-техникалық прогресс қоршаған ортаның көптеген мөлшерде зиянды заттармен ластанып, қалыптасқан табиғи тепе-теңдіктің бұзылуымен қатар жүруде. Республиканың көптеген аймақтары газ, сұйық және қатты күйдегі өндіріс қалдықтарымен, сульфаттармен және ауыр металдармен ластануда. Қоршаған ортаның зиянды заттармен ластану деңгейі жоғары болуына байланысты олардың жануарлар ағзасына түсуіне, тигізетін зияны мен биологиялық рөлін зерттеуге ерекше көңіл бөлініп отыр. Өндіріс ошақтары орналасқан аудандардың атмосферасына көп мөлшерде әр түрлі химиялық қосылыстар, ауыр металдар түсуде. Ауыр металдардың 80% микро-элементтердің қатарына жатады. Микроэлементтердің ауыз су мен тағам өнімдерінде жетіспеуі зат алмасудың бұзылуына, нәтижесінде эндемиялық аурулардың дамуына әкеліп соқтырды. Ал, ауыр металдардың өсімдіктер мен жануарларда артық мөлшерде жинақталуы олардың ағзасында жүретін тіршілік үшін маңызды процестерге қауіп төндіреді. Бұл, ауыр металдардың суда, топырақта қалыпты мөлшерде болу қажеттілігін талап етеді. Себебі, трофикалық тізбек арқылы таралып, биотаға және адам ағзасына түседі де, оларға кері әсер етеді. Өндіріс қалдықтарының қоршаған орта нысандарына түсуін, жинақталуы мен миграциясы, заңдылықтарын зерттеу олардың әсерін дұрыс бағалауға мүмкіндік береді